Cайт бойынша іздеу

Бүгін туғандар

Анықтамалар жоқ

Құттықтау

Біздің әріптестер

Жоғары білім әлемі

Арнаулы орта білім

Соңғы пікірлер

21.05.12 12:13Жиренше шешен
Maryland The Medicine Shoppe , xanax online  Patients who are bothered by the Xanax side effects should discuss them with their doctor to determine if Xanax is still the best course of...
21.05.12 02:56Жиренше шешен
clomid online - clomid without prescription , http://www.formspring.me/ClotildeOzburn/q/322127388014027461#16550 cheap generic clomid
20.05.12 19:31Шығайұлы Дәулеткерей
маған Дәлеткереи Шығаиұлы ұнаиды оиткені ол  дәулеткереи композитор
20.05.12 19:11Мақатаев Мұқағали
мұқағали мақатаев қазақ халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті,ақиық ақын.
20.05.12 14:42Қашаубаев Әміре
http://viagracialisitalia.com/#3834 viagra farmacia online viagra eiaculazione precoce prezzo viagra forum
20.05.12 11:38Жиренше шешен
antabuse online - buy disulfiram , http://www.formspring.me/AltaTallmadge/q/322127387175157927#8102 buy disulfiram online
19.05.12 06:40Толыбайұлы Олжабай
http://viagrarezeptfreia.com/#4126 beipackzettel viagra viagra kaufen günstig anwendung von viagra
18.05.12 20:47Мақатаев Мұқағали
Мұқағали - дара тұлға, дана тұлға Бүгiнгi күн қосатын ән мен жырға. Мұқағали өлдi,бiрақ сайрап тұрар Поэма мен...
18.05.12 15:05Жиренше шешен
Photo Drug Money Medicines With No Prescription modafinil cost  It has been approved by the United Stated Food and Drug Administration for the treatment of narcolepsy, shift work sleep...
18.05.12 00:11Жиренше шешен
Привет  Побольше бы таких тем! По моему мнению Вы допускаете ошибку. Могу это доказать. Пишите мне в PM,...
17.05.12 14:23Мақатаев Мұқағали
Мен де поэзияға жақын жан болғандықтан Мұқағали жырынан шабыт алам
17.05.12 08:52Мүсірепов Ғабит
Ғ.Мүсірепов туралы шығарма керек еді, тауып бере аласыздарма
15.05.12 21:46Алтынсарин Ыбырай
Тамаша өлеңдер!!!
13.05.12 14:59Мақатаев Мұқағали
Менің ең жаксы көретін акыным Мұқағали Мақатаев. Мен оның отбасы туралы жане балалық шағы туралы көбірек...
12.05.12 12:38Молдағалиев Тұманбай
Тұманбай Молдағалиев БАЗАР ЖОК ЖАҚСЫ КІСІҒОЙ !!! ӨЗІМ СИЯҚТЫ!
11.05.12 18:09Мақатаев Мұқағали
супер пупер экс пять өте керемет тамаша иоу иоу маган катты унап калды осылай кунде жаза бериндерши супер...
11.05.12 18:05Мақатаев Мұқағали
өте жақсы тамаша керемет супер  маган оте ұнады осылай жазып отырайык по чаще
11.05.12 17:59Мақатаев Мұқағали
өте жақсы
11.05.12 07:27Доспамбет жырау
Доспамбет жырау - Қазақ әдебиеті - Тегін рефераттар - http://www.Zoxюляююю ta ote kop malimetter bar
10.05.12 08:59Қалихан Ысқақ
kiskalau birak raxmet
06.05.12 14:35Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
SAtpaevtan kazakwa referat kerek edi!! xalayik bolsa jiberinderw!??
06.05.12 13:00Әлібекұлы Төле би
Дәл нақыл сөздерімен шешендік сөздері жоқ екен. өкінішті-ақ
04.05.12 17:05Қорамсаұлы Ақан сері
Акан сериге арналгал эпиграф тауып бериниздерши,тезирек,отиниш...
04.05.12 15:30Қорамсаұлы Ақан сері
Ақан  сері - Ақтоқты туралы информация керек еди
03.05.12 18:52Мәншүк Мәметова
kalaisisdar men kairgali bolam menshuktin takpaktari kerek edi

Санаттар

Халық қалаулыларының үні

КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
КЕЛЕШЕК ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сүлейменқызы Сейітмағанбетова арнайы «www.ardaktylar.kz»  сайты үшін

0 пiкiр
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР  МӘРТЕБЕСІ

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Бұл – елдің басқару билігін өз қолына алуы

0 пiкiр

Өзекті мәселелер

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІНДЕ ҚАНДАЙ СЫР БАР?

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде,

1 пiкiр
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ
АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма?

6 пiкiр

Қыз елдің көркі

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ
ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ

КТК телеарнасының Жаңалықтар хабарының жүргізушісі Жанат Бақыт арнайы «www.Ardaktylar.kz» сайты үшін, сұлулық, әсемдік туралы ой бөлісе отырып, «жалпы

9 пiкiр

Кездейсоқ суреттер

Мақатаев Мұқағали

Сабильянов Нұртай Салихұлы

Байтоқанова Алтынай

Жұматов Ғаббас Жұматұлы

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы

Серкебаев Ермек

ПЕРЛЕНБЕТОВ МҰҚАН ӘТЕНҰЛЫ

Виктор Наумович Пуриц

Байтоқанова Алтынай

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Нұрпейісова Дина

Мыңзықұлы Еділ қаған

Жәнібек хан

Байбекұлы Әйтеке би

Бағланова Роза

Статьи.

АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

АРАЛАС НЕКЕНIҢ АСТАРЫ

Қоғамда аралас неке болмай тұрмайды. Бiрақ аралас неке қазақ ұлтының келешегiне пайдалы ма, зиянды ма? Сан жағынан аз ұлттар аралас некелердiң нәтижесiнде азулы ұлттардың кең көмейiне жұтылып кетуi әбден ықтимал. Мәселен кезiнде Ресейге түрлi себептермен барған көптеген түркi мырзаларының бүгiнгi ұрпақтары өздерiнiң арғы тегiн бiржола ұмытқан. Оған тарих куә.

1940 жылы Кеңес Одағы құрамында өмiр сүрiп жатқан ұлттарға зерттеу жүргiзiлiптi. Орыс қыздарына үйленген басқа ұлт өкiлдерi қанша екен деп, санап кеп жiбергенде, бiрiншi орынды Латвия, ал екiншi орынды Қазақстан иеленген. Сол кезде ел басқарған бiрқатар жағымпаз қазақ азаматтарының қуаныштан бөркi қазандай болып, бiрер жылда Латвияны басып озуға уәде берген екен.
1950 жылдары тың игеру деген желеумен елiмiзге түрлi ұлт өкiлдерi көптеп келген соң, аралас некенiң саны күрт өскенi белгiлi. Сөйтiп аралас некеге тұрғандардың саны 1940 жылдары 15 пайыз шамасында болса, 1950 жылдары 23 пайыз болған. 1980 жылы әрбiр бесiншi қазақ аралас некеге тұрған. Ең таңданарлығы орыс қызына үйленген қазақ азаматтарының бiразы тегiн пәтерлi болу, қызметiн өсiру, жалақысын жоғарылату және демалыс орындарына жiберу сияқты жеңiлдiктерге ие болғанын көпшiлiк бiледi.
Қазiргi таңда елiмiзде жылына шамамен 100 мың неке қиылады.
Осының 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешiкпей Кеңес кезiндегi межеге жетiп жығылатын түрiмiз бар. Кейбiр қоғамдық ұйымдардың зерттеулерiне қарағанда, 18-20 жастағы қазақ қыздарының үштен бiрi шетелдiк жiгiтке күйеуге шыққысы келедi.
2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ өзге ұлт өкiлдерiмен 36 неке қиылса, 2009 жылы 48 неке, 2010 жылы 55 неке тiркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстiнде. Таяуда Астана қаласының әйгiлi Республика даңғылында екi африкалық жiгiттiң қолтығында екi жап-жас қазақ қыздары кетiп бара жатқанын көргенiм бар.
Екi жiгiт те күйеубала болайын деп жұтынып тұр. Өзге түгiл, дiнi бiр, тiлi бiр түркiтектес бауырларға қимайтын қазағымның қызы еш арланбастан шетелдiктiң жетегiнде кетуге құмар. Жақсы тұрмыс, жайлы төсек ұлттық намыстан, Отаннан артық болғаны ма? Осының бәрi қазақтардың өз қыздарына әуелi отбасында тәлiм-тәрбие бермей, бетiмен жiберуiнiң, екiншiден, қазақтың ұлттық тәрбиесiне мемлекеттiк деңгейде мән берiлмеуiнен орын алуда.
Шетелдiк азаматтар елiмiздiң еркесi болған аяулы бойжеткендердi бақытты ете ала ма? Ұлты, тiлi, дiнi, үрдiсi бөлек, өмiрлiк көзқарасы мен жалпы болмысы басқа-басқа адамдар қалай тату-тәттi өмiр сүрмек? Менiңше, өте қиын.
1970 жылдан бастап Қытайда жүргiзiлген адам өсiмiн шектеу туралы саясатқа байланысты ұлты қытай отбасыға бiр бала, қытай еместерге екi баладан асырмау заңдастырылды. Осыған байланысты қытай отбасылар бiр баланың ер бала болғанын қалады.
Жүктiлiк кезiнде қыз бала болса, ата-анасы өмiрге әкелуден бас тартып, түсiк жасату кең етек алған. Сөйтiп соңғы жылдары ұлдардың саны күрт өскен. Қазiр 20-30 жас шамасындағы қыз-жiгiттер арасында ұлдардың үлес салмағы 30 миллионға артық. “Бұл сан 2015 жылға қарай 90 миллионға жетедi”, – дейдi демограф Мақаш Тәтiмов. Ендi осы 90 миллион қытай еркегi қу тiзесiн құшақтап жүре бере ме? Жоқ! Олар да әйел алып, балалы болуды қалайды. Қатынды қайдан табады дейсiз ғой. Iргесiнде қолда барын ұсынатын, дiлi басқаның тiлiн үйренуге құмар, ұлан-байтақ жерi бар, өзге десе төрiн ұсынатын Қазақстан дейтiн ел бар. Онда және қыз көп. Ол қыздардың бiразы кiм көрiнгенге тие салады, үйi мен ақшасы болса болды. Өйткенi қыздарымыздың кейбiрi ұттық рухтан ада, өз тарихынан бейхабар.
Тiптi ресейлiк баспасөздерде тайгада орыс келiншектерiмен отасып үлгерген қытайдың қарасы 80 мыңға жетiптi-мыс деген ақпарат жүр. Бейресми мәлiметтер 30 мыңнан астам қытайлық азаматтар Қазақстанға да тастай батып, судай сiңгенiн алға тартады. Жуырда Ресейдiң интернет сайттарында алдағы 20-30 жылда Қазақстанда 20 миллион қытайлық мекендейтiн болады деген қорқынышты мәлiмет жарияланды.
Аралас некенiң шектен тыс көбеюiнiң салдарынан жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттiң жойылып кетуi мүмкiн бе? Әбден мүмкiн. Ондай мысалдар әлемде көптеп саналады. Мысалы өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елiнде әртүрлi этникалық-әлеуметтiк топтар пайда болды. Бiрiншiсi, Перудiң негiзгi халқы – кечуалар. Бұлар барлық халықтың басым бөлiгiн құрады. Екiншiсi – отарлаушы испандық креолдар. Барлық билiк осылардың қолында болды. Үшiншiсi – перулiк пен испандық аралас некеден туған метистер.
Тәуелсiздiк алған соң Перудiң байырғы халқы дәстүрлi Инк мемлекетi – Тауантинсуйдi қайта қалпына келтiрiп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы, билiктегi креолдар мен халықтың денiн құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бiзше жиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кеттi.
Метистер испан тiлi диалектiсiмен сөйлеседi. Олардың тек тұрмысында, киiмiнде, жүрiс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрiн ығыстырып, билiктi өз қолдарына алды. Бұлардың ықпалының күшейгенi соншалық, Қытай мен Үндi елiнен, көршi елдерден келiп қоныстаған қауым метистердiң жағына шығып кеттi. Олар метистердiң тiлiнде сөйледi, солардың мәдениетiн қабылдады.
Шетелдiк алпауыттар аралас некеден туған метистердi Перу халқының болашағы, ұлттың асқақ рухы деп қолтықтарына су бүркiп қояды. Айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық – перуандар (кечуалар) жер бетiнен жойылудың аз-ақ алдында тұр. Олардың ұрпақтары алыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайға барып тығылды. Қалаға қоныстанғандары өздерiн кечуалықтармыз деп айтуға арланады. Мiне, бүтiндей бiр мемлекеттiң қысқаша тарихы осылай өрбiдi. Кеңес кезiнде орыстан әйел алған ардагер ағалардың балалары – жиендердiң айтарлықтай бөлiгi қазiр Қазақстанда тұрмайды. Алды Америка, Канада, одан қалды Еуропа елдерiнде. Көбiсi бiлiмiн, өз қабiлетiн басқалар үшiн жұмсауда. Қысқасы, "жиендерден" қайыр жоқ. Осындайда "Жылқыда өт болмас, жиен ел болмас" деген сөз ерiксiз ойға оралады.

Жұмамұрат Кеңесұлы, тарих ғылымдарының кандидаты

Дереккөз: Халықаралық апталық сараптамалық "Түркістан" газеті, №17, 28.04.2011 ж.

Пікірлер

.12.09.11 10:17

Жұмамұрат аралас неке туралы керемет көп біледі екенсің.Тамаша мысалдармен керемет келтіріпсің. Жақында болатын тілдер мерекесінде бірінші жүлдегер болуыңа тілектеспін.

.27.09.11 10:42

Керемет жазылған мақала,тек мұны ұғатын ұл мен қыз болса...
Ұлттық сана мен ұлттың ділін,дінін қастерлеп,оны ұстанатын жастарды тәрбиелеу барлығымызға сын-ғой деймін.

.10.11.11 08:28

мақала жақсы гой, тек бір мәселенің беті ашалды, егер жан ашыр адамдар болса ұлтқа,қазақтың таза құрамын сақтауда қандай шаралар қолдану керек соны жазу керек кой....тек проблеманың бетін ашқаннан не пайда? мысалға біздің қалада, Ақтөбеде, қыздар көп,қайда барсанда...өмірде жалғыз басты болып қалмау үшін тұрмысқа шығады ғой, әр қыз жақсы жерге барғысы келеді..ол осы тез өтіп кететін өмірде, жарайд қазақты санын көбейтейін деген оймен, адепсіз адамға шығу керек пе сонда?  айта берсен көп қой

.18.11.11 07:04

Иә менің де пикирим басқаларымен толық келіседі және де мақала жазған адам жақсы мәселені көтерді. Тек ең алдымен мұны біздің қазақ қыздар мен улдарына жеткізу қажет сол жағын өзіміз бастауымыз қажет

.12.12.11 14:09

Негізі қазіргі қазақтың қара домалақ улдары мен қыздарына айтарым негізі аралас неке деген ұят нәрсе ғой, дұрыс емес, өзіміздің қазақтың ұлдары мен қыздары құрып қалды ма???

.08.01.12 19:11

аға өте уақтылы және керек мақала жазыпсыз, сізді толық қолдаймын! бұл қазақтың намысына тиетін зат!

Пікір білдіру

Аты-жөніңіз:

E-mail:

Пікір:
Белгілерді енгізіңіз: