Садыбаева Гульнар Қасиқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Садыбаева Гульнар Қасиқызы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-да сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі бөлімінің басшысы болып 2007 жылдан бастап қызмет атқарады.Қоғамдық денсаулық сақтау/денсаулық сақтауды ұйымдастыру ісі бойынша жоғары біліктілік санаты маман сертификатының иегері.

Садыбаева Гульнар Қасиқызы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір селосында қызметкер отбасында дүниеге келген. Әкесі Садыбаев Қаси көп жылдар ауыл шаруашылығы саласында басшылық қызметтерді атқарған, өз ауданының құрметті азаматы. Анасы Қуатбекова Гүлжахан 40 жылдан астам орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып істеген. Жеткіншек жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде өте көп еңбек сіңірген қадірменді мұғалім. Қазір екеуі де құрметті еңбек демалысында. 7 бала тәрбиелеп өсіріп, бәріне де жоғары білім берген, халқына сыйлы, еліне еңбегі сіңген ардагерлер.

Садыбаева Гульнар Қасиқызы 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіргеннен кейін, Шымкент қалалық балалар ауруханасында 1982-1983 жылдары балалар дәрігері бойынша интернатурадан өтті. Өзінің дәрігерлік еңбек жолын 1983 жылы шалғайдағы селолық дәрігерлік амбулаторияда участкелік педиатр болып бастады. 1984 по 1987 жылдар аралығында Шымкент қаласында участкелік педиатр жұмысын атқарды. 1988 - 1990 жылдары Алматы қаласында мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының педиатрия саласы бойынша клиникалық ординатурасын бітірді.1991 – 2003 жылдары Алматы қаласы № 1 қалалық клиникалық ауруханада дәрігер неонатолог болып жұмыс істеді.

2004 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық қызметке көмек көрсетуді бақылау Комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасында дәрігер сарапшы, бас маман қызметтерін атқарды

Ол үнемі өз білімін жетілдірумен айналысып келеді. Осы уақыт ішінде аккредитация элементтерімен медициналық қызмет сапасының ішкі аудитін ұйымдастыру, «ҰМХ» АҚ – JCI сапасының халықаралық стандарты бойынша бағдарламасы және Санкт Петербург қаласында медициналық қызметтің сапалы көрсетілуін сараптау сұрақтары бойынша маманданудан өтті.

2009 – 2010 жылдары Орталықты ұлттық аккредиттеуден өткізуге атсалысты. Орталық ұлттық аккредиттеу сертификатын 4 жыл мерзімге алды.

Сапа менеджменті және пациенттер қауіпсіздігі бөлімі, Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелері мен бөлімдерімен бірге ұйымдасқан түрде JCI халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындалуда.

Садыбаева Гульнар Қасиқызы алғыс хатпен, медицина қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтаудың үздігі» төс белгісімен марапатталды. Қызмет барысында өз замандастары мен әріптестері арасында беделді, әрдайым дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне құнды ұсыныс, ақыл кеңесін беріп отырады.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту