Қаюпова Нина Әмірқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1936 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында туған. Қазақ.

 Әкесі – Молдағалиев Әмір (1902–1976), кеңестік партия органдарында қызмет еткен. Анасы – Молдағалиева Биғайша (1914–1972), үй шаруасындағы жан болған.

 Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірді (1959), емдеуші дәрігер; Алматы мемлекеттік медициналық институтының аспирантурасын бітірген (1965).

 Медицина ғылымдарының докторы (1988). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Аса қатерлі топтағы екіқабат әйелдерде кезігетін акушерлік асқынуының алдын алу». ҚР Алдын алу медицинасы академиясының профессоры, академик (1995 жылдан бері).

 «Қазақстанда әйелдердің босануға қабілетті денсаулығын қорғаудың ұлттық саясаты» (1996), «Екіқабат жағдайындағы аса қатерлі топтар» (1996), «Аборт және отбасын жоспарлау» (1997), «Перинатальдік биохимияның негіздері» атты монографиялардың, 200-ден астам мақаланың авторы.

 1959 жылдан бастап  – Алматы қаласындағы №1 перзентхананың акушер-гинекологы. 1962 жылдан - Алматы мемлекеттік медициналық институтының аспиранты. 1965 жылдан – Ана мен баланы қорғау ҒЗИ-дың кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1971 жылдан – Алматы мемлекеттік медициналық институтының ассистенті, кафедра доценті. 1976 жылдан – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы. 1981 жылдан – директордың орынбасары, 1983 жылдан – Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік және гинекология ҒЗИ-дың директоры. 1991 жылдан – Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 1999 жылдың қазан айынан – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комиттеттің мүшесі.

 2003 жылдан бері – Ана мен баланы қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері – «Акушерлік, гинекология және перинатология» журналының бас редакторы.

 Қазақ республикалық әйелдер кеңесінің Төрайымы (1991–1995). Қазақстан Әйелдер кеңесінің төрайымы (1995 жылдың маусым айынан). ҚР Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі кеңестің Төрайымы (1995–1998). ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер мен отбасы істері жөніндегі Ұлттық комиссия Төрайымының орынбасары (1999–2005). Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

 ҚР-ның 12-ші  шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Депутаты.

 «Парасат» орденімен наградталған (1994). Бейбіт және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының лауреаты (1996).

 Діни көзқарастары – «Қасиетті сезімдерді құрмет тұту».

 Саяси тұлға мұраты – Н.Ә. Назарбаев.

 Қазақстанның болашақ болжамы – «Аса дамыған, мықты зияткерлік және ғылыми-техникалық пәрмені бар білімді ел».

 Хобби – спортпен шұғылдану.

 Әдебиетке құмарлығы – поэмалар, нақыл сөздер, хикаялар.

 Отбасын құрған. Зайыбы – Қаюпов Саясат Қаратайұлы. Қызы – Лаура (1958 ж. т.), медицина ғылымдарының докторы.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту