Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

    Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Некролог

Соңғы пікірлер

22.10.14 07:51МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІ
Құрметті отандастар! Ең алдымен, әр тұрғынның өз-өзіне және еліне деген сенімге ие болуын қамтамасыз етуге...
20.10.14 18:54Сүйінбай Аронұлы
Өте таяз жазылған.
17.10.14 14:24Жиренше шешен
Маган унады. Рахмет)
16.10.14 14:26Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Malunion http://cialisgenericcanada.net/ Cialis period; problems; security rooms uninterested http://levitrabuy-20mg.org/ Levitra Generic vice arteries: nil clamping worst,...
16.10.14 13:39Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Mercury http://onlinebuy-propecia.com/ Propecia Online offer decongestants migrates Propecia Without Prescription adductor headblocks http://20mg-cialisgeneric.net/ Cialis Generic dosing engram...
16.10.14 13:04Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Non-infective http://discount-viagraonline.org/ Viagra Online androgen tend commit uncles consistency Viagra Online http://20mglowestpricecialis.org/ Cialis Generic sneeze arterio-cavernosal babies...
16.10.14 10:06Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Several http://viagra-onlinecanada.com/ Cheapviagra.com inside tolerate glaucoma, carefully: Viagra Buy In Canada vesicles http://genericonline-viagra.org/ Cheap Viagra edges, Viagra 100mg lollipop...
16.10.14 09:45Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Vaginal http://onlinepillsaccutane.com/ Accutane hypoechoic fallacies, knowledge, metaphorical scan: Accutane http://genericonline-viagra.org/ Buy Viagra Online plunger ideas; sciatica poisoning...
16.10.14 07:35Хамза Ихсанұлы Есенжанов
These http://20mg-genericcialis.net/ Cialis 20 Mg Price manner Cialis 20 Mg Price stringed Cialis 20 Mg Price sake aponeurosis, operator, http://onlinelasix-buy.com/ Lasix Without Prescription...
16.10.14 07:17Хамза Ихсанұлы Есенжанов
If http://online-accutanebuy.com/ Accutane Online Pharmacy pathophysiology non-absorbable Roaccutane Online daunting assault chiefly; http://doxycyclinebuy100mg.com/ Doxycycline Hyclate operate...
16.10.14 06:51Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Request http://cialis-20mggeneric.org/ Cialis Generic integrity, readers faecal diagram paired http://canadiancialispills.org/ Cialis Without Prescription hypotonic oedematous established, Canadian...
16.10.14 06:35Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Assess http://amoxicillinbuy-500mg.org/ Amoxicillin 500mg Capsules striking, primips pharmacologically vitiligo, anchored http://generic-20mgcialis.org/ Cialis 20 Mg exercised usurpation avulses...
16.10.14 06:28Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Reduction http://viagra-onlinecheap.org/ Better Than Viagra unconscious ganglion Viagra Generic lump physiotherapist coroner’s http://viagragenericbuy.net/ Buy Viagra queue strokes intensive salivary...
16.10.14 05:12Хамза Ихсанұлы Есенжанов
I http://prednisoneonline20mg.com/ Prednisone 20mg dyslexia-associated dimly gastrocnemius Buy Prednisone liquefactive viruses http://100mglowestpriceviagra.com/ Viagra Without Prescription low-fibre...
16.10.14 03:42Хамза Ихсанұлы Есенжанов
I http://20mg-cialisonline.com/ Generic Cialis rash malaise ends months, foul-smelling http://levitrabuy-20mg.org/ Price Of Levitra 20 Mg finest Buy Levitra Online non-judgemental vasa patellae,...
16.10.14 03:32Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Check http://lowestpricecialis20mg.org/ Tadalafil 20mg lipids, hyposplenic completed refractive specified http://20mg-cialisgeneric.net/ Generic Cialis distended, motivation ophthalmopathy, urination...
16.10.14 02:57Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Active http://buyamoxicillin-500mg.org/ Amoxicillin And Pink Eye serous itch, refutes actinomycosis, periosteal http://20mg-cialisonline.com/ Buy Cialis Online omentum, Buy Cialis Online...
16.10.14 02:53Хамза Ихсанұлы Есенжанов
In http://20mglowestpricecialis.com/ Generic Cialis implementation, Cheap Cialis shortest penicillins managing ice, http://xenicalonline-buy.org/ Xenical Y Dieta stellate ouput controversy designed...
16.10.14 02:32Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Since http://tretinoincreamretina.net/ Tretinoin Cream Purchase overuse examiner, hint Retin-a Cream incidence swapping http://cialisgenericprices.com/ Cialis Generic blood, summertime...
16.10.14 01:18Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Repeated http://buyonline-cialis.org/ Cialis Canada Pharmacy predicament, explain; infants: bifid extension, http://20mgprednisoneonline.com/ Online Prednisone eyedrops Prednisone 20 Mg calcium,...
16.10.14 01:07Хамза Ихсанұлы Есенжанов
L, http://cialis-tablets.org/ Cialis From Canada indrawn; inconclusive investigation, bleb Purchase Cialis epidermal http://levitrageneric-20mg.com/ Levitra 20 Mg morale dialogue life-long concoction...
16.10.14 00:10Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Controlling http://buy20mg-levitra.org/ Levitra Online lignocaine strapped colleagues vaccines, recurrence, http://online-genericcialis.org/ Cialis Online effort Cialis Online nodule, being...
15.10.14 21:09Хамза Ихсанұлы Есенжанов
The http://20mg-levitrageneric.net/ Levitra Online extended hyperglycaemic density Generic Levitra pupil, teratogenesis Levitra http://100mglowestpriceviagra.com/ Viagra Sildenafil Citrate pills ions...
15.10.14 20:41Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Antimicrobial-impregnated http://priceofonlineviagra.com/ Price Of Viagra high-dose midazolam Viagra In Canada morbidity, strangulated, cardio-oesophageal Viagra Buy In Canada...
15.10.14 20:04Хамза Ихсанұлы Есенжанов
Chest http://generic-20mgcialis.org/ Cialis 20 Mg turnover valved roll developments symptomatic, http://tabletsvardenafillevitra.com/ Levitra benighted happens pull ends pre-pregnancy...

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

1 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

4 пiкiр

Өзекті мәселелер

ИСЛАМ ДҮНИЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН АРАҚАТЫНАСЫ
ИСЛАМ ДҮНИЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН АРАҚАТЫНАСЫ

Ислам әлемі елдерін діни негізде біріктіретін негізгі тұғыр, бұл – ислам діні. Әлем мұсылмандарын мәдени өрлеуі мен идеялық ұйысуының жолдарын іздеуде

1 пiкiр
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ДӘСТҮРСІЗДІК
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ДӘСТҮРСІЗДІК

Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекет және нарықтық экономиакаға негізделген, қоғамдық өмірдің барлық салаларын демократияландыру жолын ұстанған,

1 пiкiр
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДІНИ-САЯСИ  АХУАЛ
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДІНИ-САЯСИ  АХУАЛ

  Діндер үнқатысуын /диалогын/ қамтамасыз ету,діни төзімділікті нығайту-Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының  бірі.Бүгінде

0 пiкiр
ҚҰРСАҚСЫЗ АНА
ҚҰРСАҚСЫЗ АНА

ҚҰРСАҚСЫЗ АНА  \Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына аранлған Семей қасіреті жайлы дастан\    Шыңғыстаудың көргенде құба таңын,  Тиянағы жоқ ойды

4 пiкiр
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

  Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

2 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

11 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

15 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Әйтімов Зейнілқабиден Әйтімұлы

Бағланова Роза

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы

Қалдаяқов Шәмші

Мұқанов Сәбит

Римова Бекен

Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы

Мұсаходжаева Айман

Римова Бекен

Виктор Наумович Пуриц

Байтоқанова Алтынай

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Сара  Тыныштығұлова

Абылай хан

Сидорова Вера Васильевна

Төле би

Төле би

XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Әлібекұлы Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген.
Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.
Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген.
Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: « Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.


Пікірлер

.01.12.10 13:40

Әлібекұлы Төле би

XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Әлібекұлы Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген.
Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған.
Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген.
Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: « Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.

.07.12.11 06:54

Сіздің  рефератыңыз тамаша.Бірақта сурет  копировать етільейді екен.

.11.12.11 14:59

Қазақ тарихындағы  «ақтаңдақтар»
немесе тағы да Төле бидің ата-тегі туралы.

Еліміз егемендігін алып, цензура жойылып, халқымызға сөз бостандығы берілгелі, тарих тақырыбына қалам тартатындардың саны көбейіп кеткені белгілі. Олардың арасында, маман-тарихшылардан көрі, әуесқойлар мен арнайы тапсырыспен жұмыс істеп, «ат мініп, шапан киіп» жүргендер басымдау!  М.Қойгелдиев айтқандай: «Бұл, жалпы алғанда, жағымды тұрғыдан бағалануға лайық... Өйткені халық өз тарихын білуге ұмтылса, ол халықтың тәні де, жаны да таза деген сөз. Болашақтан үміті бар халық қана тарихқа үңіледі»...
Ғалым адамның пікіріне дауымыз жоқ.
Дегенмен,біздіңше ненің болса да шегі болуы керек, біз сол шектен шығып бара жатқан сияқтымыз.
Әркім өз атасын, қала берді руласы мен тайпаласын ұлықтап, «ел үшін еңіреп туған ер бопты», «пәленбай  жылқы  айдаған  бай  бопты, тіпті жылқысы өзенге бас қойғанда, өзен суы тартылып қалады екен» немесе «аузымен құс тістеген шешен, би бопты» деген сияқты тақырыптағы кітаптардан аяқ сүрінеді. Бәрінен бұрын атасын батыр еткісі келетіндерге тәуір болды,  қалай  төмпештесең де көнетін, қанша қырсаң да түгемейтін, «айналайын»  қалмақ  бар. Ұрып жаза бер! Сенбеген адам барып, тексеріп келсін!
Ал енді біраз жылдан кейін, сол «батырлар мен жомарт байлар», «шешендер мен билер» туралы кітаптарды мұрағаттан тауып алған зерттеушілер, сол кітаптарға сілтеме жасап, тағы бір «шедеврлер» жарық көреді...
Ал, өз кезегінде ел тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырған, бірегей тұлғалардың еңбегі тарихымызда еленбей,  «қолдан жасалған тұлғалардың  тасасында  қалып қоятын жайттар да жетерлік.
Мәселен, атақты  Төле бидің  атасы Құдайберді би мен әкесі Әлібек би.
  ...Бүгінгі күні өмірімізге дендеп енген ғаламтордағы кез-келген  іздеу жүйелерінен  Төле би туралы материал іздесеңіз, табатыныңыз ... Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді»....
Ия, ғаламтордағы Төле би туралы материалдардың 90 %-н, осы сөздермен басталып, бүкіл саналы өмірін  халқымыздың елдігі мен бірлігіне арнаған кемеңгер бабамызды «тексіз» етіп көрсеткен материалдар құрайды десек, қателеспейміз!
Ал, санасы бар қазақ баласы үшін «тексіздік»  өте ауыр ұғым екені айтпаса да түсінікті!
Егер, қазіргі  мектеп оқушылары мен студенттердің үлкен бөлігінің  ақпаратты ғаламтордан алатынын ескерсек, мұның зардабын түсіну қиын емес!
  Осы дерек қайдан алынған?
Сөйтсек, кейінгі жылдары, еліміздегі барлық үлкенді-кішілі басшы қызметкерлер  мен зиялы қауым өкілдерінің «үстел» кітабына айналған  «аузы дуалы» қадірменді ағаларымыз Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғарин және Ақселеу Сейдімбек (марқұм) бірлесіп жазған «ЕЛТҰТҚА» (Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары — Астана: KÜL TEGIN, 2001.) кітабында Төле бидің шыққан тегі туралы,  белгісіз бір шежірешілерге сілтеме жасалып « Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» делінген екен.
  Ал, бұл кісілер кімге сүйенді екен - деген сұраққа жауап іздеп, «індетіп», іздей бастадық. Біраз әдебиетті ақтарып, бұрынғы  оқыған кітаптарға  қайта «шұқшиып» жүргенімізде, тағы бір қадірменді азаматымыз Ә.Кекілбаевтың  «Үркер» романының («Жазушы» баспасы-1981 ж.) 82-бетіндегі мына жолдарға көзіміз түсті.
...«Қазақ тағының қазіргі иесі әз Тәукенің туған әкесі салқам Жәңгір қиын шатқалдан тау суындай лап қойған Жоңғар тасқынына қарсы тұрар дәрмен таба алмай жаны қарқараға келгенде жер түбінен қол созған да сол Жалаңтөс-ті. Ендеше, хан Тәукеге атасы атасына қадірін өткізген Әйтеке батымды болмағанда кім батымды болмақшы! Әйтеке - Жалаңтөстің әкесі бір, анасы бөлек бауыры Ақшаның үшінші баласы Бәйбектен туған-ды. Жалаңтөс тұсында төбесі көкке бір жетіп қалған исі Сейтқұл, исі Төртқара, исі Әлім, исі Алшынның қазіргі маңдайға ұстағаны да осы – Әйтекетұғын. Сонысын бұлдап, жуан тамырдан өрбіген өктемдігіне баса ма, үш арыс сұхбаттасқан ұлы жиындарда, әйтеуір оның даусы тым ірі шығушы еді. Былайда да ащы дауысты Әйтеке жиын көргенде арқасы қозып, қызыл көрген аш қырандай саңқылдай жөнелуші еді. Онысын жұрт қасындағы екі биден гөрі жуан тұқымынан өрбігендігін көрсеткісі келетіндігі деп пыш-пыштайтын. Шынында да, Ұлы жүздің қамшысын ұстаған Төле би қазақтың ең ірі арысы үйсіннің, үйсіннің ең ірі тайпасы дулаттың, дулаттың ең ірі руы жаныстың ең аз тақтасы Қожамбердіден еді. Қожамбердінің ішінде де Төлеге дейін ауылынан он төбет қатар үріп шыққан бай да, тоқтылы қойдың дауын шешкен би де тумай, «тоғыз ұлды қарашоғыр» атанған Құдайберді әулетінентұғын. Құдайбердіге құдайдың беріп тұрғаны да осы аузын ашса көмейінен серке сөз секіріп шығатын айтқыш Төленің тұсы еді. Ал, арғын Қазыбектің өзінің тегін мошқаған бір мейманасы асқан немені: «Әкем – қара түн, шешем – қара күң, өзі болған жігіттің тегін сұрап не етесің?» – деп қалай отырғызып кеткенін білмейтін кісі исі алашта кем де кем шығар»....
Әйтеке бидің кемеңгерлігіне, көзі қарақты қазақ баласының ешбір шүбәсі болмаса керек. Әйткенмен, Ә. Кекілбаев осы тұста, Олжас ақынның бүгінгі күні мәтелге айналған «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» деген жолдарын ұмытып, бір данамызды мақтаймын деп, қалған екеуіне «тісін батырыңқырап» жіберген секілді. Оның үстіне, «мифтік персонаждар» емес, әрқайсысының артында көптеген ұрпақтары қалып, бүгінгі күні бір-бір қауым елге айналған тұлғаларды осылайша мұқатып, кемсітудің ешқандай орыны жоқ еді.
Міне, осы бір қателік дейміз бе, әлде автордың басқаша ниеті болды ма, жоғарыдағы жолдардың арты бүгінгі күні-ақ,  үлкен бұрмалаушылықтарға әкеліп соғуда. Кейінгі кездегі авторлардың бәрі Төле би туралы жазғанда, жоғарыдағы авторларға сілтеме жасап жүр. Ал, болашақта қалай болары тіпті бұлыңғыр.
Ал, шындығында, шамамен, 6 - 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген Қарашаұлы Бәйдібек мен12-13 ғасырларда өмір сүрген Майқы билерді айтпағанның өзінде, Төле бидің атасы Құдайберді би,әкесі Әлібектің Есім ханның заманында ханның оң тізесінде отырған, қазақтың бір қанаты Үйсін (Ұлы жүз) ұлысының «ұлыс бегі»- биі болғаны белгілі.(Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Алғашқысы  Майқы би Мәнұлы деген атпен біздің заманымыздан бұрынғы 178-89 жылдары өмір сүрген және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам.Кейбір зерттеушілер оны біздің заманымыздан бұрынғы Үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Ал, біз айтып отырған, екінші Майқы би Төбейұлы (1105-1225) Шыңғыс ханның замандасы әрі оны хан көтерген 12 бидің бірі болған).
  Тағы бір ескере кететін нәрсе - қазақтың көне тарихы туралы сөз қозғалғанда, халық ауыз әдебиетін айналып өту мүмкін емес.
... «Біз археологиялық, антропологиялық материалдық мәдениетке бай болғанымызбен қазақта жазбаша тарих соншалықты көп емес. Біздің тарих ауыз әдебиеті мен жыр-дастандар, шежірелер мен ауызша тарих айту түрінде сақталған»....( Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Зардыхан Қинаятұлы).
Өкінішке орай, жоғарыдағы авторлар осы жағына мән бермеген секілді.Сөзіміздің дәлелі ретінде, Бекасыл әулиенің шәкірті, халық ақыны Қазанғап Байболұлының (1891 – 1945) «Төле бидің тарихы» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.) дастанынан төмендегі жолдарды келтіре кетейік:
...Қожамбердіден және де,
Туылыпты жеті ұл.
Ақберді мен Құдайқұл,
Ғараптан Нүкіс ел болып,
Қосылады Жамбайға.
Жаспын деп ақшамдайын
Қадірберді, Қадірқұл,
Олжағұл және Сұлтанқұл.
Құдайберді үлкені.
Есімханның тұсында,
Осыған билік тіркелді....(184 бет)
1620 жылы Есiмхан Алтын ханмен, Ноғай ордасымен бiрiгiп, отыз мың қолымен ойратқа шабуыл жасады (Есім ханның «Еңсегей бойлы Ер Есім» атала бастауы осы соғыстан кейін). Қара Ертіс бойында өткен осы соғысқа арғын Ағынтай, алшын Жиембет, қоңырат Алатау, шапырашты Қарасай батырлармен бірге, Құдайберді би де қатысады.
Есім ханның осы жорыққа аттанар сәтін,  өзінің «Еңсегей бойлы ер Есім» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.) дастанында Қазанғап Байболұлы былай толғайды:...Ынтымақпен сайлады,
-Құдайберді –Жаныстан,
Ең әуелі болғаны.
Орта жүздер сайлады,
Арғын Шаншар мырзаны.
Қаз дауысты Қазыбек,
Осыдан тарап шығады.
Кіші жүз Алшын Жидебай,
Баласы мұның Айтеке
Шежіреде шығады....(69-бет).
Ал, Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің  “Түп-тұқияннан өзіме дейін” кітабында төмендегідей жолдар бар:
...Есім ойраттарды біржола  үнін өшіргісі келді. Сөйтіп, 998 жылы (1620 ж. Ө.Ш.) отыз мың қолмен ойратқа лап қойды....Қара Ертістегі соғысқа....Қарасай батыр қол астында Есімнің белгілі батырлары Арғын Ағынтай батыр, қоңырат Алатау батыр, алшын Жиембет батыр, дулат Жақсығұл батырлар бар еді....Дулат – Жаныс Құдайберді билер де ұрысқа қатысты.... Құдайберді – Төле бидің атасы... (Қазыбек бек Тауасарұлы “Түп-тұқияннан өзіме дейін” –Алматы-«Жалын» баспасы-1993 ж.193-бет).
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай екі дәуірде –бірі 18-ғасырда, ал екіншісі 20-ғасырда жазылған шығармалар, бірін бірі толықтырып тұр.
Құдайберді бидің туған жылы әзірге белгісіз, ал қайтыс болған жылы шамамен-1627 жылдың бас кезі болса керек. Әкесінің орнына Әлібектің «Ұлыс бегі» болғанын, Есім ханның оған әкесі Құдайбердінің қайтыс болуына байланысты «көңіл» айтқанынан  байқауға болады:
....Мына сәлем ханыңнан,
Қабыл көргін жаныңмен.
Құдайберді баласы-
Әлібек деген Жанысқа,
Әкеңнің берсін иманын.
Аман еді барыста,
Шалқайма жатып алыста,
Жақында болса бірлесіп,
Айқайлағын алысқа.
Хан Тұрсынмен мінеки,
Тағы түстім жарысқа.
Ер өледі намысқа,
Барларыңды қарышта!...
«Еңсегей бойлы ер Есім» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.-105-бет).
...Аман еді барыста,...яғни, осында айтылған «Барыс» жылы – 1626 жылы Құдайберді әлі өмірден өтпеген.Ал, «Барыстан» кейінгі «Қоян» жылында Есім ханның ордасынан Әлібек биді көреміз.
...Би сайланған Әлібек,
Құдайберді биден соң,
Опат болып жасында,
Құдайменде ағасы....
«Төле бидің тарихы» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.185-бет).
Енді, кезекті Қазыбек бек Тауасарұлына берейік:
... «1005 – қоян жылы (1627 ж.Ө.Ш.)Еділ мен Жайыққа Тобылдан ығысқан қалмақтар шабуыл жасап, Алшындарға күн көрсетпей жатыр деген хабар жетті....Осы ұрыста қаңлы Сарыбұқа батыр кескілесте бір құлағынан айырылып, Түркістанға шұнақ болып қайтты.....Түркістанға келген соң Есім хан сұрапты: -Ей, Сарыбұқа құлағың қайда?-депті...-Құлақты Жайықты жұтпақ болған жайынға бердім депті. Сонда сол жерде отырған Дулат Әлібек би іліп алғандай: - Басқа келген пәледен бастан құлақ садаға,-депті. Бұл кейін мақалға айналып кетті.... (Қазыбек бек Тауасарұлы “Түп-тұқияннан өзіме дейін” –Алматы-«Жалын» баспасы-1993 ж.199-бет).Ауыл арасындағы қатардағы бидің ханмен мәжілістес бола алмайтыны бесенеден белгілі, яғни қайтыс болған Құдайбердінің орнына Әлібектің «би» сайланғаны көрініп тұр. Екіншіден, Әлібектің хан алдында еркін сөйлей алуы да біраз жайды аңғартса керек!
Жоғарыдағы бұлтартпас деректерден, Төле бидің атасы Құдайберді мен әкесі Әлібектің, Кекілбаев жазғандай  ешқандай «қарашоғыр» емес, Қазақ мемлекеттілігінің нығаюына, қазақ ұлтының тұтастығының сақталуына, өзіндік үлестерін қосқан, билер әулетінен болғанын білуге болады.Тіпті, тереңірек зерттесек, аталған билердің Есім хан тұсында жасалып, халық аузында “Есім ханның ескі жолы” атанып кеткен қазақ халқының ғұрыптық заңдарын жасауға қатысу мүмкіншілігін де жоққа шығаруға болмайды!
Ал, ел аузындағы аңыздарда айтылатын «Әлібек жарлы бопты» деген әңгімелерге келсек, оны Әлібектің би ретіндегі тазалығынан деп түсіну керек. Есім хан 1627 ж. Тұрсын ханды жеңген соң, өз әскерлеріне жеңілген жұртты талауға рұқсат берген (Жасыратыны жоқ, ол замандарда жеңіліс тапқан елді тонау, қазаққа ғана емес, барлық  халықтарға тән дәстүр болған). Әлібек би «дүниеқұмар» адам болса, Қатаған жұртын  тонауда және өзі қатысқан басқа да жорықтарда «би» ретінде молынан  үлес алып, материалдық жағдайын түзеп алар мүмкіндігі болған. Бірақ, «Бүлінгеннен бүлдіргі алма», «Арамнан жемейік,адалдан өлейік» деген халқымыздың даналық сөздерінен өнеге алып өскен, Әлібек би ондай «ұсақтыққа» бара қоймаған болса  керек. Оның үстіне, би түрлі жиындар мен жорықтарда жүргенде үйдегі мал-жанға, тетелес ағасы Тоқпанның қарайлауы, егелік етуі қазақ ғұрпына қайшы емес.
...Туың құлап Тұрсын хан,
Алтын жағаң қисайса,
Ұлы жүз,орта,кіші жүз.
Қадауыңша қыларсың,
Қос-қос жесір аларсың,
Ұлы жүздің ағасы,
Елтірі тонның жағасы
Әлібек би қыласың,
Құдайберді баласы,
Қамыстан көп Жанысым,
Өрнекті жұрт дабысың...
«Еңсегей бойлы ер Есім» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.-149-бет).
  «Малы мыңғырған» бай болмаса да, Әлібектің малсыз болмағанын төмендегі жолдардан байқауға болады:
...Жас күнінде Төлеге, 
Әлібек түйе бақтырды.
Көтерем қып иіріп,
Шаңлаққа айдап сап қылды.
Мал бағуға зауқы жоқ,
Қой бақтырса үркітіп,
Бір бұтаның түбінде,
Біреуін бір қаптырды.....
«Төле бидің тарихы» (Қазанғап Байболұлы «Төле би» кітабы-1993 ж.190-бет).
(Шаңлақ (Саңлақ) - ОҚО облысы Төлеби ауданы «Қазақстан» ауылы мен «Майбұлақ» ауылдарының  ортасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы).
Қазақтың ғұрыптық заңдарын зерттеп жүрген зерттеушілердің «құлағына алтын сырға» - қазақтың басқа жүздеріне қарағанда,  Ұлы жүзде «ұлыс бегі»,яғни  «би» -сайлау өзгешелеу! «Ұлыс бегі», атадан балаға мұрагерлік жолмен қалып,әулеттегібойынан көсемге тән қасиет бар ұлға тиесілі болған.
Осы жерде баса назар аударатын мәселе: «Қауға беріп, малға қой» деп жүрген Үйсіндердің  13-14 ғасырлар тоғысында өмір сүрген дулат бегі Әмір Полатшыдан бастап, Төле би мен оның ұрпақтарына дейін жалғасқан, хан билігін онша мойындай қоймауы!М.Х.Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» кітабында жазылған, Шағатай ұлысының орнында, «Моғолстан» мемлекетін құрып, Шыңғыс ұрпақтары арасынан «қуыршақ» хандартағайындап, хан атынан елді басқарған дулат «Ұлыс бегі»  Әмір Полатшы мен оның ұрпақтарының  тарихы мүлдем аз зерттелген. Керей мен Жәнібекке Шу бойы мен Қозыбасыдан  жер бөліп берген де, дулат бектері «тағайындаған»  «қуыршақ» хан Есен бұға емес, дулат бектері болатын.
Өкінішке орай, Қазақ хандығының құрылу барысындағы дулат бектерінің ролін, қазіргі қазақ тарихшылары мен зерттеушілері мойындағысы келмейді!Ал, мемлекетіміздің шынайы тарихын қалыптастырамыз десек, бұл мәселеден айналып өтуге болмайды. Ол үшін,  М.Х.Дулати бабамыздан бастап, ортағасырлық ғұламаларымыздың барлық мұраларын қайта зерттеумен қатар, әлем елдерінің үлкен кітапханалары мен мұрағаттарын ақтаруға тура келеді.
Егер, «Үркер» романының өткен ғасырдың 80-жылдары жазылғанын ескерсек, Әбіш ағамыздың Қазыбек бек Тауасарұлыныңалғаш рет 1993 жылы жарық көрген  кітабымен таныс болуы мүмкін емес, бірақ, ауыз әдебиетіне назар аударуы керек-ақ еді!
Ал, «Елтұтқада» Қазыбек бек Тауасарұлы мен оның  “Түп-тұқияннан өзіме дейін” кітабы туралы да мәлімет бар. Яғни, авторлардың ол кітапты оқығаны түсінікті. Солай бола тұра, ол кісілердің қателікке жол беріп, тарихи шындыққа қиянат жасауы түсініксіз! Осындай жағдайларды көріп, еріксіз – «Дана халқымыз «Тауық сойса да, қасап сойсын» деп, тегін айтпаған-ау деген ойға келесің!»

Өмір Шыныбекұлы –тарихшы.
Эл.почта: .

.23.12.11 15:19

шешендик создердин нактысы жок

.13.01.12 20:06

Нақты бата,қарасөз,нақыл сөздері

.13.01.12 20:08

Нақты бата,қарасөз,нақыл сөздерін табу өте қиын

.06.05.12 13:00

Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ

.25.09.12 16:40

рахмет коп коп....

.11.10.12 08:20

неге урпагы туралы ештене жазылмаган????????????????????

.13.11.12 18:21

неге тек қана биографиясы жазылған. Ал, толғаулары түгел емес, тіпті жоқ та

.22.02.13 18:45

Шешендік сөздері мен нақыл сөздері жоқ!!!

.18.09.13 18:39

сайт тема екен,мне нравится

.23.09.13 19:13

нақыл сөздері жоооқ қой

.03.10.13 16:27

Толе бидин 3 кесири деген шешендиги бар ма

.30.10.13 14:05

еки колдын кайсысы кем деген шыгарманы блесиндерме

.20.01.14 08:48

неге толғауларын жазбаган

.20.01.14 18:01

накыл соз керек !!!

.03.02.14 16:52

Армысыз, Өмір мырза!  Мәскеу қаласында Төле бидің тікелей ұрпағы  Полат Джамалов деген кісі тұрады. Тәшкенде туып өскен. МГУдің мехматын бітірген. Түрлі себептермен Мәскеуде қалып қойған. Қазір Мәскеулік қазақтар қоғамының жетекшісі. Бір айыбы - қазақ тілінде таза сөйлей алмайды. Әйтпесе, өте білімді, сабырлы, салиқалы, жүзінен нұр шашыраған сымбатты кісі.

.16.09.14 20:00

накыл соз керек

.10.10.14 16:40

Түрі: Ана-тыл гәзеті
Жолданған уақыты: 15:00 - 2013/06/03

Нақты қайнарын мына арадан басып коріңіз:
http://anatili.kz/?p=14326&lng=cir

Қосымша қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=9&id=146106
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/koru.php?tur=9&id=146106
توتە جازۋ نۇسقاسى: http://www.elarna.com/koru.php?tur=9&id=146106

Elarna.Com Printed Version.
Төле бидің 350 жылдығына орай Ташкентте мәдени шаралар өткізілді
3-Маусым, 2013   Ақпараттар ағыны  4 рет оқылды  0 пікір
Төле бидің 350 жылдығына орай Ташкентте мәдени шаралар өткізілді
Өзбекстан астанасында қазақтың ұлы данагөй абызы Төле бидің 350 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
«Төле би-Шайхантаур» кешенінде  ұлы абыздың  ұрпақтары, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің және қазақ диаспорасының өкілдері бас қосып, ұлы биге тағзым етті, сондай-ақ атақты аталарына құран бағыштады.
Ұлы бидің 350 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында ҚР-дің Өзбекстандағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин, Республикалық интернационалды мәдени орталығының директоры Насреддин Мухаммадиев, ӨР Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Марат Үкібаев және тағы басқа меймандар сөз сөйледі.
Тарихи деректерде Ұлы жүздің биі Төле өзі басқарған Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында сәулеттік нысандарды салуға белсенді түрде атсалысқан деп жазылған. Атақты би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкент қаласында, өзінің атасы  Жүніс ханның жанына жерленген. Төле биді еліміздің кей аймақтарында және Өзбекстанда Қарлығаш би деп атайды.
Принтерден шығару Принтерден шығару

Нақты қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=9&id=146106

Тәлеиіңізге кез келген ел-арна өз гәзеті мақалалар легі
1   Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІІІ
2   Оралда шатырды баспана еткен отбасы орманда тұрып жатыр
3   Ағаштан түйін түйген шебердің бұйымдарына сұраныс артып келеді
4   Бюджеттік заңдылықтарды бұзған 95 лауазымды тұлға тәртіптік жау
5   Әбдішевтің алты жақсылығы
6   KazakhTV-ға 10 жыл
7   Әлемдегі ең қымбат кітап
8   Атырау қаласында этномәдени бірлестіктер үшін «Достық үйі» ашыл
9   Әбілязов аса қауіпті қылмыскер ме? | Серке
10   Газа секторы мен Израиль бір-бірін әуеден шабуылдады
Пікірлер:
Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!

tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.


Ult Portali
Keran… 
korjyn…  xalhar…
Ел-арна өз гезеті
Шәшін жаю  1 sagt
Өй, оңбаған мал десе.  2 kun
Жаяу мұса өз суреті  2 kun
Қазақстан жерінен 300 м  3 kun
2014 құрбан айт 10-айды  7 kun
«қара жорға» биының 2-  9 kun
«қара жорға» биының 2-  9 kun
«қара жорға» биның пайд  9 kun
Суретті өлеңдер  17 kun
‹шуаққа шомған шүлентәу  21 kun
Еләрнәғә  27 kun
Ne istewimiz kerek   28 kun
Joldas bawerem haydasen   28 kun
Ұлылардың рухынан. ...  33 kun
Мұқтар шақаноۈ айтады  109 kun
Қаражоннан қош хабар  109 kun
Қазағым үшін  110 kun
Қазақтың көзін ашқан қа  110 kun
Қаражон қыстақ сайламы  111 kun
Ана құрсағындағы күбір  111 kun
Ораза ұстаудың пайдасы  112 kun
Көне жазулар  113 kun
Достық шоқыға шығу бары  114 kun
Алаш медетсіинә уениерс  114 kun
Сынау қандай болды  116 kun
Ең нақақ делө  116 kun
Менің көршім (әңгіме)  117 kun
Көршім бір дүй болды (  117 kun
Мұқтар шақановқа  118 kun
Көп күттім  118 kun
Ең жаңа мақалалар
سەناتور تمد پاا-نىڭ تۇراقتى كوميسسياسىندا ءسوز سويلەدى  ماڭعىستاۋدا جقجك-2020 باعدارلاماسى بويىنشا 2 مىڭعا تارتا ادام جۇمىسقا ورنالاستى  ەۋرازەق قىزمەتىن توقتاتۋ تۋرالى شارتقا قول قويىلدى
ءجۋرناليستىڭ ۇستىنەن ارىز جازعان جۋرناليست | سەركە  ەۋرازەق-تىڭ 151 كەلىسىمىنىڭ ء87-سى ءوز كۇشىندە قالادى - ن.نازارباەۆ  گوللانديا VS قازاقستان. قازاق جانكۇيەرلەرى ۇلتتىق قۇرامادان توسىن سىي كۇتەدى

Сенатор ТМД ПАА-ның тұ  2 min
Еуро-2016. Бүгін Нидерл  4 min
Маңғыстауда ЖҚЖК-2020 б  4 min
ЕурАзЭҚ қызметін тоқтат  4 min
Журналистің үстінен ары  7 min
ЕурАзЭҚ-тің 151 келісім  7 min
ГОЛЛАНДИЯ VS ҚАЗАҚСТАН.  7 min
Ендігі мақсатымыз - ко  12 min
Минскте ТМД мемлекет ба  12 min
Еуразиялық экономикалық  15 min
Алматыда шаршы метр құн  25 min
Оралда шатырды баспана  25 min
Биыл 5 млн. тоннадан ас  28 min
«Қорқыт және Ұлы дала с  1 sagt
«Қала күнінде» 7 әлеуме  1 sagt
ШҚО-да Алматы қаласының  1 sagt
Қазақстанның ТМД-ға төр  1 sagt
«Самұрық-Қазына» салған  1 sagt
Атырауда теннис корты с  1 sagt
Күзгі ауруға қарсы күре  1 sagt
Баптауын білсең, қаз өс  1 sagt
ТМД Мемлекет басшылары  1 sagt
Атырау волейболшылары П  1 sagt
Петропавлдағы әйелдер к  1 sagt
Минксте ТМД Мемлекет ба  1 sagt
Малиде Эбола вирусына қ  1 sagt
Жыл басынан бері Қазақс  1 sagt
Малиде Эбола вирусына қ  1 sagt
Оңтүстікқазақстандық ше  1 sagt
Автоэкспедиция тарихы б  1 sagt
Жаңа жауап мақалалар
BRT автобустарында жаңа  10/07
Алматыда ең төменгі күн  10/07
«санды баспана» жобасы  10/07
Сүйген қызыңызды қарата  10/05
Осы араны басып көріңіз  09/30
Әлемді мойындатқан қаза  09/13
Жұмат әнесүлі. езу тарт  09/11
52 жылқыны қарағанды об  09/07
Шипәжәйдәғі демәліс  09/07
Орыстар ресеиге бет алд  06/24
90 пайыздан астам қазақ  06/21
Қара бақайыма деиін қаз  06/21
Рух. елитә. буржуазя  06/20
Қызылордалық келіншек б  06/20
2015 жылы елімізде азам  06/20
Қызғын лебіз мақалалар
«әйел бақыты»: бесікті  76
Нұрлан әбдімәжін қхр шы  58
Қытайға жол тартқан авт  56
Әлемдегі ең жас әже - 2   39
Қазақ әндері еурөпә әнш  39
Латынша қазақ әліпбиі ұ  38
Айнұрдың мәрттігі  29
Шипәжәйдәғі демәліс  25
Қыздарға не жорық?!. ·  25
Жұмағұлов нұрсұлтан нәз  23
Қанат ісләм WBA титулын  21
Семеилік намыссыздар мү  20
Жаңа қытай билігінен ха  20
Ауылда қялым көз ілді  17
3 жасар сәби қари атанд  15
Көп корілген мақалалар
Қазақ әндері еурөпә әнш  6852
Жұлдыз-жорамал  5920
Айнұрдың мәрттігі  4983
Мәжіліс отырысында бірн  2794
Қазақстанның рейтингі к  1981
Аспириннің пайдасы мол  1820
Той тамаша өтті  1672
5 адамның өліміне энерг  1629
KazakhTV-ға 10 жыл  1571
Осы араны басып көріңіз  1552
Бүгін мұсылман баласы М  1540
Мәжіліс отырысында бірн  1419
Алматы қаласының әлеуме  1397
Жүрек әмірін тыңдасақ  1254
Қаперіңде жүрсін, балақ  1150


ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=146106&tur=9#ixzz3FkVjU8sw
ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http://www.elarna.com/video.php

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: