Ризванова Асия Рашитқызы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Ризванова Асия Рашитқызы 1968 жылы 23 наурызда қызмет етушілер отбасында дүниеге келген, ұлты татар. Анасы – Галимова Софья Сагитқызы, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, облыстық онкологиялық диспансерде хирургия кабинетінің мейірбикесі болып 40 жыл жұмыс істеген.

         1985 жылы Көкшетау қаласының №1 орта мектебін  үздік тамамдайды, 1985-1991 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия бөлімінде оқи жүріп, алдымен тазалықшы, кейін балалар ауруханасының жаңа туған балалар патологиясы бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істейді.

         Өзінің дәрігерлік еңбек жолын  1991 жылы Көкшетау қаласының облыстық балалар ауруханасында интерна-дәрігер, кейіннен 1994 жылы балалар емханасында педиатр дәрігер болып бастайды. 1999 жылы Казан мемлекеттік медицина академиясында балалар неврологиясы бойынша алғашқы маманданудан, сол жылы Омбы мемлекеттік медицина академиясында ультрадыбыстық диагностика бойынша алғашқы маманданудан өтеді. 1991 жылы Көкшетау қаласының «Болашақ» қалпына келтіру ауруханасында балалар невропатологы болып, бір уақытта балалардың миына ультрадыбыспен диагностика жүргізеді. 2003-2006 жылдары Алматы мемлекеттік  дәрігерлерді жетілдіру институтында «Ишемиялық гипоксия энцефалопатия салдарының клиника-нейросонографиялық сипаттамасы» тақырыбында диссертациямен айналысқан.

         2006 жылы нерв аурулары мамандығы бойынша медицина ғылымдарының ғылыми дәрежесі берілді. 2006 жылдан бері нерв аурулары мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының медицина ғылымдарының докторының ғылыми дәрежесінің ізденушісі. 2006 жылы балалар неврологиясы мамандығы бойынша жоғары санат сертификатын қорғады, «Балаларда мидың ишемиялық гипоксиялық зақымдануын болжау тәсілі» бойынша патент алды. 2007 жылы Мәскеу қаласында Ресей мемлекеттік университет базасында нейро-ортопедиялық патология кезіндегі қалпына келтіру терапиясы бойынша білім алды.

         2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Республикалық балаларды оңалту орталығында 2011 жылға дейін неврология бөлімшесінің  меңгерушісі, 2012 жылдан бастап бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде аккредитация элементтерімен медициналық қызмет сапасының ішкі аудитін ұйымдастыру сұрақтары бойынша маманданудан өтті, балалар неврологиясы бойынша біліктілігін арттырды, 15 семинарға және әртүрлі бағыттағы 12 мастер-класқа қатынасты.

         2011 жылы балалар неврологиясы мамандығы бойынша жоғары санат сертификатын растады. 2012 жылы Данияда PHTLS стандарттары бойынша шұғыл көмек көрсету бойынша тренинг жүргізуге халықаралық сертификат алып білім алды. Үнемі біліктілігін арттыру курстарынан өтіп заман талабына сай әдістерді қолдана біледі. Тәжірибелі маман, білімді, ұжымда беделді өз ұстанымы бар маман.         32 баспа жұмыстарым, балаларды оңалту бойынша ендірудің екі актісі, бір патентім бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін, реабилитологтар қауымдастығының, ҚР неврологтар қауымдастығының мүшесімін.

         Міне осындай еңбектері жақсы бағаланып, Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегінің арқасында және қазіргі таңда орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін Медицина қызметкерлері күніне орай ҚР Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен, ҚР министрінің құрмет грамотасымен, Ұлттық Медициналық Холдингі АҚ жанындағы «Нұр Отан» ХМП филиалының құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. тақырыбында диссертациямен айналысқан.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту