Сұлтанова Гүлшат Мұғалқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Сұлтанова Гүлшат Мұғалқызы 1962 жылғы 1-сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл селосында өмірге келген. Зайсан қаласында 6-сыныпты аяқтап, 1975 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түскен. 1979 жылы мектеп бітіріп, Қарағанды политехникалық институтына түсіп, 1984 жылы «Машина жасау пәндерінің инженер-оқытушысы» мамандығын алып шыққан.

Жолдамамен Талдықорған қаласына барып, 1984 жылдан 1997 жылға дейін кәсіптік-техникалық білім беру саласында, №4 Кәсіптік-техникалық училищеде кәсіптік білім беру шебері, сол училище директорының оқу-өндірістік жұмыс бойынша орынбасары, облыстық әдістемелік кабинет директорының орынбасары, облыстық білім беру басқармасының жетекші маманы қызметтерін атқарған. 1997 - 2000 жылдарда Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған №24 лицейде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет істеді.

2000 – 2007 жылдары Алматы қаласында мектеп директорының орынбасары, ЖШС директоры, техникалық колледж директорының орынбасары, Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтында әдіскер болып еңбек етті.

2007 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ әлеуметтік-педагогикалық оңалту қызметін басқарып келеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің (1997), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (2012), Талдықорған облыстық білім беру басқармасының (1995), «Ұлттық Медициналық Холдинг» АҚ (2009) Құрмет Грамоталарымен, «Нұр Отан» ХДП Алғыс хатымен, басқа да мадақтамалармен марапатталған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіподақ ұйымының «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгісінің иегері.

Жолдасы Сейсембеков Толқын Әділжанұлы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ ортездеу және модельдеу зертханасының меңгерушісі, қызы Кәмиля Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту