Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

Асқаров Асанбай Асқарұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Сейтмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы

Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы

Абылай хан

Осман Асылы Әлиқызы

Қалихан Ысқақ

Ғабжалилов Хайролла Мағауияұлы

Қопабаев Өмірәлі Қажыбайұлы

Осман Асылы Әлиқызы

Римова Бекен

Мұсаходжаева Айман

Байтоқанова Алтынай

Мұсаходжаева Айман

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Нүсіпжанов Нұрғали Нүсіпжанұлы

Нұрғали Нүсіпжанұлы - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның жеке әншісі.

Нұрғали 1937 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Туып өскен өлкесі жер жәннаты Жетісу жерінің Күреңбелдегі  Алтынеміл (Алтынемел) бауырындағы Доланалы ауылы. Ата-бабалары осы өлкенің күнгей-теріскейін мекен еткен. Нұрғали да барлық қазақ даласындағы өзі сияқты ауыл балаларының өмір жолын жүріп өтті. Сол кездегі аудан орталығы Қоғалыда аудандық қазақ орта мектебін бітіріп, туған ауылында екі жыл қой бақты. Содан кейін Алматы Мемлекеттік консерваториясының ән факультетінде 7 жыл оқып, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2 жыл әнші болып шығармашылық қызмет атқарған соң Қазақ Телевизиясы мен Радио хабарларын тарататын Мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлары Бас редакцияларын басқарып (1966-1976) 10 жыл қызмет атқарды.
Содан кейінгі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрінде 20 жыл жетекші әнші ретінде қызмет атқарып «Қазақконцерт» жанынан «Жазира» аспаптық ансамблін ашып 10 жыл еңбек етті. Көптеген жастар осы ансамблден тәрбие алып шықты. Олардың әншілік таланты халыққа кең танылды.
Үшкіршілік, заман легіне сай дыбыс жазу техникасының арқасында қаншама әндер таспаға жазылып, ән табақ пен кассетаға, дискілерге түсіріліп, келешекке ұмытылмас естелік, тарихи тәбәрік болып қалуда.
Кезінде, қазақ музыка өнерінің шаңырағын көтеріп, өнерімізді әлемдік деңгейге көтерген Кенен Әзірбаев, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Асқар Тоқпанов сияқты көптеген ардагер аталарымыздың көзін көріп, таусылмас тағлым алған азамат.
Содан кейінгі екінші бір өнер керуенінің майталман дүлдүлдері Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин, Нұрғиса Тілендиев, Мәмбет Бестібаев, Еркеғали Рахмадиев, Фуат Мансуров, Тұрғыт Оспанов, Кенжебек Күмісбеков, Мәлғатдар Әубәкіров сияқты ағаларымен араласып, бірге жүріп үйренді, өмірлік сабақ алды, мол тәжірибе жинақтады, өнер сапарларында үзеңгілес болып бірге жүрді.
Қазақ радиосында, тұңғыш ашылған қазақ телевизиясындағы қызмет атқарған жылдары жас әншінің шырқау шағы. Бұл үгіт – нәсихат мекемесі әнші үшін үлкен өмір тану, өнер әлемінің сыр сандығын терең ашқан парасат академиясы болды.
Күндіз – түні шаршауды білмей қызмет істейтін жас мамандардаң қатарында жүріп 20 жыл бойы бір рет те қызмет демалысын пайдаланбай курортқа немесе басқаша бір жайма шуақ жағдайда емін – еркін демалмастан еңбек етті. Негізгі атқарар шаруа редакцияның эфирге шығатын бағдарламасын дайындау болғандықтан күнделікті, сахнаға шығып ән айтуға немесе дайындық жасауға уақыт келе бермейтін. Сол себептен жыл сайын жазғы демалыста филармониялық үлкен оркестрлер мен солардың концерттік топтарымен гастроліне шығып кететін. Сөйтіп жүріп ел танып, жер көрді. Байтақ елінің барлық аудандарын аралап, өз Қазақстанын өз көзімен көрді. Совет Одағын тегіс аралап шықты. Қазақстан өнер қайраткерлері сапында, одақтас республикалардың өнер шеберлерімен бірге жер шарының барлық материктерінің топырағын басып, мұхиттарына шомылды.
Бұның бәрі жәй мақтау үшін емес, әншінің өнерін байытуға, орындайтын әндерінің ауқымын кеңейтіп, мазмұнын тереңдетуге пайдасы өте мол болды, саясатқа көзі ашылды, санасын шыңдады, өзінің өнердегі орнын сараптауға өмірдегі арман – мақсатын айқындауға мүмкіндік берді.
Нұрғали әнші ретінде бахытты жан деп есептейміз. Себебі, өткен ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің жоғарғы қарқынмен дамыған 60-70 жылдарда, ән жанрында тамаша дарын – таланттарымен жарқырап шыққан, өз творчестволарымен күллі қазақ әндерінің жоғары деңгейінде қалыптасып өркендеп өсуіне тікелей зор ықпал еткен Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сияқты жұлдыздар, алғаш шығарған әндерін Нұрғалиға арнап, соның даусына ылайықтап жазды. Ол солардың әрқайсысының қалаулы жеке орындаушысы болып жүрді. Осы авторлардың көп жаңа әндері бірінші рет Нұрғалидың орындауында қабылданып, соның орындауында сахнаға шықты. Соның арқасында халық қошаметіне ерекше бөленді, және сондай жауапкершілікті өзі де түсініп жүрді. Сол кездердегі жаңа стильдегі қазақ әндерінің тұңғыш орындау мәнерлері мен ұлттық нақыштары қалыптасты. Өзімізге тән дәстүрлі ән орындау үрдістері халықтың құлағына сіңіп, қазақ әнінің жанрлық формасы дараланып ұлттық сипат алуына Нұрғалидың өнері де айтарлықтай үлес қосты.
Әрине, бұл кезеңде қазақ сахнасында үздік әншілік дарындарымен жарқырап шыққан Жамал, Роза, Бибігүл, Рәбиға сияқты апайларымыз бен қатар Байғали, Мүслім, Ришат, Суат сияқты ағаларымыздың да ән әлеміндегі еңбектері орасан зор болды. Сондай-ақ Нұрғали, Зейнеп Қойшыбаева, Бахыт Әшімова, Ескендір Хасанғалиев, Гүлвира Разиева, Венера Қармысова, Лаки Кесоглу сияқты көптеген замандастарымен жарқырап қазақ эстрадасының сахнасына шықты. Міне, содан бері 50 жылдан аса сахна жұлдызына айналды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген облыс орталықтарындағы ұлт – аспаптар оркестрлерінің, ұлттық ансамбльдерін құруға үздіксіз атсалысып, көмектесіп келеді.
Бұл күндері Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармонияда әншілік қызметі шабытты жалғасуда.
Өткен ғасырдың ұлы композиторы, музыканты Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестріне шығармашылық көмегін көрсетіп келеді.
Нұрғали Нүсіпжанұлы «Отырар сазы» оркестрінің кітапхана қорына 100-ден аса ән шығармаларын өз қаражатына (пенсиясына) оркестрлік партитураларға түсіріп оркестр кітапханасына тапсыруда. Олардың ішінде Нұрғиса ағамыздың көзі тірі кезінде оркестрге өзі түсіріп үлгермеген біраз әндері де баршылық. Мұндай парасатты бастаманы әншінің ұлы композиторға деген Азаматтық Махаббаты деп түсінгеніміз абзал.
Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжан әр жылдары өнер сапарымен Швеция, Финляндия, Монғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Греция, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша және Қытай елдерінде болып, жемісті концерттер беріп, қазақтың музыка өнерін жан – жақты насихаттап кайтты.
Нұрғали Нүсіпжан шексіз творчестволық өмірінің тағы бір бағыты ол – ауыл мәдениеті, ауыл өмірі. Халықтық дәстүріміздің сарқылмас бастауы, туған жердің болашағына деген перзенттік борышын ақтасам дейді.
Туған ауылында Ата – Бабаларына бағыштап бақ отырғызу ісіне де кірісіп жатыр. 10 гектар көлеміндегі алқапта орналасқан «ауыл бағында» әлемде өсетін түрлі ағаш түрлерінің 40 – 50 мыңдай көшеттерін отырғызсам деп армандайды. Бастаған ісіне Алламыз жар болсын!
Әншіде Егеменді елдің музыка мәдениетінің дербес болашағына деген ой – жоспары жетерлік. Алла қаласа, бұл игі істері Жамбыл атындағы Қазақ Мемлкеттік филармониясының алдағы атқарар тіршілігімен бірге атқарылады деген үміті бар. Халқымен бірге көрер жақсы күндері көп бола бергей.
Соңғы жылдары ел азаматтары атап өткен өнер сахнасындағы 50 – жылдық мерейлі мерзім аралығында тындырылған істеріне есеп беретіншақта, осы өткен өнер жолында да шолу жасауына тура келіп отыр.
Осы күндері де құдайға шүкір, сахнаға жаңа әндермен шығуда. Нұрғалиға арнап ән жазатын авторлары азайған жоқ. Керісінше, музыканы кәсіп етпейтін, бірақ өнерді жанындай сүйетін өнерпаз азаматтар да ел ішінде көптеп саналады. Шығармаларына сараптама жасатып ой – пікірін білуге құмар жас авторлары баршылық.
Қазақ радиосының алтын қорында жинақталған әндерін сұрыптап көргенімізде бүгінге дейін 120-дан асатын автор – композиторлардың әндерін елге насихаттап, орындап, жарыққа шығарып үлгеріпті. Ал, күнделікті эфирден беріліп, радиотыңдаушыларына жарты ғасыр бойы еңбек етіп келе жатқан қазақ радиосының «алтын қорындағы» әндері бүгіндері 400-ге жақындап қалыпты.
Бір қызығы, осы уақытқа дейін, осынша көп дүниеден елге таратып сату үшін бірде – бір әнді дүкен сөрелеріне шығармапты. Бас – аяғы 20 компакт дискіден асып кететін әндері болашақта қазақ әндерінің жинақ антологиясы түрінде арнайы жүйемен жарыққа шығару ойымызда.

Пікірлер

.15.11.10 12:06

Қазақ жұрты ғана емес түркі тілдес алыс-жақын шет елдердің де халықтары ерекше құрмет тұтатын Нұрғали ағамыздың “Ардақтылар” сайтында алар орны айрықша. Н.Нүсіпжанов ХХ ғасырдың екінші жартысы-ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ өнерінің жез таңдай көрнекті өкілі бола отырып, тарихта мәңгі өшпестей із қалдырар тұлға десек артық айтқандық емес. Сайт Қазақстанның өнеріне еңбегі сіңген басқа да өнер қайраткерлерімен толыға түссе құба-құп болар еді. Іске сәт ағайын!

.15.11.10 12:17

Құрметті Нұрғали Нүсіпжанұлы “Отырар сазы” оркестрін қолдап, демеп келе жатқаны белгілі. Оркестрдің кітапхана қорын да толықтырып отыр. Нұрғали ағамыз аман-есен ұзақ жасасын! Ойландыратыны өзінің артынан одан әрі оркестрді өрге домалатар шәкірті кім болмақ екен?

.06.12.10 11:18

Нұрғали аға мен сіздің әндеріңізді өте катты суйіп тындаймын,Аллам сізге әркашан разы болсын,өмір жасыңыз ұзақ болсын.ізгі ниетпен:Ботакөз

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: