Бикен Римова

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Бикен Римова тұрақты түрде бір-ақ театрда жұмыс істеді. Кейін Мұхтар Әуезовтың есімі берілген Академиялық драма театры оның өз үйінен артық болмаса, кем болған жоқ.

   Осы сахнада әр алуан әйелдер бейнесін жасады. Кейбіреуін ғана санап өтсек: Еңліктен кейін М. Әуезовтың «Қаракөзіндегі» Маржан, «Абайындағы» Зейнеп, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Жер-ана, «Жәмиләсындағы» Жаңыл, «Ақ кемесіндегі» Әжей, Әбділда Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш – орман емесіндегі» Фарида, «Майрасындағы» Майра, Ғабиден Мұстафиннің «Миллионеріндегі» Жанат, Әбіш Кекілбаевтың «Абылайханындағы» Әулие-ана, Мольердің «Сараңындағы» Элиза, Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Пошлепкина, Н. Островскийдің «Шындық жақсы, бақыт одан да артығындағы» Мавра Дурасова, Шахмет Хұсайыновтың «Алдар көсесіндегі» Меңсұлу, «Сырымбет саласындағы» Зылиха, Тахауи Ахтановтың «Кездесейсоқ кездесуіндегі» Ғайни, Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен Ажалындағы» Сары жорға.

   Бөле-жара атауға болатын образдың бірі – «Абай» драмасындағы Зере. Азуы алты қарыс Құнанбайдың анасы, болашақ данышпан ақынның әжесін сахнада сомдау екінің бірінің қолынан келмейді.

   Сахнада талай образдар жасап, көпшілікке кеңінен танылса да өзінің көкейінде көптен жүрген бір образды ол соңғы рет ойнағанында шығарды. Ақын-драматург Иранбек Оразбаевқа өзі айтып, қазақтың ең бір сыршыл сазгері Естай өмірінің соңғы кезеңін бейнелейтін драма жаздырды. Жастайынан ғашық болған Қорланға Естай бір емес, бірнеше ән арнаған. Оның бәрі ел аузында. Бірақ тағдыр екеуін қоспаған.

   Ал мына пьеса Естайдың да, Қорланның да қартайған шағын бейнелейді. Ресей жақтағы бай қазаққа тұрмысқа ұзатылған Қорланды Естайдың іздеп барғаны – тарихи шындық. Бикен Римова жасы жетпістің мол ішінде де «сыны кетсе де сыры кетпеген» Қорланның бейнесін аса бір тебіреніспен, тұңғиық терең сезіммен ойнаған. Бұл – ұлы актрисаның сахнамен де, өмірмен де қоштасар алдындағы аққу әніндей көрініс еді...

   Сахнаға шыққаннан бастап бақытты ғұмыр кешкен Бикен әпкеміздің балалық, жастық шағы өте қасіретті болған. 1923 жылы бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал ауданында туған ол кішкентай кезінде қажымас, қайсар шешесімен бірге Қырғызстанға барып жан сақтады, қаңғырған кездері де бар – қысқасы 20-30-жылдардың барлық қасіретін көзімен көрген.

   Оны өнердің айдынына алып шыққан тума таланты. Шахаңдай жар сүйді, бала-шағасының қызығын көрді... Бар жұбаныш, бар қуанышы сол!

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Әсел 2016-01-26 15:32
Менің ұнататын актрисам, актерлік шеберді меңгермеген адам болсам да, бұл кісіні шебер актер деп санаймын. Сол кісідей шебер актрисалар Қазақстанның кино саласында көбейе берсін!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Серікбай Маханұлы. Ақын-сазгер. 2016-01-26 15:31
Қорланды іздеу.
Асықпай, баяулата. Сөзі,әні: Серікбай Маханұлы.
Сұлулықты көркімен тамсандырған,
Қыздар қайда бұл күнде жанып тұрған?
Бір анадан туылған қос қарлығаш,
Құсни, Қорлан, Естайға ән салдырған.
Қайырмасы:
Іздесең Қорланыңдай хор қызын,
Сүйе біл махаббаттың жалғызын.
Естайдай, Бағдат, Мысыр барсаңда,
Сақтағын ғашықтардың дәм-тұзын,
Жігіттер қапы қалма сол үшін.

Кімдер жеткен ойына армандаған,
Бар ғаламда бұл әнде шарықтаған.
Маралдыдан Естайда бір қыз көріп,
Қорлығайын сұлуға-ғашық болған.
Қайырмасы:
Мақсатыңа жігіттер жетермісің,
Қолда бұлғап құр бекер өтермісің.
Уа, дариға толқысып туған айдай
Құсни, Қорлан қайта бір келермісің?!
Қайырмасы:
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту