Өлмесекова Гүлмира Базарбайқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Өлмесекова Гүлмира Базарбайқызы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-да «Бөбек» психоневрологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғары санаттағы балалар неврологы.

         Өлмесекова Гүлмира Базарбайқызы 1966 жылы 27-сәуірде Семей қаласында қызметкерлер отбасында туған. Әкесі Өлмесеков Базарбай Қаратайұлы қаржыгер-экономист мамандығы бойынша көп жылдар бойы Семей облысындағы Мемлекеттік Сауда және Тұтынушылар кооперациясында басшылық қызметтерде жұмыс атқарды. Анасы Өлмесекова Зинайда Тайчубайқызы да қаржыгер-экономист мамандығымен Семейлік қаржы-экономикалық техникумының мұғалімі және бас бухгалтері болып жұмыс істеді. 1983 жылы Семей қаласының №6 орта мектебін бітіріп, 1983-1989 жылдар аралығында Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінде білім алды. Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінде оқи жүріп, балалар хирургиясы, неврология бөлімдерінде тазалықшы, мейіргер болып жұмыс істеді.

         Өзінің дәрігерлік еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасында бастады. 1989-1990 балалар неврологиясы бойынша интернатурадан өтті. 1990 жылдан бастап осы аурухананың балалар неврология бөлімшесінің невролог-дәрігері болып жұмыс істеді.

         1994-1996 жылдары неврология бойынша Семей мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординатурасын бітірді. Осы жылдары алғаш рет институттың студенттеріне жалпы неврология бойынша сабақ береді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Гүлмира Базарбайқызы ұжымның Кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде сайланды.

         1999 жылдан бастап балалар неврология бөлімшесінің меңгерушісі болып және Семей қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар неврологы болып тағайындалды. Ауыр науқастармен,                      1 жастан 15 жасқа дейінгі неврологиялық патологиясы бар балалардың диагностикасы және емдеумен айналысты. Облыстық, қалалық, аудандық, селолық емдеу ұйымдарына емдеу-профилактикалық және консультативтік көмек көрсете білді. Түнгі кезекшілік, санитарлық авиациямен көмек көрсету, Медицина академиясының және медицина колледжінің студенттеріне балалар госпиталінде балалар неврологиясы бойынша семинарлық сабақтар жүргізу, нәрестелік кезеңнен бастап нерв жүйесінің бұзушылығы бар балалардың өмірі үшін күрес - балалар неврологы Гүлмира Базарбайқызының күнделікті жұмысы болды.

        Медицина саласында 30-ға жуық мақала, 2 рационализаторлық ұсыныс жарияланды.

         2007 жылы Республикалық балаларды оңалту орталығына жұмысқа шақырылды. «Қадам» психоневрологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

         Ол өзінің біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласында АМДБЖИ, Астана қаласының Астана медицина университетінде, Денсаулық сақтаудың қоғамдық мектептерінде, Мәскеу қаласында Росздрав Ресей мемлекеттік медицина университетінде «Нейро-ортопедиялық патология кезінде қалпына келтіру терапиясы» бойынша, АҚШ, Техасс балалар госпиталінде тағылымдамадан өтеді, Австрияда Зальцбург-Филадельфия семинарына қатынасты, Данияда «PHTLS Provider Course», «Train the Trainer», Falck Group атты курстарда білімін толықтырды. Үнемі біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, заман талабына сай әдістерді қолдана біледі. Тәжірибелі, білімді, ұжымда беделді өз ұстанымы бар маман. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, реабилитологтар қауымдастығының, ҚР неврологтар қауымдастығының мүшесі.

         Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегінің арқасында және қазіргі таңда қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаментінің алғыс хатымен, Медицина қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен, 2012 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту