Қастеев Әбілхан

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияла-рында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# ЖАДЫРА 2016-01-27 11:31
Мен Ә. Қастеев атамыздың жерлесімін. Жаркент тек қана алға!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камалиева Тогжан 2016-01-27 11:31
Әбілхан атамызға ұқсаган суретші болуды армандаймын!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Камалиева Тогжан 2016-01-27 11:30
Әбілхан Қастеев туралы тағы көбірек мәліметтер болса...
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Индира 2016-01-27 11:30
rahmet dostar
Kasteevke thank you
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жалғас 2016-01-27 11:30
Әбілхан Қастеев мағлүмат аз және орыс тілінде бірақ мықты алға
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Елдана 2016-01-27 11:29
Мен Әбілхан Қастеев атаның жерлесимин. Ол кісінің туған жері туралы коп жерде нақты жазылмаған. Ол киси ШЕЖІН ауылында дүниеге келген.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Aijan 2016-01-27 11:29
Әбілчан Қастиев атамыз туралы көбірек мағұлмат болса
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Балтабековна Гульдан 2016-01-27 11:28
Әбілхан Қастиев туралы маліметтер аз жане де суреттерин интернетке жиберсе менда дизайнер мамандыгын окып жатрм
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Kim En Na 2016-01-27 11:28
Kasteevtin SuretteRi KerK Et
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# медина 2016-01-27 11:28
Әбілхан Қастеев күшті бірак ол жок
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Адаев Ақжол 2016-01-27 11:27
Әбілхан Қастеев атамыз сиақты суретші болсам деп армандаймын
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту