Әмина Ерғожақызы Өмірзақова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Әмина Ерғожақызы Өмірзақова – қазақ актрисасы. Қазақ КСР халық әртісі (1965 ж.).
1919 жылдың 8-наурызында Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.
1938 жылы Ленинградтың театр өнері училищесін бітірді.
1938-1940 жылдары Шымкент драма театрында, 1940-1942 жылдары Қазақ драма театрында, 1942-1949 жылдары «Қазақфильмде» қызмет атқарды.
1949 жылдан Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының актрисасы.
Басты рөлдері: Баян (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында»), Луиза (Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында»), Смеральдина (К. Гольдонидың «Екі мырзаға бір қызыметкерінде»), Шауали (М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринінде»), Рәбиға (Ш. Құсайыновтың «Рәбиғасында»), Кенжегүл (Қ. Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керегінде»), Алтынай (Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалімінде») және т.б.
1943 жылдан киноға түскен: Ана («Ана туралы аңызда»), Тана («Тақиялы періште»).
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1961 ж.).
Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Базарбаева Гүлсәби 2016-01-26 14:05
Әмина Өмірзақованың өмір баяны маған қатты ұнады.Сіздерге көп алғыс айтамын!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту