Қорамсаұлы Ақан сері

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қорамсаұлы Ақан сері (Ақжігіт, 1843-1913) - қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туып-өскен жері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңы. Топырақ бұйырған жері Айыртау ауданындағы Бұлақ басы, Құлагер құдығьі, Құлагердің ақ шарбағы деген жерлер. Шыққан тегі — Арғын ішіндегі Қарауыл руы. Әкесі Қорамса, шешесі Жаңыл қарапайым шаруа адамдары болған. Алғашкыда ауыл молдасынан сауат ашып, сонан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесінде оқыған (1856-1859). Мұнан кейін өз ауылына қайта оралып, өнер жолына бір жола өмірін арнаған. Халық Ақанның бойындағы қайталанбас биік өнерді жоғары бағалап, оның сұлу сырлы өлеңдерін сүйіп айтып, өнерге өмірін арнаған бекзаттығын қадірлеп "Акан сері" деп атаған.

Ақан сері алғашкы әйелі Бәтимадан Ыбан (Ыбырайым) есімді бір перзент көрген. Бәтима өлген соң Үрқия атты қызға үйленіп, онымен ұзақ отаспаған. Ақанның "Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия" деп басталатын өлеңі осы Үрқияға арналған. Ақын өмірінде - өшпес із қалдырған адам - Ақгоқты сұлу. Ақтоқтыға үйленуді тағдыр Ақанға жазбаған. Ақанның "Ақ көйлек", "Аужар", "Алты-басар", "Ғашық жарға", "Тағрипың" деп аталатын терең сырлы, ғажайып сезімге толы әндері осы Ақтоқтыға арналған.

Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, "Құлагер", "Маңмаңгер", "Көкжендет", "Екі торы ат", "Алай көк", "Тер қатқан" сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның "Көкшетау", "Сырымбет", "Кербез сұлу" деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махаббаттың жарқын айғағы.

Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айрықша ықпал еткен.

Ақан серінің әншілік-композиторлық болмысы дара. Оның шығармалары әуендік — нақыс-ырғағы жағынан да, тақырып өресі тұрғысынан да қазақтың классикалық ән өнерінің үздік үлгілері болып табылады.

Ақан сері әндері Қазақстан композиторларының шығармаларына арқау болған. Е.Брусиловский "Жалбыр" операсына Ақан серінің "Құлагер", "Балқадиша" әндерін қолданса, Д.Мапуцин "Балқадиша" әнінің тақырыбына вариация жазған. Қазақтың әйгілі ақыны I.Жансүгіров "Құлагер" поэмасында, жазушы-драматургтер Ғ.Мүсірепов "Ақан сері — Ақтоқгы" трагедиясында, С.Жүнісов "Ақан сері" романында, көрнекті композитор С.Мұхамеджанов "Ақан сері - Ақтоқты" операсында Ақан серінің бейнесін тұлғалады.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# ҚАСЫМОВА САМАЛ 2016-01-27 11:14
НЕГЕ АКАН СЕРІНІҢ ТОЛҒАУЛАРЫ АЗ
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# AS 2016-01-27 11:14
Ақан Серіге арнаған эпиграф тауып берініздерші
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ..белгисиз 2016-01-27 11:14
magan kazaktin anwi akindarinin kornekti okili akan seri degen wugarma tauip berinwa
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Каримова Назгуль 2016-01-27 11:13
Ақан сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ерметай Салтанат 2016-01-27 11:13
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# неизвестно 2016-01-27 11:12
Фариза Онгарсынованын Шерхан Муртазага жазган эпиграфын тауып бериндерши отинемин тезирек
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ЖАНЕЛЬ 2016-01-27 11:12
Маган акан серінін өлендері керек еді.Кім біледі?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Наргиза 2016-01-27 11:12
Ақан серінің өлеңдері керек еді. Алдын ала рахмет!!!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Қуантқан зинегүл 2016-01-27 11:11
Ақан серінің Балқадиша өлені керек еді
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гульжайнат 2016-01-27 11:11
Ақан серінің өмірі,шығармашылығы,қазақ музыкасына қосқан үлесі жайында реферат керек 18,19 бет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# don 2016-01-27 11:11
nege Kulager filmin korsetpeidi?????ol turali malimet kerek
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камила 2016-01-27 11:10
Мына мәліметке рахмет... өздеріңнің проблемаларынды жазатан сайт емес бұл а так...)) Пікір қалдырындар...проблема емес
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айша 2016-01-27 11:10
Салем,баршаны3га! Маган Акан шыгармаларынын тарбиелик мани керек еди...плиииз
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Эля 2016-01-27 11:10
большое спасибо вам
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Шынар Боранова 2016-01-27 11:09
өте тамаша рахмет сіздерге
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Саят 2016-01-27 11:09
“Топырақ бұйырған жері Айыртау ауданындағы Бұлақ басы, Құлагер құдығьі, Құлагердің ақ шарбағы деген жерлер.” депті. жалпы Кулагер кудыгы деген жерлер Айыртау ауданындагы Кенашы деген ауыл манында, Косколге жакын. Ал Акан серинин бейити осы аудандагы Карасев ауылынын жеринде
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Саят 2016-01-27 11:09
Ақан серi ауылы қонысынан айрылып, орнына қазiргi Коморовка селосы орнағанда, ескi мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серiнiң мiнген аты) егiнге түстi деген сылтаумен ұстап алып, сатып жiберiптi. Бiрақ ол выборнайға, сотқа арызданғанмен әдiлдiкке жете алмай, содан “Қаратай” өлеңiн жазған.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Саят 2016-01-27 11:08
“Атығай, Қарауылдың ат жетер жерiне жаназа айтты. Ақанды арулап жөнелтудiң жауапкерлiгiн Мәмбетәлi өзi алды, – дей отырып, – Ақанның сүйегiне елдiң әншi, ақындарын түсiрдi. ...Ақанның сүйегiн Мәмбетәлi бастаған елдiң игi жақсылары көтерiп үйден алып шықты. Зират басында Мәмбетәлi сөз сөйледi. Жай сөйлемедi, көзiнiң жасы омырауына тамшылап, жылап сөйледi. “Мың кiсiлiк Ақан ағам-ай, бiр кiсiнiң өлiмiнде кеттiң-ау”,– деп көп жылады”, – дейдi.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Гүлбану 2016-01-27 11:08
маған осы керек
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Анарбек 2016-01-27 11:07
Акан серинин (Ак жигит) Бал Кадиша деген ыры-өлеңи керемет.Бул ырды укканда ыйлабай уга албайсың,анткени ар кимибиздин көкүрөгүбүздө сүйүү бар жана сүйүүгө чалдыкканбыз десем мен аша чапкандык кылбайм го дейм.Себеби менда 44 жашымда 18 жаш акылдуу,сулуу кызды сүйүп калдым,ал кыз мени биринчи сүйүптүр.Убагында аялымды,уул-кыздарымды таштап кете албадым,анткени аялымды да убагында сүйдүм,уул-кыздарымды да жакшы көрөм,ортодо 5-6 жылдай убакыт өтүп кетти,сүйгөн кызым экөөбүз бир кыздуу болдук,сүгөнүмдүн келечегин ойлоп,турмушка чыгууна батамды бердим.Ушунчалык сүйгөнүм үчүн,ушул убакка чейин кыйналуудамын.Акан серинин БалКадишасын угуп көзүмдөн жашым токтобойт.Кайран өмүр өтүп жатат.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# серікбай маханұлы 2016-01-27 11:06
ҚАРСЫБАЙ БАТЫР .
Толқытып . Сөзі , әні .
Серікбай Маханұлынікі .
Ер Қарсыбай естен кетпес ерлігің ,
Іргесінде оқ боратқан Еділдің .
Фашистердің отыз алты танкісін
Отқа орап , тарих болды есімің .

Қайырмасы :
Миномет оғы атылды ,
Қолдағы мина жарылды .
Дұшпанның қирап танкісі
Лаулады жанып өрт алды
Қарсыбай батыр атанды .

Өмір өшпес мәңгі қалды сенімің ,
Ерлік дастан жүрегінде елімнің .
Топырағы гүл оранған Төрткөлден
Тағзым етті ұрпақтарың , өзіңнің .

Қайырмасы :
Мақтан еттік азаматтық ер ісін ,
Сыйға тартқан Отанына жеңісін .
Жарық жұлдыз жарқырайды көгімнен
Болашаққа шашу етіп жемісін .

Қайырмасы :
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# жауап берем 2016-01-27 11:06
“Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алты-басар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту