Роза Тәжібайқызы Бағланова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Роза Тәжібайқызы  Бағланова – қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі (1967 ж.), Халық қаһарманы (1996 ж.).
1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.
1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.
1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан Соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.
1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.
Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).
Р. Бағланова Кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін орындайды.
Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарда болды.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.
Р. Бағлановаға арнап сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев ән жазған.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Бакытжан 2016-01-28 09:40
Роза Бағланованың өмірден озғанын естип, қатты қайғырдым...Ол нағыз әнші еді....ол өзі өлседе оның өлеңдері өлмейді.....халық оны қадірлейтін болады, оны ешқашан ұмытпайды және ұмытылмайды да........
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сарсенбеков Нурсултан 2016-01-28 09:39
Роза Тәжібайқызы-ерекше талант, дарын иесі. сонымен қоса-қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ержүрек батыр қызы. Оның өмір жолы ешкімді бей-жай қалдырмайды. ал дауысы-жүректен шыққан ғажап үн. Сахнада өзін қалай ұстайды. Роза Бағлановадай ешкім сахнада өзін-өзі ұстай алмайды. Киген киімдерінің өзі неге тұрарлық. Роза Тәжібайқызы шынында да тірі.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Сарсенбеков Нурсултан 2016-01-28 09:39
Жақында Ақтөбе қаласында қызметтік сапармен барған болатынмын... Әңгімеден әңгіме шығып, Роза Бағланова туралы айта бастадық. Сонда Біреудің: “Мен Роза бағланованың өмірден озғанына сене алмаймын. Мен үшін ол кісі мәңгі өмір сүретіндей болып көрінетін”...дегені есімде.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мырзагелдиева Әнел 2016-01-28 09:39
Роза Тәжібайқызы Бағланова өте керемет әншщі болған.Оның дауысы бұлбұлдың нәзік дауысындай болған Роза Бағланова өмірден кетсе де ол біздің мәнгілік жүрегімізде сақталады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# tamila badirova 2016-01-28 09:38
рақмет
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# нұрхан лаура 2016-01-28 09:38
Роза Әлқожа өте керемет әнші маған ұнайды.өмірден озғаны өкінішті.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту