Даирбеков Муслимбай

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Даирбеков Муслимбай 1938 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Толе би ауданының, Георгиевка селосында дүниеге келген. 

1956 жылы Даирбеков Муслимбай медициналық училищесінің тіс емдеу бөліміне оқуға түсті. Өндірісте тіс дәрігері болып жұмыс істеп жүріп, 1967 жылы Алматы Мемлекеттік Медициналық Институтын бітіріп, өз ісінің маманы ретінде тіс дәрігері болып жумыс істеді.

1960 жылы Панфилов аудандық ауруханада тіс дәрігері болып қызмет атқарды.

Ол өзінің  50 жылдық еңбекке деген өмірін медицина ұйымдастырушы қызметіне арнады. Көпжылдық жұмыс біліктілігімен қатардағы тіс дәрігерінен  сол клиниканың директорына дейін қызмет атқарды. Қазақ жерінің дәрігерлерінің арасында ең алғаш «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын иемденді. 1972 жылы Даирбеков Муслимбай ортопедиялық бөлімшенің басқармашысы ретінде, 1974 жылы ол қатарлы жұмысынан жоғарылап, Алматы қалалық Орталық клиникасының бас дәрігерінің орынбасары болып жұмысқа тағайындалды, осы жерде оның ұйымдастырушылық қабілеті көріне бастады. Ол емдеу орталығының ішінен 2 стоматологиялық бөлімше, 2 стоматологиялық поликлиника ашты. 1991 жылы №2 стоматологиялық поликлиникасын басқара отырып, аз уақыт ішінде, мемлекеттік көмекке жүгінбей, поликлиниканы эксплуатацияға өткізді, ал қазіргі уақытта  оны ең жақсы клиникалардың біріне айналдырып отыр. Клиниканы жақсартудың алғашқы қадамы  ескірген құралдарды жаңартудан басталды, олардың қатарында лазермен, озонатор, биоптрон, физиоемдеу кіреді. Клиникада тісті және кызыл иекті ауыртпай емдеуге арналған әлемдік құрал-жабдықтармен, металлокерамиканың және металлопласттың барлық түрлері  әлемдік деңгейде калыптасқан.

Жылдан жылға клиниканың жұмысы өте жақсы деңгейде көрініп келеді.

Осы жоғарғы көрсеткіштері арқылы клиникада жаңа технология арқылы тіс емдеу, косметикалық  металлокерамикалық короналау, металлопласт және фарформен тіс қаптау жұмысы жүре бастады. Клиникада компьютерлік рентген  және жақты панорамалық түсіру қалыптасты.

Клиникада сонымен қатар жоғары сұрыпты ауруды басатын дәрілермен ауыз қуысын санациялау және ең жақсы пломбалау заттары болды.

Даирбеков Муслимбай басқарған клиника Алматыда ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша үлгі тұтар емдеу орталығына айналды. Даирбеков Муслимбай басқарған клиника ұжымы өздерінің қайраттылықтарымен, емделушіге деген қамқоршылығымен, өз араларындағы достық қарым-қатынастарымен және өз істерінің маманы екенін көрсетуімен ерекшеленеді. Клиника жұмыскерлері  әлемдік деңгейде тәжірибе алмасып, батыс (Канада,Германия,Франция) елдердегі жоғарғы мамандардан оқу-тәжірибеден өтті.

«Шипа-Дент» стоматологиялық клиникасы «Ең жақсы стоматологиялық клиникалар» арасында  «Жоғары деңгейдегі қызмет көрсету» номинациясын жеңіп алды.

Даирбеков Муслимбай Қазақстанның тіс дәрігерлері  Ассоциациясының белсенді мүшесі және сонымен қатар әлемдік белгілі Ассоциациялармен өте жақсы карым-қатынаста болды, Германияда өткен  20-шы Еуропалық тіс дәрігерлері  конгресінде Қазақстандық  қатысушы болды және Корея елінде, Қытайда, Малайзияда, Мексикада, Канадада, Стокгольмда, Сингапурда өткен әлемдік конгрестердің қатысушысы болды.

Анкеталық мәліметтер:

1) А.Т.Ә.- Даирбеков Муслимбай

2) Туған күні – 28.09.1938ж.

3) Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы

4) Ұлты – қазақ

5) Мамандығы – дәрігер-стоматолог

Марапаттаулары:

- 1994 жылдан бастап – К.Циалковский атындағы Ресей космонавтика академиясының кеңес мүшесі;

- 1998ж – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» орденімен марапатталды;

- 2003ж – «Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының кұрметті азаматы»;

- 2004ж – «Қазақстан Республикасының  құрметті стоматологі»;

- 2007ж – «Қазақстандық стоматологтар ассоциациясының еңбек сіңірген тіс дәрігері» дипломымен марапатталды;

- 2007ж – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;

- 2008ж – «Қазақстандық орталық стоматологтар клубының » президенті;

- 2008ж -  «Спорт академиясының құрметті профессоры», «Демеу Жан», «Қазақстандық орталық стоматологтар клубының» президенті.

Мемлекеттік марапаттары:

- 1994ж – «С.Королев атындағы» медальмен;

- 2001ж – «Құрмет» орденімен марапатталды;                                                    

- 2008ж – «Қазақстан Республикасы Президентінің  мақтау қағазы», «Алтын белгі» төсбелгісімен;

- 2008ж – ЮНЕСКО Күміс меделімен;

- 2008ж -  Қазақстан Республикасының «НОК» алтын медалімен;

- 2008ж – Бокс Федерациясының алтын медалімен;

- 2008ж -  «10 жыл Астана» медалімен.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту