Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туылған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы ) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976), Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген артисі (1994) [1].

1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултеті н (профессоры ауылы Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Сол жылдан Қазақтың мемлекеттік академ. драма театрының құрамында актер. Осы театр сахнасында алғаш ойнаған рөлдерінің бірі – қаласында Байсейітов пен қаласында Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясындағы Сұлтан. Бұдан кейін Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» мен «Құдағи келіптісінде»), Мағауия (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абайында»), Мұса (З.Ақышевтің «Жаяу Мұсасында»), Дүрбіт (Ә.Тәжібаевтың «Майрасында»), Достоевский (О.Бодықовтың «Дала тұтқынында»), Бөпіш, Сығанақ (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал» және «Кемеңгерлер мен көлеңкелерінде»), Сәтнәсіп (А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында»), Алдар Көсе (Ш.Хұсайыновтың осы аттас комедиясында), Бірсімбай, Дулат, Жәмеңке (Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қарагөзі» мен «Қилы кезеңі» бойынша), Қасым (Қ.Мұқашевтің «Парторгында»), Елдар Көмекбаев (Ә.Әбішевтің «Кәусарында»), Жолдас Жанғазиевич, Ес (Б.Мұқайдың «Тоят түні» мен «Өмірзаясында») соңғысы Қазақтың мемлекеттік академ. жастар мен балалар театрының спектаклі бойынша), Ормантай, Айтөре (Д.Исабековтің «Кішкене ауылы» мен «Ескі үйдегі екі кездесуінде»), Әбілқайыр (Т.Ахтановтың «Антында»), т.б. сан алуан сахналық мінезкейіпкерді жан-жақты, шынайы ашып бейнелеуімен Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев актерлік өнерінің мол мүмкіндігін байқатты. Әсіресе Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев репертуарындағы Жантық (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында»), Сүйеу (Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» бойынша), Исабек (Ш.Айтматов пен Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде») және Бұқар жырау (М.Байсеркеұлының «Абылайдың ақырғы күндерінде») рөлдері актерлік шеберліктің үрдіс үлгісі саналады. Актер сахналық шағын рөлдердің шебер орындаушысы ретінде де белгілі: Есен (Б.Майлиннің «Майданында»), Қойшы (Айтматовтың «Ана – Жер-анасында») және Кезбе музыкант (М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында»). Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев аударма және дүниежүз. классикалық драматургия туындылары бойынша қойылған спектакльдерде Ескендір (М.Т. Байджиевтің «Жекпе-жегінде»), Сергей (А.Н. Афиногеновтің «Ана жүрегінде»), Байков (А.В. Софроновтың «Әкімдігінде»), Мекемтас (С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде»), Свердлов (А.Я. Каплердің «Ленин 1918 жылында»), Эгист (Л.Дюрконың «Электра – сүйіктім меніңінде»), Бернард Шоу (Дж. Килтидің «Сүйкімді суайт» радиоқойылымы бойынша), Қараев (М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде»), Ібіліс (Қ.Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентінде»), Дуанбасы (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Серебряков (А.П. Чеховтың «Ваня ағайында»), т.б. рөлдерді орындап, өзінің өткір мінезді актер екенін де танытты. Ол – ойнайтын сахналық кейіпкерінің психолог-әлеуметтік жағын баса көрсетуге ұмтылатын, актерлік шеберлігі жоғары суреткер. Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев 1972 жылдан киноға түскен, кезінде «Қымызхана» телеспектакліне де (Шөңгебай рөлі) қатысқан. 1970 жылдан Қазақтың мемлекеттік академ. драма театры студиясында педогогткалық қызметпен шұғылданды. Қазақтың мемлекеттік академ. драма театры құрамымен Ширазда (Иран, 1973), Нансиде (Франция, 1984),т.б. қалаларда болды. Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев кезінде КСРО мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комитеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының. жөніндегі комитеттің мүшесі болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының. лауреаты (1994, соңғы жылдардағы рөлдері үшін). «Парасат» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту