Қуатбаева Балсия Мұқышқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қуатбаева Балсия Мұқышқызы 1955 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған. 1974 жылы №4 орта мектебін бітіргеннен кейін Алматы Мемлекеттік Медицина институтына түсіп, 1980 жылы педиатрия факультетін бітірді.

1980-1981ж.ж. Торғай облысында Арқалық қаласының облыстық аурухана базасында педиатр дәрігер мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Интернатурадан кейін Есіл аудандық ауруханаға инфекциялық бөлімшенің меңгерушісі болып жұмысқа бағытталады.

1989-1991 жылдары балалар инфекциясы мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында клиникалық ординатурадан өтті. 1992 жылдан бастап Арқалық қаласының облыстық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Астана қаласының ЖИТС қалалық орталығында 1998 жылдан бастап емдеу-алдын ала көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі болды, Астана қаласының АИТВ/ЖИТС пациенттеріне емдеу-алдын ала көмек көрсету қызметін ұйымдастырды. 2009 жылдың ақпан айынан бастап РБОО АҚ-да Сапа қызметі және пациенттер қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, емдеуге жатқызу және пациенттер қозғалысын басқару бөлімінің меңгерушісі және 2013 жылдың тамыз айынан бастап РБОО АҚ филиалының директоры лауазымында қызмет істеуде.  

Жұмыс барысында өзін білімді, жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Жақсы ұйымдастырушы, тәртіпті және жауапты қызметкер болып саналады. Үнемі өз білімін жетілдіреді, кәсіби деңгейін көтереді.

Жұмыс уақытында «Инфекционные болезни, включая ВИЧ/СПИД инфекцию с основами клинической иммунологии и иммунокоррекции» циклі бойынша Сакт-Петербург қаласында МАПО базасында біліктілігін жетілдірді. Мамандану: Америка Халықаралық Денсаулық сақтау Одағы өткізген   "Профилактика передачи ВИЧ от матери ребенку". Украина, Киев, Белоруссия, Минск, Бішкекте өткен АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша халықаралық семинарларға қатысты. Алматы қаласында Сорос-Қазақстан қоры өткізген «АРВ терапия және мультидисциплинарлық команданы қалыптастыру» тренингіне қатысты, 2006 жылы Польша Варшавада.                     2008 жылы Эстонияда -   медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша.         2009-2013 жылдары JCI бағдарламасы бойынша оқулар.

Ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатынасады. Бастамашыл. Әлеуметтік мәселелерге қазіргі заманғы көзқарасы бар. Пациенттердің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық проблемаларына үлкен түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды. Өз жұмысына сауатты талдау жасайды, қойылған міндеттерді белгіленген уақытта орындайды, ағымдағы мәселелерді шешуге ұсыныстар енгізеді. Өзінің объективті өзіндік пікірі бар. Қызметкерлер және ЕАҰ арасында сыйлы, Астана МУ инфекциялық аурулар кафедрасында сабақ береді, инфекционист дәрігердің жоғары санаты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша екінші санаты бар, қайырымды, өзінің кәсіби білімімен бөліседі.

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту