Әубәкір Ысмайылов

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әубәкір Ысмайылов (1913-1999 жж.) – қазақ кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960 ж.).
1913 жылы қазіргі Қарағанды облысы Тельман ауданында туған.
1928 жылы Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, 1932 жылы Вхутемасты (Г.К. Савицкийден), 1938 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітірді.
1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газеті мен Петропавл өлкетану мұражайында суретші, 1933-1935 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1938-1944 жылдары Қазақ драма театрында суретші әрі режиссер болды.
1939 жылы Қазақ филармониясы жанында ұйымдасқан алғашқы халық би ансамблінің көркемдік жағын басқарды.
Ә. Ысмайловтың «Қарағанды шахтасы» (1930-1932 жж.) графикалық, «Сарысу даласы» (1939-1940 жж.) сулы бояумен салынған топтамалары мен «Құрманғазы халық арасында» (1934 ж.), «Қарсақбай жұмысшыларының Аманкелді отрядына қосылуы» (1937-1938 жж.), «Торғайға таң атты» (триптих, 1939-1940 жж.). «Исатай-Махамбет» (1942 ж.), «Бәрі де майдан үшін» (1944 ж.), «Абай достарымен бірге» (1947 ж.), «Бурабай» (1971 ж.), «Екібастұз» (1974 ж.) картиналарында туған жер табиғатының сұлу көрінісі, тарихи және тарихи-революциялық тақырып шынайы бейнеленген.
Ол бірнеше драмалар (У. Шекспирдің «Отеллосы», М.О. Әуезов пен М. Ақынжановтың «Исатай-Махамбетін» т.б.) мен қазақтың халық билерін («Айгөлек», «Дауылпаз», «Қаражорға») қойып, режиссер әрі балетмейстер ретінде танылды.
Актерлік өнермен шұғылданып, Қожанасыр (Хұсайыновтың осы аттас пьесасында), Медведьев (Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринінде»)  және т.б. бейнесін жасады. Киноға түскен («Көгілдір маршрут», «Тақиялы періште»).
Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдарымен марапатталған.
Еңбектері негізінен Алматыдағы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Палжан Жанат 2016-01-26 14:09
маган Қажымұқан киносы керек еді отиниш тауып бериниздерши
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Кумырканова Айнура 2016-01-26 14:08
Бұл адам Абылай бейнесін кайдан алды?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту