Жаманова Роза

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Роза Үмбетқызы 1928 жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында туды. Әке-шешесінен ерте айырылған Роза жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Музыкаға деген сүйіспеншілікпен ол габойда ойнауды үйрене бастады. Дегенмен, оның ең ынтызарлығы фортепьяно аспабын игеруге жетеледі. Талдырмаш келген, қуыршақтай Роза оқудан бос уақытын музыка аспаптарында ойнауға арнады. Тәрбиешілер, мектеп мұғалімдері Розаның музыкаға деген жоғары қабілетін байқап, Орал музыкалық училищесіне қабылдануына жол ашты. Оның вокалдық дарындылығын сольфеджио сабағына қатысқан ұстаз А.Б. Муравьева танып Розаға бір ән айтуды ұсынды. Табиғатынан биязы қыз қанша қысылса да даусы айтарлықтай анық, жақсы шықты. Әрі қарай Роза Н.Дмитриева-Лещенконың тәрбиесіне өтеді, одан вокалдық тәжірибиенің бастапқы сабағын ала бастайды. Одан әрі ұстаздықты Б.Горский жалғастырды. Училищені үздік бітірген Роза консерваторияға қабылданды. Мұнда ол профессор А.Курганованың класынан вокалдық сабақтар алды 1953 жыл. Консерваториядағы оқу мерзімі аяқталды. Бұдан бір жыл бұрын ол дирижер Исидор Аркадьевич Зактың ақылымен Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданды. Алда опера және балет театрының солистігі өзіне тартады. Бір жыл өтер-өтпесте оған Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын орындау тапсырылды. Әрине бұл өнердегі оған артылған сенім үлкен. [1]Театр басшылары, әртістері, тыңдармандар бірден-ақ Роза Үмбетқызының сахналық пісіп жетілгендігін, дауыс диапазонының мол мүмкіншілігін байқады. Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасында» бас партияны орындағанда оның дарынды әншілігіне жаппай танымалдық келіп жетті.Роза Жаманованың шетелдерге гастрөлдік сапарлары жемісті өтті. Шебер әншінің орындауындағы ән тілмашты қажет етпей-ақ музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегіне жете алды. Ол Канадада, Үндістанда, Италияда, Швецияда, т.б. да елдерде қазақ музыка өнерін, классикалық операларында партияларды аса шеберлікпен танытты.

Абай атындағы қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1953 ж. қызмет істейді. Жаманова Жібек пен Ақжүністің (Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Ер Тарғыны”), Сараның (М. Төлебаевтың “Біржан мен Сарасы”),Ажардың ( А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайы”), Татьяна мен Иолантаның (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “ Иолантасы”), Амелияның (Дж. Вердидің “Балмаскарады”) және т. б. опералардағы басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Роза Жаманова күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әнші. Өзі сомдаған бейнелерді жете сезіну, жоғарғы вокальдық мәдениет - оның орындау мәдениетінің ерекшеліктері.

«Абай» операсынан Ажардың ариясы - Әні А. Жұбанов пен Л. Хамидидікі, М. Әуезовтің либреттосы, орынд. Р. Жаманова.

Роза Жаманованың тағыда бір елеулі еңбегі – оның ұстаздығы. 1987 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда профессор, вокал бойынша дәріс береді. Музыкалық жоғары оқу орындарында вокалдық әншілер үшін оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты, ал 2008 жылдан консерваторияда ақылшы-ұстаз. Ол 1962 – 1979 жылдар аралығында Қазақ театр қоғамының төрайымы болды. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі. КСРО халық әртісі Роза Жаманова Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, Парасат ордендерімен марапатталды. Сонымен қатар оған Моңғол мемлекетінің, Эстон республикасының, Шешен-Ингуш автономиялық республикасының құрмет грамоталары берілді.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту