Cайт бойынша іздеу
Бүгін туғандар
Анықтамалар жоқ
Құттықтау
Біздің әріптестер
Жоғары білім әлемі
Арнаулы орта білім
Соңғы пікірлер
- 21.05.12 12:13Жиренше шешен
- Maryland The Medicine Shoppe , <a >xanax online</a> Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
- 21.05.12 02:56Жиренше шешен
- <a >clomid online</a> - <a >clomid without prescription</a> , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
- 20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
- маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол дәулеткереи композитор
- 20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
- мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
- 20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
- http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online <a >viagra eiaculazione precoce</a> prezzo viagra forum
- 20.05.12 11:38Жиренше шешен
- <a >antabuse online</a> - <a >buy disulfiram</a> , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
- 19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
- http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra <a >viagra kaufen günstig</a> anwendung von viagra
- 18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
- Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
- 18.05.12 15:05Жиренше шешен
- Photo Drug Money Medicines With No Prescription <a >modafinil cost</a> It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
- 18.05.12 00:11Жиренше шешен
- Привет Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
- 17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
- Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
- 17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
- Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
- 15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
- Тамаша өлеңдер!!!
- 13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
- Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
- 12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
- Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
- 11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
- супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
- 11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы тамаша керемет супер маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
- 11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
- өте жақсы
- 11.05.12 07:27Доспамбет жырау
- Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
- 10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
- kiskalau birak raxmet
- 06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
- SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
- 06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
- Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
- 04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
- Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
- 04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
- Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
- 03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
- kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi
Санаттар
Халық қалаулыларының үні
![]() КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДАҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz» сайты үшін 0 пiкiр |
![]() МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР МӘРТЕБЕСІЕл тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы 0 пiкiр |
Өзекті мәселелер
![]() ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, 1 пiкiр |
![]() АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫҚоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? 6 пiкiр |
Қыз елдің көркі
![]() ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫКТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы 9 пiкiр |
Кездейсоқ суреттер
Баймұратов Ораз Баймұратұлы

Ораз (Оразгелді) Баймұратұлы Баймұратов 1935 жылдың 14 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы (қазір Мағжан Жұмабаев атындағы) Дүйсеке ауылында дүниеге келген. Оның зейінділігі, еңбекке бейімділігі, ынтасы, Петропавл қаласындағы №5 қазақ орта мектебінің оқушысы болып жүрген кезден-ақ көрінді. Үздік білімі, үлгілі тәртібі мен туған мектебінің өміріне қызу атсалысқаны оның 16 жасында Қазақстан комсомолының 5 съезіне ең жас делегат болып сайлануына себеп болды.
1957 жылы Мәскеудің түсті металдар және алтын институтын сәтті бітірген жас маманның еңбек жолы туған республикасына берілген жолдамамен, ҚазССР Ғылым Академиясының Экономика институтында басталды. Институт директоры, белгілі ғалым С.Е. Толыбеков оны жұмысқа қабылдай отырып, жас маманның келешегі зор екенін байқады.
Жас ғалымға игерген терең білімі мен еңбек еткен ғылыми ортасы, оның алғашқы ғылыми жолы инвестиция мен өнеркәсіп экономикасымен байланысты екенін анықтап берді. Ол 1962–1964 жылдары өнеркәсіп экономикасы «тарландарының» бірі профессор С.Я. Рачковскийдің жетекшілігімен Мәскеу Болат және қорыту институтының экономика кафедрасының аспирантурасында күндізгі бөлімде оқыды. Жас ғалым аспирантураны ойдағыдай аяқтап, 1964 жылы «Металлургия зауыттарын қайта құру және кеңейтудің экономикалық тиімділігі (Қазақстан мыс қорыту зауыттары негізінде)» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
Экономика институтына қайтып келгеннен кейін, ол өзін дарынды ғалым ретінде көрсете білді. Қысқа мерзім ішінде «Өнеркәсіп өндірісіндегі күрделі қаржының экономикалық тиімділігі (бағалау, талдау және өсу проблемалары)» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясын әзірледі. Оны 1971 жылы қорғап, Қазақстандағы ең жас экономика ғылымдарының докторы атанды. Кейін 1975 жылы профессор ғылыми атағын иемденді. Ғылым жолында көрнекті тұлғалардың қолдау көрсетуі оның биік мақсаттарға қол жеткізуіне себепші болды. Атап айтқанда, ғылыми жетекшісі, ҚазССР ҒА-ның корреспондент–мүшесі Р.М. Петухов; ҚазССР ҒА-ның академигі С.Б. Бәйішев; профессорлар В.П. Красовский мен М.Г. Мильграмм, сондай-ақ бірқатар қазақстандық және ресейлік көрнекті экономист-ғалымдар үлкен қолдау көрсетті.
Республика Ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеген жылдары ғылыми–техникалық прогреске жұмсалған күрделі қаржылардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің теориялық, методологиялық және практикалық проблемаларына О.Б. Баймұратов ерекше көңіл бөлді. Бұл - экономика ғылымын дамытудағы басты бағыттардың бірі еді. Осы бағытқа Қазақстанда алғашқы болып, 1964 жылы 29 жастағы жас ғалым жетекшілік етіп зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады, кейіннен дәл осы бағыт елімізге және шет елдерге кеңінен танымал болған О.Баймұратовтың бірінші ғылыми мектебіне айналды.
О.Б. Баймұратовтың алғашқы еңбектерінің жоғары ғылыми-теориялық деңгейімен, оны шаруашылық практикамен үйлестірілуімен, прогрессивті зерттеу әдістерін қолдануымен ерекшеленді. Олардың ішінде өзінің басшылығымен және белсенді авторлығымен жазылған ұжымдық монографияларды атап өтуге болады: «Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі қаржының тиімділігі» (1969ж.,) «Қазақстан өнеркәсібіндегі техникалық прогрестің тиімділігі» (1973 ж.), «Ғылыми-техникалық прогресті болжау» (1975 ж.). Соңғы еңбегінде республикада алғашқы болып шетел практикасында, ғылыми-техникалық болжау мақсаттарында, тіпті қазіргі уақытта да қолдануға болатын, прогрессивті болжау әдістері кең зерттелінген.
1972 жылы шыққан «Күрделі қаржының экономикалық тиімділігін талдау және бағалау әдістері» атты жеке монографиясы кең танымал болды. Мұнда автор бірінші рет күрделі қаржы жұмсалымының техникалық негізін экономикалық категория ретінде зерттеуді, негізгі қорлардың өсуін сипаттайтын негізгі ұйымдар жүйесіндегі орны көрсетуді, күрделі қаржының жұмсалым процесі мен ғылыми-техникалық прогрессті методологиялық бірлікте қарастырған, сондай-ақ, инвестицияны экономикалық өсудің факторы ретінде бағалау әдістерін ұсынып, осы еңбекте қоғамдық еңбек шығындарының тиімділігін салыстыру теориясы одан әрі жалғасын тапқан. Бұл кітапты еліміздің ғылыми ортасы ірі және бірегей еңбек деп бағалады.
О.Б. Баймұратов ұсынған қағидалар бүгін де методологиялық құндылығын сақтап отырғанын айта кеткен жөн. Инвестициялық жобаларды бағалаудың көптеген принциптерін, әдістерін және тәсілдерін нарықтық экономикаға да қолдануға болады. Күрделі қаржының тиімділігін салыстыру әдістері, әр уақыттағы шығындарды дисконттау пайдаланылады. Бұл әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар, академик Т.С. Хачатуров пен профессор В.П. Красовский басқарған әйгілі экономистер ғылыми мектебінің жетістігі болып табылады. Олардың еңбектері мен шығармашылық ынтымақтастықтары О.Б. Баймұратовтың инвестицияның тиімділік теориясының негізін салған осы мектептің көрнекті өкілдерінің бірі ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті.
Бүгін Қазақстан үшін экономикалық өсудің сапасын қамтамасыз етуге талпыныс жасау өте қажет. Экономикалық өсу кез келген инвестициямен емес, өзіне радикалды инновацияны сіңірген инвестициялармен қамтамасыз етілуі шарт. Сондықтан, О.Б. Баймұратовтың сол кездердегі еңбектерінде ұсынылған инвестиция мен экономикалық өсудің өзара байланысы, инвестициялық процесс пен технологиялық прогрестің бірлігі туралы әлі күнге дейін күшін жоғалтпаған линиялық емес методологиялық көзқарасы аса құнды. Оның сол кезде жүргізген зерттеулері еліміздің қазіргі индустриалдық–инновациялық дамуының бағдарламасымен ұштасып отыр.
Экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету, оны гуманизациялау тұрғысында жазылған «Күрделі қаржының әлеуметік тиімділігі» атты мақаласы да қазіргі уақытқа сай келеді. 1979 жылы «Вопросы экономики» атты орталық теориялық журналда жарияланған бұл мақала өзінің жаңашыл көзқарасымен біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де үлкен қызығушылық туғызды. Мақала ағылшын тіліне аударылып, АҚШ-тың (Нью-Йоркте) «Вопросы экономики» атты әлемдік деңгейдегі журналында жарияланды, сол уақытта КСРО-ның барлық экономист- ғалымдары үшін бұл өте сирек кездесетін құбылыс еді.
О.Б. Баймұратов Қазақстанда сол кезең үшін ғылымтану мен экономика ғылымының жаңа сияқты бағыттарының пайда болуына себепші болды. Оның ғылымның тиімділігін, әсіресе теориялық зерттеулер нәтижелерін бағалау проблемалары жөніндегі зерттеулері бұрынғы Кеңес Одағында ілгері қатарда болды. Оның әлі күнге дейін жекелеген аспектілері бойынша маңдай алды жетістіктері де мол.
Әсіресе, О.Б. Баймұратовтың жетекшілігімен авторлар ұжымы жазған «Ғылыми зерттеулердің тиімділігі (бағалау методологиясы және арттыру проблемалары» (1978) атты кітапты ерекше атауға болады, оның негізгі тарауларын О.Б. Баймұратов жазған болатын. Мұнда ғылымның экономикалық рөлін теориялық негіздеуге басым көңіл бөлініп, тиімділік теориясының негізгі принциптері жинақталған.
Ғылымтану мәселелері О.Б. Баймұратовтың басқа да бірқатар еңбектерінде өз дамуын тапты. «Ғылыми-өндірістік кешендері» деген ұжымдық монографиясы ғылымның экономикалық рөлінің күшеюі және оның өндіріспен интеграциясын тереңдету мәселелеріне арналған. Бұл күрделі жұмыста өндіріс пен ғылымның бірлескен салдары мен түрлері, негізгі процестің ғылыми-техникалық революциясының рөлі ашылып, оның өндірісте әсерін өсіру қажеттілігінің мәні көрсетілген. Осы аспектіде автордың ойлары ұлттық инновациялық жүйесінің қазіргі концепциясының басты принциптерімен ұқсас келіп, қазіргі таңда Қазақстан экономикасының практикасына сәйкес келе жатыр.
О.Б. Баймұратовтың экономика ғылымы саласындағы зерттеу циклі 1985 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығымен бағаланды. Өзінің екінші ірі ғылыми мектебін осы ғылымтану саласында құрды.
О.Б. Баймұратов Ғылым академиясының Экономика институтында қызмет атқарған жылдарда (1958-1980жж.), оны көрнекті ғалым-сапаршылар, Қазақстанда ғана емес, сырт елдерге де белгілі Одақтың ірі ғалым- экономистердің бірі деп таныды.
О.Б. Баймұратовтың ғылымға сіңірген еңбегі зор бағаланып,ол 1979 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
О.Б. Баймұратовтың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтегі еңбегінің жемісті шақтары 1980 жылы Республикалық ҒА-ның өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі Кеңесіне ауысуынан басталды, алғашқыда Кеңес төрағасының бірінші орынбасары, ал 1983-1994 жылдары төраға қызметін атқарды. Осы кезеңде О.Б. Баймұратовтың ғылымға деген қызығушылық өрісі ерекше кеңейді. Әсіресе, ғылыми ізденістері әлеуметтік-экономикалық болжау, аймақтық экономика, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау проблемаларына айналды. Бұл зерттеулер, тек экономикалық тұрғыдан емес, ерекше ғылыми өзгешелігі бар деңгейде жүргізілді. Сол себептен, О.Б. Баймұратов 1991 жылы ҚР Ұлттық Инженерлер академиясының негізін қалаушылардың бірі болып, алғашқы толық мүшелігіне және КСРО Инженерлер академиясына толық мүше болып сайланды, сонымен бірге ол халықаралық инженерлер академиясы мен аймақтық ынтымақтастың және даму халықаралық Академиясының академигі болып табылады.
Өндіргіш күштерді зерттеу кешені (ӨКЗК) айтарлықтай бірқатар ғылыми потенциалы бар дәрежеге О.Б. Баймұратовтың арқасында көтеріліп, қызмет барысында жетекші ғылыми орталыққа дейін өсті, республика өндіргіш күштерінің орналасуы және ұзақ мерзімді дамуын болжау, оның аймақтық-өндірістік кешендері (кластерлері) мен жеке аудандарын зерттеу қолға алынды.
Сол жылдары ӨКЗК жалпы ғылыми академиялық мекеме болғаннан кейін ғылыми-техникалық прогресс мәселелеріне байланысты зерттеулерден маңызды тәжірибе алып, халық шаруашылығының дамуын болжау, табиғатты пайдалану орталығы мен аймақтық өндіргіш күштердің дамуы, аймақтық-өндірістік кешендерді құрылды.
Қазақстан ҒА-ның ӨКЗК зерттеу жұмыстары республикада ғана емес, Ресей, Украина, Орта Азия республикаларының ғылыми орталықтарына да танылды. АҚШ, Англия, Қытай, Швеция, Австрия, Болгария ғалымдарымен халықаралық байланыс нығайтылды. Ресей ҒА академиктер Гранберг А.Г., Ишлинский А.Ю., корреспендент-мүшесі Гусев Б.В., профессорлар Лисичкин В.А., Дмитров Д., Щербаков А.И., доктор Витт Д. және де тағы басқа шетелдік ірі ғалымдарымен тығыз ынтымақтастықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1980-1990 жылдарда О.Б.Баймұратовтың басшылығымен, үлкен ұжымда Қазақстанның әлеуметтік-экономикасының дамуының ірі проблемалары көтерілді, оларды зерттеу бүгінгі күні де өзекті болып келеді.
ӨКЗК сол кезде Батыс Қазақстан сияқты аймақтарды зерттеумен тікелей айналысты. Осы ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай маңызды нәтижелерге қол жетті: аймақтарда өндірістік күштерді дамыту стратегиясын негіздеу, мұнай-химиялық және мұнай-газ шығаратын өнеркәсіп саласының дамуын болжау, көмірқышқыл шикізатын қолдану тиімділігін жоғарылату жолдары, Батыс Қазақстан өндіргіш күштерінің кешендік даму концепциясы. Сол кезде О.Б.Баймұратов мұнай-газ шығаратын өндірісті дамыту тәсілдеріне ерекше көңіл аударып, ресурстарды шығаруды, көмірсутегін кешенді пайдалану мен ұстаудың толық циклін жасау арқылы мұнай өнімдерін шығару, мұнай-химия салаларының өнімділігінің, ішкі және сыртқы рыноктарын зерттеу кәсіпорындарды орналастыруды оптимизациялау қажеттілігін дәлелдеген. Академик А.Г.Аганбегянмен бірге екеуі Батыс Қазақстан мұнай-газ кешенінің жылдам даму концепциясының негізін қалаушылар болды. Бұл концепция Батыс Қазақстан және Каспий өңірі бойынша ведомствоаралық ірі экспедициялардың нәтижесі еді.
ӨКЗК басқаруымен Арал теңізін сақтау және экологиялық жағдайын қалпына келтіру туралы 2006 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламаның жобасы жасалды. Бағдарлама шеңберінде зерттелген мәселелер: Арал теңізінің Қазақстандағы бөлігіндегі су ресурстарын пайдаланудың тиімді жолдары мен іс-шаралары, Арал теңізін қалпына келтіру, денсаулық сақтау және Аралдағы экологиялық жағдайды қалпына келтіру; тұрғындардың өмірін жақсарту; экологиялық-экономикалық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастық пен интеграциялық байланыстарды кеңейту. Арал бойынша кешендік зерттеулер мен ғылыми экспедициялар О.Б.Баймұратовтың жетекшілігімен өткізілді. Аралдың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясын зерттеуде оның сіңірген еңбегі - экономикалық қызметті тоқтатып, депрессиялы аймақтағы тұрғындарды басқа облыстарға көшіру концепциясына қарсы тұратын аймақты қайта дамыту концепциясын ұсынып әрі оны негіздей дәлелдегендігі. Бүгінде өмір осы даму концепциясының дұрыс екенін көрсетіп отыр.
ҚР ҰҒА ӨКЗК-тің басқаруымен жүргізілген Республикалық "Балқаш" кешендік бағдарламасы да ірі жоба болды. 2010 жылға дейін Іле-Балқаш аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық жағдайын қалпына келтіру концепцияся анықталған. Тағы бір ең ірі жоба – Каспий теңізі жағалауындағы тұрғындарды, жері мен халық шаруашылық орындарын қорғауға бағытталған еді. Осы жылдары О.Б.Баймұратов әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарының ғылыми-әдістемелік мәселелерін терең зерттеуді тыс қалдырған жоқ. Ескере кететін нәрсе, 1980 жылдары Кеңес экономикасының тоқырау кезеңі еді. Бірталай өндірістердің тиімділігі төмендеп, экономика барған сайын шығын экономикасына айналып, тұтынушы үшін емес өз-өзіне жұмыс істейтін экономика болды.
Осыған орай О.Б.Баймұратовтың 1985 жылы "Қоғамның экономикалық басымдылығы" жөнінде шыққан кітабы халық шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдаланудың дұрыс жолдарын табуға арналған. Осы түбегейлі еңбегі арқылы автордың өзінің күрделі экономикалық құбылыстардың терең мәнін зерттей алатын дарынды да ірі ілімгер екенін танылды. Басымдылық жөніндегі ғылыми ұғымды жан-жақты саяси-экономикалық тұрғыдан әлем әдебиетінде алғаш рет зерттеген. Бұл кітапта да автор өзін тағы да экономикалық құбылыстардың ең терең мағынасын зерттейтін ірі теоретик екендігі көрінді. Кітап басымдылықтар мәселесі бойынша тұңғыш арнайы зерттеу болып саналады, әрі ол жоғары баға алды.
Осы жылдары О.Б.Баймұратов Қазақстанда алғаш рет экономика ғылымы саласында жүйелі зерттеулерін бастады. Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі Кеңес құрамында ол Қазақстандағы тұңғыш және бұрынғы Одақтағы аз ғана топтың бірі болған ғылымтану тобын ұйымдастырды. Зерттеулер Мәскеу, Минск, Донецк қалаларындағы жетекші ғылыми бөлімшелермен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді. Бұл зерттеулерде ғылыми-техникалық прогресс тежелуінің басты себептерінің бірі ретінде кеңестік экономиканың шамадан тыс орталықтандырылуы болды. Осымен байланысты КСРО ҒА-сы Ғылыми Кеңесінің ғылыми-техникалық даму жөніндегі аумақтық басқару бойынша Комиссиясының құрамына О.Б.Баймұратовта мүше болған бейформалды ғылыми ұжым құрылды. Нәтижесінде, бұл ұжымда кейіннен үлкен саяси мәнге ие болған аумақтық шаруашылық есеп идеясы алғаш рет тұжырымдамалық тұрғыда рәсімделді. Бұл идея соңынан заңды түрде одақтық республикалардың экономикалық және саяси егемендігі идеясына ұласты. Ғалымның бақыты сонда, ол өзінің ғылыми "қолтумасын" практика жүзінде іске асырудың тек куәсі болған жоқ, сонымен қатар осы идеяның жүзеге асуына өзі де тікелей қатысты.
1990 жылы О.Б.Баймұратовтың басшылығымен авторлар ұжымы жазған "Ғылым және өндіргіш күштер: аймақтық мәселелер" атты мнография жарық көрді. Монографияда ғылым мен өндірістің өзара қарым-қатынасының теориялық аспектілері зерттеліп, оны жетілдіру туралы ұсыныстар жасалды, ғылыми әлеуетті қарқынды түрде арттыру, республика өндіргіш күштерін ғылыми-техникалық дамытудың басым бағыттарында ғылыми күштерді шоғырландыру жолдары негізделді. Бұл кітапта технопарктер құру идеясы алғаш рет көтерілді және ол қазір елімізде іс жүзіне асырылуда.
О.Б.Баймұратовтың кейінгі жылдардағы ғылыми қызметі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және нарықтық қатынастарға көшуімен, яғни жаңа толқынға бет бұруымен кез келді.
1992 жылы О.Б.Баймұратовтың басшылығымен ҚР ҒА ӨКЗК-де "Қазақстанның 2015 жылға дейінгі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді болжамы" атты көлемді зерттеу жобасы орындалды. Бұл кешенді аналитикалық зерттеуде нарықтық қатынастарды өрістету және дағдарысты жеңу жағдайында өндіргіш күштерді дамыту мәселелері қарастырылған, оған 6 академик, 6 салалық ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Жоба бойынша 5 томнан тұратын есеп ҚР ҰҒА-ның Президиумы мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Нарықтық қатынастарға көшудің балама бағдарламасы ретінде ол ҚР вице-премьері жанындағы республикалық комиссия қарауынан өтті, комиссия жұмыстың жоғары теориялық деңгейі мен үлкен практикалық маңызын атап өтті және Экономика министрлігіне орта және ұзақ мерзімді жоспарларды жасау кезінде оның қорытындыларын пайдалану ұсынылды.
1992 жылы осы еңбекте О.Б.Баймұратов тұңғыш рет Қазақстанды Орталық Азияның жаңа индустриалды еліне айналдыру идеясын алға тартты, нарықтық экономиканың қазақстандық моделі қандай болу керектігі туралы өз түсінігін негіздеді. Қазақстан Республикасын Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық "көпірге" айналдыру идеясы да О.Б.Баймұратовқа тиесілі, ол Қазақстанда бірінші болып 1992 ж. Л.Н. Гумилевтың еуразиялық тұжырымдамасын экономикаға қатысты қолдады.
Болжам авторлары 90-жылдардың басында-ақ экономикалық саясат бағыттарын өзгерту, "шикізаттық" даму моделінен экономиканың инновациялық-технологиялық даму моделіне көшу қажеттігін болжаған еді. Бұл қазіргі жағдайға сәйкес келеді.
1990 жылдары О.Б.Баймұратовтың республикалық баспасөз бетінде экономикалық реформалардың анағұрлым өткір және көкейтесті мәселелерін талқылауға белсене қатысқанын атап өткен ләзім. Ол айрықша назарын макроэкономика мәселелеріне аударды. Ғалым ғылыми еңбегінде жаңа басымдық- қаржы мен банк ісі мәселелерін зерттеуге аса ден қойды.
1996 жылдан ол Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтын басқарады. Осы кезеңдегі оның еңбектерінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға шынайы баға берілді, экономиканы реформалау процесі айқындалды, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өрлеу жолы негізделді.
Ғалымның неғұрлым кең өрісті көзқарастары 2000 ж. жарияланған "Ұлттық экономикалық жүйе" фундаменталды монографиясында көрініс тапты. Бұл кітап транзиттік экономика ілімін жасауға үлкен үлес қосты. Оны О.Б.Баймұратовтың ғалым және өз отанының азаматы ретіндегі бағдарламасы деп қарауға болады.
Автор 90-шы жылдары саясатқа белсене араласа отырып, нарықтық реформаларға көшу бағдарламасына қатынасты, заң актілерін дайындауға, талқылауға және қабылдауға атсалысты, яғни үлкен оқиғалар ортасында жүрді. Сондықтан да монографияда экономикалық теорияға да, шаруашылық практикасына да бірдей көңіл бөлінген. Бұл зерттеудің кең мағыналағын және жан- жақтылығын анықтады. Осы экономикалық жүйе – аталған монографияның идеялық өзегі болды.
Соңғы жылдары О.Б.Баймұратовтың өз назарын ұлттық ақша-қаржы саясатын қалыптастыру және жетілдіру, қаржылық ғаламдану, қазіргі регионализм мәселелерімен шұғылданып жүр, сондай-ақ экономикалық зерттеулерде жаңа ғылыми әдістеме мен жаңа ойлау стилін пайдалануды ұсынады. Линиялық емес экономикалық теория - бұл экономикалық ойдағы жаңа көзқарас. О.Б.Баймұратовтың басшылығымен Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен фундаменталды және қолданбалы бағдарламалар аясында ірі жобалар орындалды. Институт еліміздің белгілі ғылыми мекемесі болып есептелінді. Осы институтта О.Б.Баймұратов жаһандану жағдайындағы ақша-қаржы жүйесінің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін өзінің үшінші ғылыми мектебін негіздеді.
1990 жылдан О.Б.Баймұратов - Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғалым қайраткері 1991 жылдан бері Халықаралық Инженерлік академиясының, 1991 жылдан Ұлттық Инженерлік академиясының, Халықаралық аймақтық даму академиясының академигі. 1991 жылы академиктер Ө.А.Жолдасбеков, Т.Ж.Жүнісовтермен бірге әуелі КСРО ИА-ның Қазақ бөлімін, кейіннен А.А. Абдуллин, С.Т. Тәкежанов, А.А. Құлыбаев, Б.Т. Жұмағұлов, А.В. Болотов, Б.Р. Бекжанов және т.б. ғалым-инженерлермен бірге еліміздегі ғылыми-инженерлік ой-өріс штабы – Қазақстанның Инженерлік академиясын құрды. 2003 жылы О.Б.Баймұратов Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды.
О.Б.Баймұратовтың төңірегіне өзімен бірге қызметтес болған әріптес топтарды біріктіре алатын дарыны бар. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, ҚазССР ҒА Өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы кезінде, Батыс Қазақстан, Арал және Балқаш аймақтарындағы ірі ғылыми экспедицияларға, әрі көптеген ірі мемлекеттік ғылыми және Алматы қаласы бойынша "Интенсификация-90" бағдарламаларына жетекшілік еткен тұстарда ерекше байқалды.
Елімізде және шет елдерге жақсы танымал, халықаралық дәрежедегі ғалым ретінде О.Б.Баймұратов отандық және әлемдік деңгейдегі шетелдік баспаларда 500-дей ғылыми еңбек жариялады, олардың ішінде 32 монография (оның 10-ы тек өзінің қолтаңбасы) мен брошюралардың авторы және бірлескен авторы. Жақында О.Б.Баймұратов "Әлемдік экономикалық ой" сериясы бойынша баспаға көп томдық жинақ дайындады. Ғалымның еңбектері Қазақстанда және шетелде жарияланған рецензияларда жоғары баға алды.
О.Б.Баймұратов экономист кадрларды дайындауға үлес қосты. Ол 30 жыл бойы жоғары білім лидерлерінің бірі - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде дәріс береді. Көп жылғы ғылыми қызметінде О.Б.Баймұратов жоғары білікті ғылыми кадрлар мен мамандардың үлкен плеядасын дайындап шығарды.
Ұлағатты өмір жолында О.Б.Баймұратовтың ғылыми жетекшілігімен 50 докторлық және кандидаттық диссертация дайындалды. Жас кезінен бастап докторлық кеңестердің мүшесі. Астана, Алматы, Қарағанды, Москва, Ташкент, Екатеринбург қалаларында қорғалған ондаған кандидаттық және докторлық диссертациялардың ресми оппоненті болды. Оның шәкірттері біздің Қазақстанда ғана емес, Ресей, Балтық елдерінде, Вьетнамда үлкен ғалым, не жоғары лауазымды басқарушылар болып еңбек етуде.
О.Б.Баймұратов көптеген шетелдерде (АҚШ, Англия, Ресей, Қытай, Швеция, Австрия) өткен ғылыми конгресстер мен форумдарға қатысып, саясаттанушылар мен экономисттердің алдында баяндамалар жасап, ғылыми түрде зерттелген ой-пікірлер айтып, лекциялар оқыды. Салық және инвестиция жөніндегі Халықаралық орталықтың, ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының басқа да халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысып жүр.
Жастай ізденген еңбектің нәтижесінде қандай қоғамдық қызметті болмасын абыроймен атқарып, қоғамдағы болып жатқан реформалар мен өзгерістерді қалт жібермей, ортасында жүр. 1987 жылдан Қазақстанның Ғылыми-Инженерлік Одағының Президенті және 1993 жылдан бері Халықаралық Ғылыми-Инженерлік Одақтың вице-президенті қызметін атқарып келеді.
Ол ғалым ретінде еліміздегі реформаларға белсенді қатысып, азаматтық борышын абыроймен атқаруда. 90-шы жылдары Үкіметіміздің экономикалық реформалар жөніндегі комиссиясының мүшесі, ҚР ҒА төралқасының экономикалық реформалар жөніндегі Ғылыми кеңесінің, ҚазССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің болжау жөніндегі Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Еліміздің нарыққа көшу жөніндегі экономикалық өзгерістерді қалай жетілдіру сияқты, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі үкіметтік бағдарламаларға қатынасты. Ол туған Республикасының мүддесін әрдайым жоғары орында ұстады. Мұны кейбір деректерден айқын көруге болады. Мысалы, сонау 1990 жылы Кеңес Одағының тұсында валютасы туралы баспасөзде алғашқылардың бірі болып үн қатты,1993 жылы өз ақшамыз "теңгенің" шығуынан үш жыл бұрын өз ойын ашық айтып мақала жазған. Кеңес Одағы Геология министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған ірі ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі ретінде басқа ғалымдармен бірге Іленің төменгі саласындағы көмір бассейінін игерудің теріс жақтарын, бұл жобаға байланысты көп инвестиция керек екенін, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға көп зиян тигізетінін объективті және батыл түрде дәлелдеп берді. Сөйтіп, олар халқы көп, табиғаты көркем туған еліміздің оңтүстік өңірінде үлкен экологиялық апатты болдырмауға үлес қосты.
1990-1995 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің XII-XIII шақырылымдарының депутуты болды. Қаржы, бюджет және банк жүйесі мәселелері Комитетінің төрағасы, Республика Жоғарғы Кеңесінің үйлестіру кеңесінің мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Республикалар Кеңесінің төрағасының орынбасары болып лауазымды қызметтер атқарды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының жұмысына қатынасты, оның Тұрақты комиссиясының мүшесі бола отырып, мемлекеттер арасында көптеген мәселелерді шешуге ат салысты. Қазақстандағы ел бірлігі, экономикалық оң өзгерістер, саяси тұрақтылық сияқты әрбір мәселеге ғылыми тұрғыдан қарауы, әрі талдау арқылы ой-елегінен өткізе білуі оның үлкен азаматтығы десек артық емес.
Кешегі "Егемендік Декларация" және еліміздің "Ата Заңының" дайындалуы мен қабылдануына, Кеден және Салық кодекстері, "Ұлттық банк жүйесі" туралы заңдарды және де басқа заңдарды, үкіметтік бағдарламаларды әзірлеп қабылдауға белсене ат салысып отырады. Мысалы: экономикалық дағдарыс пен гиперинфляция жағдайында 1995 жылғы республикалық бюджет туралы Заңды қабылдау мен әзірлеуге белсене қатысып, құнды қағаздарды сату арқылы бюджеттік тапшылықты жабудың инфляциялық емес тәсілін практикаға бірінші рет енгізуге күш жұмсады. Сөйтіп, осы жылы елімізде қор нарығының негізі салынды. Қолданылған шара халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаржыларды көбейту мақсатымен бюджеттік ресурстарды қайта бөлу мүмкіндігін туғызды. Сонымен қатар, елімізде ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын күйрету процесі тоқтатыла бастады.
Ол 1993 жылы Қазақстанда ақша реформасымен байланысты халықтың банктегі салымдарын өтеу туралы Заң жобасының бастаушысы әрі әзірлеуші болды.
Депутат кезінде О.Б.Баймұратов шет мемлекеттерге сапары барысында парламенттік делегацияларға жетекшілік етті.
О.Б.Баймұратовтың Алматы қаласына сіңірген еңбегі де аз емес. 1987-1990жж., аралығында, халық депутаттарының қалалық кеңесінің депутаты бола отырып, Жоспарлы–бюджеттік комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Ол бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануға, қарқындату негізінде қаланың экономикасын дамытуға елеулі үлес қосты.
1998 ж. оның басшылығымен 2010 жылға дейін Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешендік бағдарламасы әзірленді, онда қаланы "экономикалық өсу полюсіне", ірі қаржы орталығына айналдыру идеялары алға қойылды.
Ғасырлар тоғысындағы әлемнің көп қырларының қалыптасуы мен түбегейлі өзгерістердің басталу шағында б.кіл әлем экономикасы сияқты Қазақстанда жаңа дәуірін табалдырығын аттайды. Автордың көптеген жылдар бойы көкейтесті ғылыми зерттеу жұмыстарына айналған әлеуметтік экономиканы құруға ішкі және сыртқы оң жағдайлар туындап келеді. Экономика саласында жеке тұлға және әлеуметтік қағидаларын сабақтастыруға негізделген үйлесімді әлеуметтік экономика жөніндегі жаңа идея О.Баймұратұлының төртінші ғылыми мектебі ретінде қалыптасу үстінде.
Әлеуметтік экономиканың теориялық негіздерінің ғылыми басымдылығын қалаушы О.Баймұратов. Оның 2005 жылы жарық көрген «Әлеуметтік экономика» атты монографиясы Қазақстан және ТМД кеңістігінде әзірше бір ғана туынды. Автор бұл еңбегінде ғылымның жаңа бағытын ашып отыр, оның өзектілігі бүгін де, болашақта да зор екендігі сөзсіз.
Әлеуметтік экономика О.Баймұратовтың айтуы бойынша, бұл – экономиканың мүлдем өзге қыры. Мұнда экономиканың басты «нүктесі» - адам, оның материалдық, рухани құндылықтары қарастырылады. Адам – экономиканың ең жоғары мақсаты әрі құралы.
Автор өзінің кезекті жеті томнан тұратын «Қоғам мен экономиканың үйлесімдігі: әлем парадигмасы» (2010) етты еңбегінде алғаш болып экономикалық әдебиеттерде қоғам мен экономиканың үйлесімдігі жөніндегі тұжырымды қарастырады. Онда жеке адамның рухани-адамгершілік және интеллектуалдық дамуын, үйлесімді әлеуметтік экономикасы бар елдердегі үш «D» құрудағы әлеуметтік топтардың рөлін негіздеуге ерекше көңіл бөлінген.
Бүгінгі қоғамда төрт маңызды үрдіс үйлесімді болуы шарт: демократизацияның дамуы (D), демография (D), руханилық (D) ж»не экономикалық іс-әрекет (D). Бұлар және адамның, елдің, әлеуметтің рухани және материалдық құндылықтарын қанағаттандырумен өзара байланысты.
Әлеуметтік экономика және Үйлесімділік бойынша ғылыми еңбектер («Экономиканы әлеуметтендіру: индивидтен мемлекетке дейін», 2007 жыл, «Қоғам мен экономиканың үйлесімдігі: әлем парадигмасы», 2010 жыл) экономика ғылымын дамытуда бұрын-соңды болмаған «қақ жарушы» жаңа идея болып табылады. Оның дәлелі «Қоғам және оның экономикасы – үйлесімділік жөніндегі заң іс-әрекетінің кеңістігі» атты мақаланың 2010 жылы шілде айында өткен III-ші Астана экономикалық форумында (Интернет-форум) «Үздік мақала» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталуы және ақшалай сыйақыны иемденуі.
Ғалымның дәлелдеуі бойынша, қазіргі әлемде өркениеттердің ауысуында жаңа дәуір басталып келеді, сондықтан Шығыс пен Батыс өркениеттерінің әріптестігінің қажеттілігі туындайды. О.Баймұратов Қазақстанда ислам қаржы үлгісін қолдану үрдісінің басында тұрды. Бұл еліміздің болашағы.
О.Б.Баймұратов – Қазақстан жоғары мектебінің үздіші, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасының көптеген медалдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазірде үлкен әрі жан-жақты қоғамдық жұмыстармен айналысады. Журналистер Одағының және Қазақстан Республикасы ғалымдар Одағының мүшесі. Бұрын жетекшілік еткен көптеген ғылыми кеңестерге, кітаптардың және журналдардың редакция алқасына мүшесі болып табылады, соның ішінде Халықаралық кеңес журналы «Экономика региона» (Ресей).
О.Б.Баймұратовты ғалым-экономист, ғылымның талантты ұйымдастырушысы, білімнің көшбасшысы, кәсіби ұстаз, тәлімгер ретінде тани отырып, оның шексіз мейрімділігін, әріптестерімен ақыл-оймен қарым-қатынас жасай білетінін, сөз тапқырлығын, шынайы әрі сыйлай дос бола білетінін, адамға деген жылы сезімділігі мен талап қоюды бірге ұстай алатындығын атап өту керек. Өмірін табиғаттың мәнгі заңдарына арнап, өзінің ар-ұятымен, барлық билікке, гармониялыққа, парасаттылыққа ынталы болып, еңбек етіп өмір сүруде. Өзінің әріптестерін әсіресе, жастарды жан-жақты да өте қызықты ғылым әлеміне тарта беруде.
Оның рухани сапасын ақылының тереңдігінен, танымпаздығынан, өзгеге ой сала білуінен, күш-жігерінен, мейірімділігінен көруге болады.
Барлық ғылыми жетістіктері – зор еңбегінің нәтижесі, терең мағыналы және мазмұнды өмірінің жемісі.
Ораз Баймұратұлы – әрдайым ізденіс үстінде жүретін, түрлі тың ойларды тауып алатын, жасампаз ғылыми адам. Оны отанымыздың экономикалық ғылымына және біліміне, сонымен қатар, Қазақстан халқына, туған жеріне еңбек етуден жалықпайтын, өмірден түйгені мол адам деп танимыз.
Ол үйренуге ұмтылыс білдіруші үшін сарқылмас қазына көзіндей, қол жеткізгеніне алғысын білдіре отырып, шыққан шыңында тұралап қалмайтын, өзінің ғылыми творчествасын жалғастыруда еш тоқтауды білмейтін, ізденуден жалықпайтын қоғамның біртуар тұлғасы.
Бүгін Ораз Баймұратұлы өзінің творчествалық күшіне сенімді, ғылымның жаңа белестеріне нық қадам басып отыр. Жастарды өз жалынына орай алатын, тұнып тұрған идеялары, жоспарлары арқылы данышпан-ғалым әлі талай ұрпақтарды тәрбиелейтіні сөзсіз.



















