Жолжақсынов Досқан Қалиұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Досқан Қалиұлы Жолжақсынов (7.10.1951 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Балықшы ауылы) – актер, әнші, Қазақстанның халық артисі (1995; 1987 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі (1996). Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1973). 1971 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрының актері. 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Жолжақсынов театр мен кинода 200-ден астам бейнелерді сомдады. Театрда ойнаған алғашқы рөлі – Х.Вахитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяды” спектакліндегі Қылышбек (1972).
 
 Досхан Қалиұлы

Бұдан кейін орындаған рөлдері қатарында Сыматбек (Ж.Тәшенов пен И.М. Саввиннің “Қаладан келген қылжақбасында”), Сырым (Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың “Өзімді іздеп жүрмінінде”), Қазақбай (Ә.Тарази мен Қ.Ысқақовтың “Апа, апатайында”), Сәмет, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” мен “Ақан сері – Ақтоқтысында”), Глумов (А.Н. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”), Әзберген (Ә.Таразидің “Қндетінде”, Қазақстанның Мемлекет сыйлығын, 1996; Түркі тілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Актер халық әндері мен қазіргі композиторлар әндерін шебер орындаушы ретінде де танымал. Жолжақсынов – ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. Әскербек (“Гаһартаста”, 1976), Хамит (“Даладағы қуғында”, 1979), Мұрат (“Алтын күзде”, 1979), Мұндызбай (“Ақ барыстың ұрпағында”, 1984, соңғы екеуі “Қырғызфильмде”), Дәуір (“Омпада”, 1997), т.б. рөлдері арқылы Жолжақсынов дарынды киноактер ретінде кеңінен танымал болды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1982).

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Алмас Әбдрахманұлы 2016-01-27 09:58
Досхан ағамыз қазақтың біртуар актері және іншісі екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар. Өкінішке орай ағамыздың орындауындағы әндері мен күйлерін таба алмай отырмын. Қайдан тапсам болады
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту