Сүлейменов Тимур Бимашұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Тимур Бимашұлы Сүлейменов - 1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабулақ ауылында туған. Қазақ. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ле- нин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Халықаралық өнер академиясының академигі. ҚР Көркемөнер академиясының қурметті академигі. Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы. Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы. Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан. «ҚР республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн- бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, Республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі. Астана қаласындағы саяси жазалау шаралары құрбан- дарына арналған мемориалдың және «Атамекен» этно- мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы; Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің ав- торы және оны салған ужымның жетекшісі. Талдықорған орталығын, Ақтау қаласындағы бірқатар объектілерді қайта құруды басқарған. Алматы және Астана қалалары дизайн-бағдарламала- рының жетекшісі. Астана және Апматы қалалық ортасын дамыту жобаларының авторы. Бірқатар кітаптар дизай- нының авторы. 1959 жылдан - әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған. 1965 жылдан - «Қазқалақұрылысжобалау»» жобалау инс- титутының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі. 1968 жылдан - «Алмаатагипрогор» инс- титутында сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұры- лысжобалау» институтының жобалар бойынша бас сәу- летшісі. 1982 жылдан - Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі. 1987 жылдан - «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ құру бастаушысы, негізін салушы, президенті. «ДАРТ» шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының дирек- торы. ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. «Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты. «Пара- сат» (2005)орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Респуб- ликасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Құрметті сәулетшісі. Діни көзқарасы - ұстамды сопы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н. Мандела. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжау жаса- маймын, бірақ білімді демократия, серпінді дамыған және егеменді ел болады деп сенемін». Хоббиі - гүл өсіру, бақ өсіру, кескіндеме, поэзия. Сүйіп оқитын әдебиеті - Конфуций, Қоран, X. Мураками, П. Васильев, О. Хайям. Үйленген. Жубайы - Сүлейменова Надежда Викторовна (1955 ж. т.), «ДАРТ» ЖШС менеджері. Қызы - Сүлейменова Сәуле Тимурқызы (1970 г. p.); ұлы - Сүлейменов Тамерлан Тимурұлы (1990 ж. т.). 2 немересі бар.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту