Тайтубаева Гүлнар Құсайынқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Тайтубаева Гүлнар Құсайынқызы, жоғары дәрежелі невролог - дәрігер, медициналық оңалту орталығының бастығы. Омбы облысында 1971 жылы 27-мамырда туды. Мектепті бітіргеннен кейін Омбының медициналық училищесіне түсті, мейіргер мамандығын алып, Омбы облыстық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеді.

1944 жылдан 2000 жылға дейін – Омбының медициналық мемлекеттік академиясында оқыды.

2000 жылы Омбының медициналық мемлекеттік академиясында емдік факультетін аяқтаған соң, неврология және нейрохирургия кафедрасында нейрогенетика курсымен неврология бойынша интернатурадан өтті.

Омбының облыстық клиникалық ауруханасында қалпына келтіре емдеу неврология бөлімшесінде дәрігер болып жұмыс істеді. Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтумен айналысты, Омбы ауданында, Омбы облыстарында емдік-профилактикалық, сонымен қатар жедел неврология бойынша және санитарлық авиацияда консультативтік көмек көрсетті.

Санкт-Петербургте балалар неврологиясы бойынша мамандандырудан, Мюнхен қаласында (Германия) балалар оңалтуы бойынша тағлымадан өтті, Пекин қаласында (Қытай) қытай дәстүрлі медицина семинарына қатысты. Мақалалар, тезистер жариялады, 2 патенттің бірлескен авторы болып табылады.

2007 жылдан Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ жұмыс істейді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін невролог дәрігер болып жұмыс істеді, 2011 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі, 2013 жылдан медициналық оңалту бөлімінің бастығы. Алғыс хатпен, медицина қызметкерлерінің ОК кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтаудың үздігі» марапатталды.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту