Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы - ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері.

1947 жылы 11 наурызда  Алматы облысының Жамбыл ауданы Самсы ауылында туған.

1971 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

1987 ж. Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1993 жылы «Модифицирующее влияние питания на образование и выделение желчи в условиях интоксикации линданом» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты.

1971-1977 жж. Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының  бас дәрігері.

1977-1983 жж. ҚазКСР Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы.  

1983-1987 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы.

1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары.

1994-1996 жж. ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады.

Денсаулық сақтау Министрлігі коллегиясының мүшесі (1992-1994, 2001-2002), ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия мүшесі (1998-2000), 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мүшесі.

1980 ж. КСРО-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды.

Еркебек Қамбарұлының денсаулық сақтау саласына қосқан зор еңбегі ескеріліп, 1997 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен марапатталды, 1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрмет дәрежесі берілді.

 «Алтын Адам – Жыл Адамы» фестиваль-конкурсының «Қазақстанның 2000 жылғы Қоғам қайраткері» номинациясының жеңімпазы.

Әскери дәрежесі – медицина қызметінің капитаны.

Саяси қайраткер идеалы – Д.А. Қонаев, Н.Ә. Назарбаев.

Болашақ Қазақстанның дамуы жөніндегі болжамы – «Гүлденген, әлеуметтік-бағдарлы, демократиялық мемлекет».

Еркебек Қамбарұлы бос уақытында тарихи романдар оқығанды, сонымен қатар, бильярд, шахмат ойындарын, ат спортын ұнатады.

Екі ұл, бір қызы бар: Ерлан (1973 жылы туылған), Темірлан (1974 ж.т.), Әсел (1983 ж.т.)

Сүйікті төрт немересі бар: Нұрсұлтан, Бексұлтан, Ален, Анель.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту