Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

«Алтын дәрігер», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісінің иегері, медицина ғылымдарының докторы Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы 1964 жылы 1 қазанда Қызылорда қаласында жұмысшылар отбасында дүниеге келген.

Оның әкесі Дәулетбаев Абайділда Сыздықұлы (1939-2009 ж.ж.) өзі туылған Қызылорда облысында ғана емес, Қазақстанға белгілі білімді де білікті инженер. Қырық жылдан астам еңбек жолының отыз жылын басшылық қызметте өткізген ол, кезеңінде 11 дүркін қалалық кеңестің, 3 мәрте облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. Төрт өнертапқыштық куәліктерін иеленіп, еліміздің ауылшаруашылығы саласына тың жаңалықтар енгізіп, өркендеуіне орасан зор үлес қосқан. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, мақтау қағаздармен марапатталған.

Анасы Күлжан да отанасының әдемі қазақы дәстүрін жақсы жалғастырып, отбасының құты, бала-шағаның берекесін келтіріп отырған ана, әже болып келеді.

Осындай өнегелі отбасының тәрбиесін алған Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы мектепті бітірген соң 1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1987 жылы тәмамдап, дәрігер-педиатр мамандығын алып шығады.

         1987-1988 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасы базасында бала хирургиясы бойынша интернатурадан өтеді.

         1988-1991 жылдары осы Қызылорда облыстық ауруханасында анестезиология және жансақтау бөлімінде дәрігер реаниматолог-анестезиолог, сонымен қатар 0,5 есппен хирург болып та еңбек етіп, қызмет жолын бастаған.

         1991-1993 ж.ж. Қызылорда облыстық аурухананың хирургия бөлімінде хирург болып, 1993-97 ж.ж. осы аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.

         1997-1999 ж.ж. А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының өңеш, асқазан және көкiрек қуысы органдары хирургиясы бөлiмiнде күндізгі докторантураны оқыды.

         1999-2003 ж.ж. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

         2003-2005 ж.ж. Қызылорда облыстық медицина орталығының директоры.

         2005-2006 ж.ж. Қазақ медицина университетінде ғылыми кеңесші.

         2006-2008 ж.ж. А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының өңеш, асқазан және көкiрек қуысы органдары хирургиясы бөлiмiнде бас ғылыми қызметкер.

         2008 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін Алматы медицина колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

         1995 жылы «Клинико-морфологические изменения слизистой оболочки желудка в зависимости от локолизации язвы» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2002 жылы «Диагностика и хирургическое лечение гастро-эзофагеальной рефлюксной болезни» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

         1 монография, 2 оқулық, 72 баспа жұмыстары жарық көрген және 9 өнертапқыштық авторы болып табылады. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертацияларды қорғау өткізілген.

         Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Жапония мен Германияда болып, мамандығын жетілдірген.

         2003-2007 ж.ж. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

         Отбасылы, 3 бала және 2 немере тәрбиелеп отыр.

PS. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, отбасына да, әулетіне де, досына да, қызметіне де, елі мен жеріне де адал, сонымен қатар ұлтжанды да Абайділданың ұлы Дамир де тәуелсіз Қазақстанның өркендеп-гүлдеуіне, медицина саласына арналған мамандар дайындап, жастарды тәрбиелеу ісіне қомақты үлес қосып келеді.

         Тек қана мемлекеттік тілде ақпарат тарататын, келешек ұрпақ үшін аса құнды болғалы отырған «www.Ardaktylar.kz Өнегелі өмір» ұлттық сайтының болашағына сенім білдіріп, шынайы түсіністікпен қабыл алып алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткені үшін Дәулетбаев Дамир Абайділдаұлы мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз және оған зор денсаулық, ұзақ өмір, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуі, жастар тәрбиесі мен медицина ғылымын дамыту жолындағы еңбегіне жеміс тілейміз!

Content 3

Пікірлер  

# Зоя 2016-01-26 16:33
Салеметсиз бе? Менің 4 жасар інім туылғалы бері тамақ ауруымен ауырады.Ауыл дәрігерлері бронхы деп емдеді. Аудандық емхана тамағында без бар сондықтан ауа жұта алмай демігіп қалады деп отыр Операция немесе лазермен емдеу керектігін айтты.Осы дұрыс па?Өзі 4 жаста болсадакейбір сөздерді анық айта алмайды,лазерден кейін сөйлей алмай қалмайма?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту