Жұбанов Ахмет Қуанұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жұбанов Ахмет Қуанұлы (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948). Туып-өскен жері Ақтөбе облысының Темір ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ.Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П.Черняктан сольфеджио, скрипка, музы-ка теориясы бойынша) сабақ алады. 1929 жылы Ленинградтың (Петербург) М. И. Глинка атындағы техникумында (А. А. Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф. А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.

Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, ро-манстар мен хорлардың, аспаптық-симфониялық және вокаль-дық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері - Л. Хамидимен бірлесіп жазған "Абай" (1944) және "Төлеген Тоқтаров" (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған "Құрманғазы" (1970) операсы.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп-тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп-насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А. Қ. Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың  музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан жойдасыз еңбек етті. Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын на-қтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды. Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттік филормониясы, Қазақ кон-серваториясы, оңдағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне осының бәрінің ұйытқысы А.Қ.Жұбанов болды. Мұның сыртыңда дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады. А.Қ.Жұбановтың мұрыңдық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші-күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.

А Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орыңдаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени-рухани шежіресіңдегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.

 Дереккөз: М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. – 2009 ж.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту