Санжар Асфендияров

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Санжар Асфендияров - мемлекет қайраткері, тарихшы, профессор,  Алматы ұлттық педагогикалық университетінің және Алматы Медициналық университетінің негізін қалаушы және алғашқы ректоры. 1889 ж. Ташкентте дүниеге келген. 1915 ж. Орыс армиясында дәрігер қызметін атқарған. 1917 ж. Бұхара, Ташкент Кеңесінің құрамында болған. 1919-1920 жж. Түркістан КСР Халықтық ДС комиссары, 1920 ж. Түркістан жер-су шаруашылығының комиссары, 1921-1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің мүшесі, 1923-1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1927-1928 жж. Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының басшысы, 1928-1931 жж. Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, 1930 ж. Қазақ АКСР Өлкетану бюро орталығының төрағасы, 1931-1933 жж. Қазақ медициналық университетінің ректоры, 1933-1937 жж. Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Тарих секторының меңгерушісі болған. С.Ж Асфендияровтың білім және ғылым саласына қосқан үлесі орасан зор. Бүгінгі еліміздің жоғарғы қара шаңырағы санатындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1928 жылы есігін айқара ашты. Оқу орнының ашылуында С.Ж. Асфендияровтың ұйымдастырушылық қызметі айрықша болғанын ұмытпағанымыз абзал. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің ұйымдастырушысы, оның ректоры міндетін қоса атқарды. С.Ж. Асфендияров кең ауқымды білімі мен тарихи-әдістемелік зерттеулерін ұштастыра отырып келесі еңбектерін жазды: - ”История Казахстана с древнейших времен”. - ”Прошлое Казахстана в источниках и материалах”. - «Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане» монография. 1935-1936 жж. С.Асфендияров профессор П.А. Кунтемен бірлесіп «Прошлое Казахстана» атты екі томдық дереккөздер жинағын жарыққа шығарды. Орта мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрді. С.Ж. Асфендияровтың география саласына қосқан үлесі де зор. Ұлы географиялық ашылулар кезінде басқа әлеммен байлыныссыз болған Орта Азия жерлерінің Атлант мұхитына шығатын құрлық жолдарының ашылуына өз үлесін қосты. Географиялық зерттеулерді оқып біле отырып көшпенділер тұрақтануға көшпейінше, отырықшы мемлекеттерге тәуелді болатындығын айтап кеткен болатын. 1937 жылы С.Ж Асфендияров заңсыз түрде қуғынға ұшырап ақталмаған күйде атылып кетті. 1989 жылы Қазақ ССР министрлер кеңесі С.Ж Асфендияровтың мемлекеттің, қоғамның, педогогика және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесін ескере отырып оның ақталып шығуына атсалысып, өзі негізін қалаған Алматы мемлекеттік медицина университетіне атын беруді ұйғарды. Сонымен қатар, ұлы қоғам қайраткерінің құрметіне ескерткіш тас қойылды.

Content 2
Content 3

Пікірлер  

# Мұхаммед 2016-01-28 10:50
көмегі көп болды!РАХМЕТ!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# оля 2016-01-28 10:50
салеметсиз бе маган асфендияров коллед бар ма актобе каласында жане кай калаларда бар отиниш суракка тез арада жауап кутем
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Иманғалиева Меруерт 2016-01-28 10:49
салеметсіздерме!алла каласа мен биыл спорт мектебін бітіремю бітіре сала сіздерге СЭС факультетіне тускім келет. Проходной балл канша жане грант болама? асыға жауабын кутем.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Думан Қаппас 2016-01-28 10:49
рахмет көп көмектесті
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Улкен Котак 2016-01-28 10:48
УЛКЕН КОТАК, КОМЕКТЕСКЕН ЖОК
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту