Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

22.05.12 01:14Жиренше шешен
http://electro-manual.ru/ Бытовая техника — техника, используемая в быту. Предназначается ради облегчения домашних...
21.05.12 17:24Жиренше шешен
buy keflex - keflex buy online , http://www.formspring.me/ScottieWestland/q/322127389251351256#810 keflex buy online
21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Жәнібек хан

Байтоқанова Алтынай

Тоқтар Әубәкіров

Сәбира Майқанова

Сара  Тыныштығұлова

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Нұрпейісова Дина

Кенесары Қасымұлы

Мұсаходжаева Айман

Мұсаходжаева Айман

Мелдешов Абдулла

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Бағланова Роза

ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ

Байтоқанова Алтынай

Тоныкөк (Тоңұқық)

Тоныкөк (Тоңұқық)

Тоныкөк (Тоңұқық) (646-741 ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпа сынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.

Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ-даңқын қалдырып; ақыл-парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел-жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.

Сол тас жазуда: "Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) еліңде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді" деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.

Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық-зорлығының бәрін көріп-біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли-иуән тайпасының басшысы Құтылығпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты 'Ел төресі" деген атпен қаған етіп сайлайды.

Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі "жабайыны жабайының қолымен құрту" саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас-талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: "Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір-бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз" дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түрк туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: "Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей-ақ келтірдім-ау" деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.

Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: "Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр" дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызған-шақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру-тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстіңде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарылығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады.

Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы Могилиәнді қаған тағына отырғызады.

"Білге қаған" деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөкті ордаға қайта алдырып, бас уәзірі етеді. Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: "Түрк Білге қаған түрксыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар" деп, оған үлкен сенім артады.

Түрк жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері - Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.

"Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен - Білге Тоныкөкпін" дейді дана қарт.

Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында Білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл-кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы - Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасыңда болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден кәртайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.

Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: