Қожағұлұлы Біржан

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қожағұлұлы Біржан (1825-1897) – қазақ халкының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылы. Топырақ бұйырған жері Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жер. Шыққан тегі — Орта жүз Ақсары Керей, оның ішінде Көшебе. Үлкен әкесі Қожағұл Бертісұлы Ресей отаршыларының қысымын көріп, 1826 жылы Көкшетау, Ақмола өңіріне қарай қоныс ауыстыруға мәжбүр болады.

Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдык орыс-қазақ мектебін оқып бітірген. Сонан соң осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер Көшебелі көп Керейге аттары мәлім ақын, өнерпаз болған. Бұлар Біржанға діни ғибадатшылыққа қоса, ән-күй өнерін, ақындық-жыршылықты, қол өнерінің алуан түрлерін, атбегілікті, аңшылық-саятшылықты үйреткен. Тіптен тоғызқұмалақ, дойбы ойындарына дейін терең меңгеріп шығуға мән берілген. Яғни, Біржанның болашақ сал-сері атағына лайық болып, өнердің үлкен жолына түсуіне бірден-бір негіз болған. Ол Қызылжар медресесінен араб, парсы, шағатай тілін меңгеріп, оң-солын танып, өз ортасының сауатты адамы болып шыққан.

Біржан сал қазақ халқының  әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сазбен, асқақ рухпен бедерленіп отырды. "Ақтентек", "Біржан сал", "Айбозым", "Алтын балдақ", "Айтбай", "Көкек", "Жоныпалды" сияқты әндері қазақ ән өнеріне шырай беретін, шоқтығы биік асыл туындылар.

Біржан салдың сан-сала өнерпаздық қырының бірі — оның айтыскерлігі. Біржанның айтыс ақыны ретіндегі тегеурінді дарыны ақын Сарамен айтысында жарқырай көрінеді. "Біржан-Сара" айтысы қазақ сөз өнеріндегі қанатты шабыт-тың, эстетикалық биік өренің, өмірді реттеу мен бейнелеудегі пәрменділіктің жарқын үлгісі болып табылады.

Өз кезегіндегі Біржан салдың биік өнері Жаяу Мұса, Басығараның  Қанапиясы, Құлтума,  Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты әнші-композиторларға тікелей ықпал етіп, тағылым болып, ән өнерінің одан әрі өріс ұзартуына шапағатын тигізді. Біржан мен Сара айтысып арқау ете отырып, композитор М.Төлебаев әлемге әйгілі "Біржан-Сара" операсын дүниеге келтірді.

Біржан сал өмірінде төрт рет некелі болып, он бір ұл сүйген адам. Бірінші әйелі Балқаштан - Ақыл, Алтынбек, Әділбек, Мақұлбек, екінші әйелі Ләйләдан - Ахметжан, Ахметбек, үшінші әйелі Айтбайдан - Ахметқали, Айтжан, Айтмұхаммед, төртінші әйелі Әпіштен - Теміртас, Қалкен есімді ұлдар туған. Әлеуметтік ауыртпалық, репрессия зобалаңы, соғыс салдарынан осы балалардың ішінде тек Теміртастан ғана ұрпак жалғасты. Теміртастан Мұхаммедқали туған.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# умит 2016-01-27 11:04
рахмет коп коп!сидин сайтыныздан коптеген акпараттар таптым!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сатыбалды 2016-01-27 11:04
kop kop raxmeeeeeeeeeet
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# біржан сал 2016-01-27 11:04
маған біржан салдын өмір баяны керек 10 беттік мәнжазба
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# айнура 2016-01-27 11:03
рахмет сиздерге!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ұлықбек 2016-01-27 11:03
Көп көп рахмет Алланың нұры жаусын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# гулназ 2016-01-27 11:02
рахмет коп-коп
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Салтанат 2016-01-27 11:02
Халқым сіздерден өтінерім, дәстүрлі әндердің тарихын сайттарыңызға енгізіңіздерші!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Орынбаева Улмекен 2016-01-27 11:02
Kop-kop RAXMET koptegen malimet ala aldim
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Венера Мейірбек 2016-01-27 11:01
Тамаша,сіздерге алгысым шексіз!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Исабекова Гулбаршын 2016-01-27 11:01
көп мәлімет алдым; рахмет!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Есенгелди Нурилла 2016-01-27 11:01
бундай кезинде атакты болган адамнын омири жайлы бул малиметтер аздык етеди деп ойлаймын.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Umka 2016-01-27 11:00
Kop -Kop rahmet Alla razi volsin.Kop malimet akdim kitapta jok tin dunieler!!!!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нұргүл. 2016-01-27 11:00
Көп көп рахмет... осы сайт арқылы көп мәлімет алдым. Аллах бәріңізге риза болсын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Нұргүл. 2016-01-27 11:00
Сара туралы мәліметкерек еді.... өтінем көмектесіңіздерші... өтінем...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сақынбаева Молдир 2016-01-27 10:59
Рахмет сиздерге коп акпараттар алдым)) Иске сат сиздерге))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Балгабай нурдаулет 2016-01-27 10:59
РАхмет сиздерге
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ДОБРЫЙ АНГЕЛ ИЗ АДА 2016-01-27 10:58
оте жаксы рахмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айка 2016-01-27 10:58
раxмет сздерге керек малiмет к0п екен
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ақжол Жұмаш 2016-01-27 10:57
рахмеет-рахмеет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ismagul0va Nazken 2016-01-27 10:57
K0p-k0p raxmet sizderge!0si sait arkili k0ptegen malimetterge kanik b0ldim. Alla jar b0lsin!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Maksutov Aslan 2016-01-27 10:56
kop kop rahmet!kerekti malimetter kop eken
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Пошанова Айжан 2016-01-27 10:56
өте жақсы кең көлемді,бұл композитор туралы білуді қалайтын едім сол ойыма жеттім деп ойлаймын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Семберген Айдана 2016-01-27 10:56
Рахмет. Издегенимнин барин таптым.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мадина Абишова 2016-01-27 10:54
УАУ! КОП РАХМЕТИК!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ЕЛДОС 2016-01-27 10:54
ОСЫНДАЙ ҚАЗАҚТЫН САЙТТАРЫ КӨБЕЙЕ 6ЕРСІН )
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ХХХХХХХХХ 2016-01-27 10:53
Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы дүниеге келген!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту