Латиф Абдулхайұлы Хамиди

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – 1906 жылы 17 шілдеде бұрынғы Татар АССР-нің Апас ауданында дүниеге келген. Белгілі композитор, Қаз ССР-нің халық артисі, Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ташкент ағарту институтын, бірінші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің класы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген. Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” шығармалары композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Л.Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы - этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде ел есінде қалды. 1933 жылдан Алматы қаласында тұрды. Қазақ ССР-інің халық артисі, еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1933 жылдары қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, оны нотаға түсіруге атсалысты.

Шығармашылығы

1935 жылы Семей қаласына барған сапарында М. О. Әуезовтің кеңесімен Абайдың немересі Әрхам Ысқақовтан ақынның «Айттым сәлем, қалам қас», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Желсіз түнде жарық ай», «Сен мені не етесің», «Тәңірі қосқан жар едің сен», «Қор болды жаным», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Сұрғылт тұман» әндерін, Абайдың ән шығармашылығын жақсы білетін әншілерден «Сегіз аяқ» пен «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің 2-нұсқаларын, ал Әуезовтен «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әнін жазып алды. Сөйтіп, ол ақынның музыкалық мұрасын тұңғыш рет толық нотаға түсіруші болды. Сол жылдарда ол Абайдың «Қор болды, жаным», «Айттым сәлем, қалам қас», «Көзімнің қарасы», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сегіз аяқ» әндерін жеке әншіге, көп дауысты хорға арнап өңдеп, оларға фортепианолық сүйемел жазды. А. Жұбановпен бірлесіп «Абай» операсын (1944) жазды. Ол қазақтың жаңа музыка мәдениетіндегі Абай әндерінің игерілуі, опера жанрындағы ақын бейнесі жөнінде бірнеше мақала жазды. Бұл мақалалардың көпшілігі «Әндер, романстар, «хорлар» (1957), «Балаларға арналған фортепианолық пьесалар» (1965), «Абай» операсы» (1966) деген кітаптарына енген. Л. Xамиди Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# қайырбек нурбек 2016-01-27 14:58
неге ішінде кіттайак
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту