Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (01.04.1925-1998 жж.) – қазақтың күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы.  
Туып-өскен жері – Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері – Жамбыл кесенесінің іргесі.
Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н.П. Аносовтың класы бойынша) бітірді.
Қазақтың Абай атындағы Опера және балет театрында (1953-1961 жж.), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964 жж.) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998 жж.) бас дирижер қызметін атқарды.
Сондай-ақ, 1968 жылы «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
Қазақстан Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО халық әртісі Н.Тілендиевке 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол – 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы.
Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырды: ән, күй, романс, уветюра, поэма, кантата, опера, балет т.б.
Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958 ж.), «Менің Қазақстаным» кантатасын (1959 ж.), Қ.Қожамьяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961 ж.), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962 ж.), «Халық қуанышы» (1963 ж.), «Қайрат» (1964 ж.), «Жеңіс солдаты» (1975 ж.) сияақты уветюраларын атауға болады.
Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу-нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.
Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.
Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдері әрқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Нұрғисаның сазгер, дирижер, орындаушы  ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер сал-серілер өнері адамның жан-жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста-төк болып, шалқып-шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессонализмді қалыптастыра алды.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Аманегльдинова Айдана 2016-01-27 16:09
менінше Нұрғиса Тілендиев атамыз қазақ топырағына,жеріне өшпес із қалдырды
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# kuka 2016-01-27 16:09
мұндай адамдар өмірде аз
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Назым 2016-01-27 16:08
Мен бул кисиге улкен рахмет айтамын !!! Осы кисинин ” Акку ” атты керемет куйинин аркасында биз конкурста осы оленге билеп жулдеге ие болдык !!! РАХМЕТ сизге улкен улкен !!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы ақын , сазгер . 2016-01-27 16:07
Н Ұ Р Ғ И С А .
(Баллада )
Көкке ән тарап мың алау ,
Есімі мәңгі тұр анау .
Нұрғиса өлмес мұра ғой
Шыңдағы биік жанар тау .

Көз көрген айтар тірілер ,
Толқиды тынбай теңіздер .
Жетпіс бес жасқа келіпсің
Болмаса күйің кім іздер ?

Дүние от болып жанса да ,
Қиын іс қандай болса да .
Мерейлі тойын бастайық
Нұрғиса бүгін ортада .

Ән салады жап - жас сәбилер ,
Нұрғиса күйін әлдилер .
Шаттықпен бақыт орнатып
Шамдарын жақты әр үйлер .

Көркімен баурап жан – жағын ,
Бұлақтан ағар сан ағын .
Сайраса бұлбұл бақшада
Бөбектер тосар құлағын .

Ән мен күй сізден көремін ,
Арттырған адам беделін .
Қаһарман сазгер Нұрғиса
Құрметтеп сүйді өз елін .

Ғасырлар бойы жыл санап ,
Ұрпақтар туар жалғасып .
Құрманғазыдай — Нұрғиса
Жүрекке қалар жатталып .

Алатаудай бір асқақтап ,
Әлемнің күйін ардақтап .
Елімен бірге Нұрғиса
Өнермен жүрді сыр сақтап .

Алатау әнін шырқатып ,
Көктем күнін жырлатып .
Сәбилер сазын жинады
Атасы күйдің атанып .

Күмбірлеп тарап күйлерің ,
Думанға толды үйлерің .
Дарханды көңіл күй сұрап
Таңменен атты түндерің .
Оркестрін ойнатып ,
Адамдарды ойлантып .
Келешегін ән етті
Ұрпағына сайратып .

Күйін тартса сыңғырлап ,
Құлағыңа сыбырлап .
Жатқандай бір нәзік үн
Оятады тұр – тұрлап
Құрманғазы күй тартса ,
Он тоғызыншы ғасырда .
Нұрғисада күй тартты
Жиырмасыншы ғасырда .

Құрманғазы - Нұрғиса ,
Жүрегіңе нұр құйса .
Жалғастырып өнерді
Екеуіндей ұл туса .

Жылағанды жұбатып ,
Жабыққанды қуантып .
Көңіліңе нәр берсе
Ән шырқаймыз сұратып .

Күй бабасы Қорқыттан ,
Қалған мұра толыққан .
Қобыздарға тіл бітіп
Нұрғиса боп толқытқан .

Тамылжыған көктемде ,
Нұрлы шуақ төккенде.
Талай күйші өмірге
Отырар сазын шерткенде .

Ел сенімін ақтадың ,
Шындық сөзді жақтадың .
Ізденумен бір тыныш
Ауырсаңда жатпадың .

Қаһарманы елімнің ,
Өнерге шын берілдің .
Аққан жұлдыз секілді
Көк жүзінен көріндің .

Қаһарман ер ат саған ,
Биік шыңнан басталған.
Ел басшымыз Нұрсұлтан
Өз қолымен тапсырған .
Еңбек еттің халыққа ,
Есімің тарап жарыққа .
Күмбірлеттің күйіңмен
Көзіңді қадап нарыққа .

Баяулаттың сызылтып ,
Күңірендің сыдыртып .
Тартқан күйің өмірге
Тарап жатты ызғытып .

Жаңғыртып тұр заңғарларды ,
Таңдандырып надандарды .
Отырар күй сазыңменен
Жібітесің аяз – қарды .

Қиялы боп елестердің ,
Армандары емеспедің .
Күйді тартып арамызда
Тұрғандай боп елестедің .

Кездерің бар тамашадай ,
Көрінесің балаусадай .
Бұл өмірге бірақ келген
Ер тұлғалы Нұрғисамай .

Әнмен отты жандырып ,
Нақыл сөзге қандырып .
Естігенде күйіңді
Ауырсамда кетем жазылып .

Өзің сұлтан төресің ,
Биік шынар көресің .
Ақсақ киік құланның
Күйін тартып бересің .

Ақ көңілді мінездерің ,
Таусылмайтын саз – сөздерің .
Башпайыңмен күй тартқан
Балалық шақ кездерің .

Қандай қызық ойласам ,
Өмір бойы ойнасам .
Оқып білім алғанда
Нұрғисадай мен болсам .
16. 10 . 2000 ж .
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту