Дүйсекеев Амангелді

ДерекнамаМақалаларСуреттер

1942 жылдың 15 қазаны күні Қызылорда облысындағы Жаңа Қазалы кентінде дүниеге келген. Қазақ.

 Әкесі – Таңқаманов Дүйсеке (1897–1947) шаруа адамы болған. Анасы – Таңқаманова Тыным (1903–1983) шаруа әйел болған.

Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатриялық факультетін бітірген (1965), педиатр дәрігер.

 Медицина ғылымдарының кандидаты (1975), докторы (1995). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Хирургиялық шағын стационарлар».

 27 ғылыми еңбектің авторы.

  КОКП мүшесі (1974–1991).

 1965 жылдан – Алматы облыстық балалар емханасының дәрігері, бөлімше меңгерушісі. 1968 жылдан – Алматы қаласының №11 балалар емханасының хирург дәрігері, бас дәрігердің орынбасары. 1974 жылдан – бас дәрігердің орынбасары, 1981 жылдан – Алматы қаласындағы №2 балалар емханасының бас дәрігері. 1985 жылдан – Алматы қалалық Денсаулық сақтау Басқармасының бастығы. 1991 жылдан – Республикалық балалар ауруханасының бас дәрігері. 1992 жылдан – ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары. 1997 жылдан – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмектермен қамсыздандыру департаментінің бастығы. 1997 жылдың желтоқсан айынан – Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2004 жылдан – ҚР Парламентінің 3 шақырылған Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі Комитеттің мүшесі. 2007 жылдың тамыз айынан бастап – Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының ректоры болған. 

 2009 жылдан бері – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтымақтастық проректоры.

 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен наградталған. КСРО денсаулық сақтау үздігі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

 Әскери атағы – майор.

 Саяси тұлға мұраты – Н.Ә. Назарбаев, Б.Н. Ельцин.

 Қазақстан болашағының болжамы – «Халық пен мемлекет. Мемлекетіміздің болашағына сенемін».

 Хоббиі – судағы поло.

 Әдебиетке құмарлығы – М. Әуезов, Ш. Айтматов.

 Үйленген. Зайыбы – Омарова Мира Сейітбекқызы, дәрігер. Ұлдары – Айдар, Данияр.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту