Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Осман Асылы Әлиқызы

Кенесары Қасымұлы

Оңғарсынова Фариза

Байтоқанова Алтынай

Мұстафа Шоқай

Нұрпейісова Дина

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Қабышұлы Ғаббас

Абдуллаев Қалық Абдуллаұлы

Мұқанов Сәбит

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

Даулетбаев Абайділдә Сыздықұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Байбекұлы Әйтеке би

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы

Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы және  Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, КСРО Қарулы күштерінің ардагері, отставкідегі полковник Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы үстіміздегі жылдың 15-ші сәуірінде 85 жасқа толады.

Мерейтой иесі 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының (қазіргі Ордабасы ауданы) Бөржар ауылында дүниеге келген. 1933-1941 жылдары ол Первомаевка селосында, Шымкент және Сайрам қалаларында тұрып, жеті жылдық мектепті бітірген. 1941-1944 жылдары Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби ауданы) Георгиевка селосында Ворошилов атындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыған.

Қозыке Бишімбайұлы өзінің еңбек жолын өте ерте бастады. Қатал соғыс жылдары 9-шы-10-шы сынып оқушысы бола жүріп, ол «Сталин жолы» аудандық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Осы кезде ол өз жерлестерінің енбектегі жетістіктері мен майдандағы ерліктері туралы алғашқы очерктерін, лирикалық өлеңдерін жариялай бастады.

Соғыс жылдары кезінде Қазақстанның оңтүстігі Совет Одағы қорғанысын нығайтуда үлкен маңызға ие болды. Елде осы аймақтағы мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, жергілікті ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрді білетін жас мамандарға қажеттілік туды. 1944 жылдың тамыз айында орта мектепті үздік бітірген Қозыке Бишімбаев Совет  Армиясы қатарына  шақырылды. Сол жерден мемлекеттік қауіпсіздік органдарына  әскери қызметке алынып, Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мектебінде бір жыл дәріс алды.

1945 жылдың қарашасында Қозыке Бишімбайұлы МҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық басқармасының аппаратына жұмысқа жіберіліп, төтенше өкіл және  аға төтенше өкіл болып жұмыс істеді. Ал, 1949-1950 жылдар арасынында ол МҚКБ аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Қозыке Бишімбайұлы органда істеген алғашқы жылдарынан бастап-ақ барлау жұмыстарында адамдардың менталитеті мен психологиясын меңгергендігін орынды қолдана білетін  және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыра алатын, тапқыр да білгір чекист ретінде көріне  білді.  Бұл қасиеттері оған 5-6 жылдың арасында он мемлекеттік мәні бар маңызды қылмыстарды әшкерелеуге көмектесті.

1953 жылдың ақпан айында Қозыке Бишімбайұлы МҚКБ Екінші бөліміне бастық болып тағайындалды. Бұл қызметті атқара жүріп,  заңсыз консульдықпен  және заңсыз валюталық істермен айналысып жүрген адамдарды әшкерелеу, жауапкершілікке тарту жұмыстарын басқарды. Осы уақытта ол Шымкент педагогикалық институының тарих факультетінің сыртқы бөліміне түсіп, оны үздік бітіріп шықты.

1961 жылы ақпан айының басында Қозыке Бишімбайұлы Кентау қаласы және Түркістан ауданы бойынша МҚКБ аппаратының өкілі болып тағайындалды. Сол кезде ол кісінің  басшылығымен, КСРО орталық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, елде саяси жағдайды ушықтыру мақсатында астыртын жұмыс жасап, құпия мағлұматтар  жинап жүрген шетел барлау агенттерін әшкерелеу ісі  нәтижелі  аяқталды. Ол кезде Одақтың немесе Қазақстан көлемінде шетелдік барлау қызметкерлерін әшекерелеу және оларды ұстау өте сирек кездесетін жағдай болатынын айта кету керек. Осы тапсырманы  мүлтіксіз атқарғаны және ержүректігі үшін Қозыке Бишімбайұлы ерекше мемлекеттік награда - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.

1963 жылы Қозыке Бишімбайұлы МҚК облыстық басқармасына бөлімше бастығы болып ауысып, 1965 жылдың сәуір айында бөлім бастығы болып тағайындалды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы стратегиялық жағынан маңызды өндірістермен байланысты шетел мамандарын бақылауды қамтамасыз ететін бөлімшені басқарды. Чекистердің кәсібилігі мен жігерлілігінің арқасында ғылыми-техникалық барлау бойынша құнды мағлұматтар алынып, экономикалық диверсия жүргізу мақсатында жүрген шетел фирмаларының сапасыз құрал-жабдықтар әкелуіне тосқауыл қойылды.

1970 жылдың желтоқсан айында Қозыке Бишімбайұлы Қызыл-Орда облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалып, осы орында 12 жыл қызмет атқарды. Осы жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің арнайы объектілері бойынша төтенше іс-шараларды нығайтуға байланысты нақты жұмыстар жүргізілді.  Байқоңырдағы ғарыш аймағы мен ұшу комплекстері құрылған күнінен бастап, қазірге дейін шетел барлау қызметкерлерінің арнайы топтың назарында болып келеді. Облыстық басқармамен Орталық органдардың бірге жұмыс жүргізу нәтижесінде ерекше режимдегі объектілер контрбарлау іс-шараларымен сенімді денгейде қорғалды.

Қозыке Бишімбайұлының бастамасымен және тікелей басшылығы арқасында   шетелдердегі қазақ эмиграциясының орталықтарымен қарым-қатынас орнату іс‑шаралары жүргізіліп, ол қазақтардың тарихи отанына оралуына бастама болды.

Қозыке Бишімбайұлы үлгілі басшы бола білді. КСРО МҚК инспекциясының анықтамаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарды басқарып қана қомай, сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңызды операциялардың жоспарлануы мен жүзеге асуына тікелей қатысып  белсене араласқаны туралы мағлұматтар бар. Қол астында істеген қызметтестері  оның әріптестерінің жұмыс және тұрмыс жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлгені туралы шын көңілмен еске алады. Айта кететін болсақ, оның бастамасымен және тікелей басшылығымен Қызыл-Орда облысы МҚК басқармасының қазіргі жаңа ғимараты салынды.

Қозыке Бишімбаев облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене араласқан азамат. Ол  Қазақстан Компартиясы Облыстық Комитеті бюросының мүшесі және де  Облыстық Кеңес депутаты болды, Қоғамдық тәртіпті қорғау және әлеуметтік заңдылықтар бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, Қазақстан компартиясының XIII, XIV және XV съездерінің делегаты болып сайланды.

Құрметті демалыста бола тұра, нәтижелі  өмір сүруге деген  құлшынысын  сақтап келеді. Туған халқының және ата-бабаларының тарихын зерттеп, тарихи очерктер жазумен айналысып жүр. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласады.

Қозыке Бишімбайұлының   бастамасымен  «Шымыр ата» қоры құрылып, 2002  жылы ол кісінің басшылығымен Ташкент қаласында қазақ халқының  көрнекті қайраткері Шымыр атаның мавзолейі тұрғызылды.

Қозыке Бишімбайұлы - жан-жақты шығармашыл, өнерге бейім  адам болғандықтан, әдебиет пен музыкада да бір қырынан көріне білді. ЧК органдарының 50, 60 жылдықтарына арнап шығарылған Республикалық Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Чекисты Казахстана» және «Мы из ЧК» кітабында жарық көрген «Вояж Пападопулоса» атты очерк  сол кісінің қаламымен жазылған.

Ол – бірнеше кітаптың авторы. 1998 жылы көпшілікке танымал «Өмір сазы - өз елім» атты әндер жинағы жарық көріп, 2001 жылы  ол қайта өңделіп шықты. Бұл жинаққа енген әндердің сөзі де, және көпшілігінің әні де мерейтой иесінің еншісінде екенін айтпай кетуге болмайды.

2001 жылы Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап «Ардақты елім – асқар белім» атты жыр жинағын құрастырып дайындады. Оның  «Пойманы с поличным» деректі повесі 2001 жылы жазылып,  2003 жылы «Өмір өлең өзегім» атты өлең жинақтары  жарық көрді.

2004 жылы  жазылған  «Ордабасы сарыны» атты күйі оркестрге лайықтап өңделді.  Бұл  күй  үш бөлімнен тұрады: «Халық зары», «Аттан» «Шайқас». Бұл шығарма  қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресуіне арналды.

Қозыке Бишімбайұлының зайыбы Мария Қуандыққызы оның өміріне және қызметіне үлкен рухани қолдау көрсетіп отырған. Құдай қосқан қосағымен бірге 58 жыл тату тәтті өмір сүріп, алты ұл-қыз тәрбиелеп  өсірді.

Мария Қуандық-қызы ақылды адам, білікті ұстаз болатын. Болашағынан үлкен үміт күттірген ол, кәсіби жолында өсу үшін мүмкіндігі бола тұрса да, бар өмірін жанұясына арнады. Офицер жұбайының өмірінде кездесетін сын сағаттарда  ол кісі  еш мойымай, әрқашан аяулы жар, мейірімді ана, сенімді серік бола білді. Ол қашанда кең пейілділігімен, қонақжайлылығымен туған-туысқандардың басын біріктіріп, қара шаңырақтың тірегі болып отырды.

Қозыке  Бишімбаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан жоғары  бағаланды.  Ол  «Құрмет белгісі», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, 14 медаль, КСРО және ҚазССР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің грамоталарымен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, Совет Одағының Құрметті Чекисті атағы берілді.

80 жылдық мерейтойы құрметіне Қозыке Бишімбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Қозыке Бишімбайұлы қазір де қатарда. Ол өзінің әріптестерімен жиі кездесіп, жас чекисттермен өзінің тәжірибесімен бөліседі.

Көрнекті совет чекисі, офицер, адамгершілігі мол, ерекше шығармашыл тұлға - Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаевтың өнегелі өмірі - баршамызға үлгі. Ол өзінің саналы ғұмырын Отанына қызмет етуге арнады. Жоғары кәсібилік, чекисттерге тән сезімталдығы, патриоттық сезімі, ержүректілігі мен аянбай еткен еңбегі әрқашан оның жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда оның бар болмысы «Чекист ыстық жүректі, салқын қанды, қолы таза болуы тиіс» деген белгілі ұғымға толығымен сай келеді.

Пікірлер

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: