Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 17:24Жиренше шешен
buy keflex - keflex buy online , http://www.formspring.me/ScottieWestland/q/322127389251351256#810 keflex buy online
21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Молдағалиев Тұманбай

Қалихан Ысқақ

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Қалихан Ысқақ

Рымбаева Роза

Римова Бекен

Әжиев Үкі

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Байтоқанова Алтынай

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Байтоқанова Алтынай

Молдашев Алтынбек Бәкірұлы

Молдашев Алтынбек Бәкірұлы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі Молдашев Алтынбек Бәкірұлы 1948 жылы 10-қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзын-Ағаш темір жол стансасының аумағында (қазір Қазбек би стансиясы) «Ленин көпірі» ауылында Ленин атындағы ұжымшардың ветеринарлық фельдшер отбасында дүниеге келді.

Мектеп және онан кейінгі жылдардағы оның жастық шағы Алматы қаласында өтті. Осы қалада орта мектеп бітірді (1966), Қазақ ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып бітірді (1973).

Алтынбек Бәкірұлының барлық еңбек қызметі Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ-мен байланысты. Осы Институтқа ол 1969 ж. аға лаборант ретінде жұмысқа түсті. Кейін осы институт Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ (1990) және Қазақ АӨК экономикасы және аулдық аумақтарды дамыту ҒЗИ (2002) болып қайта өзгертілді.

А.Б. Молдашев экономист ретінде қатынасқан ғылыми зерттеулердің бірінші бағыты «Кеңшарлар мен ұжымшарларды өндірістік типтері бойынша мамандандырылуын экономикалық негіздеу» тақырыбы болды (1969-1970 жж.). Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық дамыту проблемаларын елдің негізгі өңірлері бойынша типтік шешімдер алуға мүмкіндік берді, әрі қарай (1971-1975 жж.) Қазақстан аймақтары мен өңірлері шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру сұлбасын (схема) құрастыру жолына шықты. Осы тапсырмаларда, қатынасу, қарапайым техникалық қазметкер ретінде болса да, Алтынбек Бәкірұлына өзінің алуға ғылыми қызмет бағытын анықтап жол ашты. 1976 ж. ол осы институттың күндізгі аспирантурасына түсті, Ғ.А. Қалиевтің басшылығымен «Өндірісті интенсивтендіру жағдайында қой шаруашылықтарын мамандандыруды жетілдіру (Талдықорған облысы мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын бекітті. Жұмысын М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде 1982 ж. ойдағыдай қорғап шықты.

Мамандандыру, кооперация және агроөнеркәсіптік интеграцияны дамыту проблемалары А.Б. Молдашевтің одан кейінгі жылдардағы негізгі зерттеу объектісіне айналды:

- 1982-1984 жж. – ол «Қазақ ССР-інде өнеркәсіптік қой шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары, оңтайлы орналастыруды және аймақтық мамандандыруды дайындау және экономикалық негіздеу» тақырыбы бойынша жауапты орындаушыларының бірі болды;

- 1986-1970 жж. – «Ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату бойынша кәсіпорындарды дамыту мен орналастыруды экономикалық бағалау» тақырыбының жетекшісі және жауапты орындаушысы;

- 1991-1995 жж. – «Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату бойынша кәсіпорындарды дамыту және орналастыру бағытында ұсыныстар дайындау» тақырыбының жауапты орындаушысы;

- 1996-2000 жж. – «Ауылшаруашылық және қайта өңдеу кәсіпорындарын кооперациялауды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау»; «Агроөнеркәсіптік өндірісте өңірлік кооперацияланған жүйелерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау» - сатып алу-өткізу; ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату, материалдық техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша; «АӨК-індегі біріктірілген құрылымдарды қалыптастыру мен дамытудың ұйымдық-экономикалық механизмін дайындау» тақырыптарының ғылыми жетекшісі.

Көрсетілген зерттеу бағыттарымен қатар А.Б. Молдашевтің ғылыми еңбектері АӨК-індегі нарықтық қатынастарды дамыту, шаруашылық жүргізу формаларын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларына, АӨК мемлекеттік реттеу, жер қатынастары, ауылдық тауар өндірушілерін материалдық –техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, ауылдың әлеуметтік проблемалары және т.б. мәселелерге бағытталған.

Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Алтынбек Бәкірұлы әртүрлі жылдарда түрлі-түрлі лауазымдарда жұмыс істеді:

1982-1984 жж. – аға ғылыми қызметкер;

1984-1987жж. – бөлім меңгерушісі;

1987-1989 жж. – ғылыми хатшы;

1989-2002 жж. – институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары;

2002-2010 жж. – АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ директоры.

2000 ж. ол «Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан агроөнеркәсіп кешені интеграциясын дамыту» тақырыбына докторлық диссертация қорғады, ал 2002 ж. – профессор атағы берілді.

Алтынбек Бәкірұлының негізгі ғылыми қызметі ең алдымен институтың ғылыми зерттеулерінің орындалуына ғылыми-әдіснамалық басшылық жасауға бағытталған. Оның тікелей қатынасуымен және әдіснамалық басшылығымен мына төмендегі ғылыми бағыттар дайындалған:

- ұлттық азық-түлік рыногын дамыту стратегиясы, рынок субъектері арасындағы экономикалық қатынастар механизмін құру және оларды мемлекеттік реттеу;

- 2015 ж. дейінгі АӨК салаларын дамытудың болжамдық параметрлері анықталған;

- ауылшаруашылық құрылымдарының нарық жағдайында тиімді жұмыс жасауының ұйымдық-экономикалық үлгісі;

- сатып алу, ұқсату, өткізу және материалдық-техникалық қызмет көрсету кооперативтерін қалыптастыру және жұмыс жасау экономикалық механизмі;

- АӨК ауылшаруашылық, қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының өзара іс-әрекет формаларын дамыту бойынша ұсыныстар;

- Қазақстан АӨК-де аумақтық-салалық кластер қалыптастыру және жұмыс жасау механизмі;

- Қазақстан аграрлық секторын дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтандыру бойынша нормативтер;

- ауылдың және ауылдық аумақтардың әлеуметтік саласын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар.

40 жылдық ғылыми қызметінде Алтынбек Бәкірұлы АӨК өзекті проблемалары бойынша 80-нен аса ғылыми есеп берулер, 72 ұсыныстар дайындауға қатынасты.

Ол «Ауылшаруашылық серіктестіктер және олардың ассоциацияларды (одағы) туралы» Заң жобасын дайындаушылардың бірі, ҚР Үкіметіне «2000-2005 жж. аграрлық экономикалық саясаттың негізгі бағыттары» ұсынысын енгізуші, «Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу және ауылдық аумақтарды дамыту туралы» Заң жобасын жасаушылардың негізгі бастамашысы. Сондай-ақ АӨК-дегі экономикалық реформамен, ауылшаруашылық қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарын жекешелендірумен байланысты бірқатар қаулылардың жобасын жасауда да зор ынтагерлік танытты.

Алтынбек Бәкірұлы басқарған ғылыми зерттеулер нәтижелері республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде, сондай-ақ нақты шаруашылықтарда өндірістік сынақтардан өтті. Мысалы, тек 2006-2009 жж. институт тәжірибеде пайдалану үшін 20-дан аса ұсыныстар берді.

АӨК-нің экономикалық проблемалары бойынша А.Б. Молдашев 180 ғылыми еңбектер жариялады, соның ішінде 4 монографиясы бар. Оның ғылыми басшылығымен 17 кандидаттық, 3 докторлық диссертациялар қорғалды.

Институт директоры болып істеген кезеңде ол тың жерлерді игерудің 60-жылдығы медалімен (2005 ж.) марапатталды, академик А.И. Бараева атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері (2002 ж.) және ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2010 ж.) атағын алды.

Алтынбек Бәкірұлы қоғамдық жұмыстармен де белсенді түрде айналысады. Ол ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының толық мүшесі (академигі), осы ұйымның бас ғалым хатшысы, АӨК-нің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ жанындағы докторлық Кеңес тқрағасының орынбасары.

Молдашев А.Б. – белгілі ғалым аграрлық-экономист, ғылымды талантты ұйымдастырушы. Ол өз өмірін арнаған ғылымға мінсіз берілген.

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: