Мақалалар

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата-тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы, әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.
Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды.

Дала әлі қараңғы. Тосыннан жеткен ғаламат тарсыл-гүрсіл түн тыныштығын дүр сілкіндірді де, артынша дүние астаң-кестең болып жүре берді. Казармада ә дегенде ешкім мұның не екенін бірден ұға алмады. Жер сілкініп, найзағай ойнап жатқан шығар деп те ойлады. Артынша денені түршіктіре: «Жолдастар! Соғыс басталды!» деген әлдекімнің ащы даусы естілді. Ә демей-ақ, маужыраған маусым түні қызыл отқа оранды.
Ғаббас қызмет ететін Қызыл тулы орловтық № 6 атқыштар дивизиясы Брест қамалының оңтүстік қапталында, қаладан алты-жеті шақырым қашықтықта орналасқан-ды. Оның құрамында қазақстандықтар да көп болатын. 125-атқыштар полкінде Алматы облысының өзінен ғана 15 адам болатын.

Оның жүрек қағысы, аяқ алысы, көзі, өзі нағыз қазақ тәрбиесін танытып тұр. Иә, сиқыр өнері арқылы қазақтың таза болмысын танытуға болады екен.
Қазақ боп туған адамның қазақша ойлап, қазақша ойнап, қазақша өнер жасағаны қандай сүйкімді. Алтынай Байтоқанова жасандылықсыз табиғи сүйкімділіктің иесі.
Ханды да, қарашаны да халқына, ортасына сүйікті ететін адамдық мінез-құлық пен ар-намыстың мықтылығы. Сиқыршы қызға осы қасиеттер әкенің қаны, ананың сүтімен берілген. Таңғажайып өнерді меңгергенімен, алдау-арбау, екіжүзділік, күні үшін күлімсіреуді әдет қып, қанжығасына өңгермеген.
Ұстазы дүние жүзіне танымал иллюзионист - Игорь Кио.

Қазіргі мәлімет бойынша, жер бетінде үш жүзден аса ұлт болса оның бірі -  қазақ халқы. Қазақ, меніңше, өзіне ғана тән табиғаты, тілі, діні, салт - дәстүрі,  әдет – ғұрпы бар, болмысы бөлек ерекше жаратылған ел екендігін мақтанышпен айтамын. Қазақ халқы аталы сөзге тоқтаған, барын бардай, жоғын жоқтай айта білген. Ұлын нарға, қызын арға балаған. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жердің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан ел. Ешбір дұшпан басынбаған, достықты сақтай білген, дәм тұзды ақтай білген, басынан сөз асырмаған, үйіне құлып салмаған, кең – пейілді жомарт, дос көңілді даласындай дарқан. Баршаның баласын бауырына басып, кеудесінен итермей маңдайынан шертпей отырған халық. Ол бәрінің басын біріктіруші негізгі омыртқалы - ұлт. Қазақ халқы өзгеге ешқашан өктемдік көрсетпеген. Қазір жадымыз жаңғырып, санамыз сілкінді емес пе?! Олай болса, көп ұлттылық та, көп дінділікте бұл миф! Көзбен көріп, қолымен ұстай алатын ақиқат біреу ғана. Ол – қазақ ұлты. Ол тірі, ол бар!
      Ол – қазақ ұлтының негізінде құрылған Қазақстан мемлекетінің иесі. Қалай десекте оның түбінде «қазақ»  сөзі тұратынын ұмыту мүмкін емес.

Дінмұхаммед Қонаев атындағы университетте “Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы: қазіргі жағдай, өзекті мәселелер мен болашағы” деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған ТМД-ға танымал заңгерлер, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.
Жиынды «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық бірлестігі ұйымдастырды.

Алматы облысының “Қызылағаш” ауылында табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек қолын созушылар қатары да көбейе түсуде. Тасқын салдарынан келген шығынның орнын толтырып, қызылағаштықтарға қамқорлық көрсетушілердің арасында Алматы қаласының тұрғындары да бар.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов облыста орын алған тосын оқиғаға байланысты өткізілген қалалық кеңесте Алматы облысының әкімдігіне 100 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетіндігін хабарлады.

Кейкі батырдың кесенесі 2007 жылы салынды. Ол Тасты өзенінің бойында, Арқалықтан бара жатқанда жолдың сол жағында қалады. Кесене тұрған қорымда құландарға Тасты өңірінің жерін уез басшысынан алып берген Қостамбек, Сәбіләмбек аталарымыз жерленген. Кейкінің кесенесі үлкен күмбезді, өзі төрт бұрышты. Кесененің артқы қабырғасына Кейкінің 3 шумақ салауаты мәрмәр тасқа жазылып, бекітілген, алдыңғы қабырғасына Әубәкір ағаның екі ауыз өлеңі жазылған мәрмәр тас орнатылған. Кесененің ішіндегі төр жақта батырдың бюсті тұр, ортасында батырдың бас сүйегі Санкт-Петербург тегі кунсткамерадан елге әкелінгенінде жерленуі үшін қабірі қазылып, үсті уақытша жабылып қойылған.

Белгiлi академик-ғалым Төрегелдi Шарманов отызында доктор, қырыққа жетпей профессор әрi медицина институтының ректоры болып үлгерiптi. Бұдан бөлек толып жатқан атақ-дәрежесiне қарамастан, бүгiнге дейiн 150-ге жуық кандидат пен 50-ден астам доктор дайындап шығарған. Қазақ медицинасының қалыптасу мен даму жолында айтарлықтай еңбегi сiңген ғалымның әр кезде де сөзi ұтымды, пiкiрi өтiмдi. Салауатты өмiр сүрудiң қағидасын сөзбен емес, өз iсiмен дәлелдеп жүрген, Қазақ Тағамтану академиясының президентi Төрегелдi ағамен болған аз-кем әңгiмемiз бүгiнгi күн тақырыбына арналып едi.
- Төрегелдi аға, бүгiнгi таңда сiз басқаратын Қазақ тағамтану академиясы қандай игiлiктi iстердi қолға алып жатыр?

«Біздің қазақ, біздің ата-бабаларымыз не көрмеді…» деген осынау бір жаттанды сөзді ылғи естіп, сөз берілсе өзіміз де «қайран қазағым-ай» деп қалатынымыз бар. Бірақ осы сөзді айта отырып, әрдайым оның мағынасына терең үңіліп, қазағымыз алып қарағай болса, сол қарағайдың әр талын «талдап», тамырына бойлай аламыз ба деген заңды сауал да санамызға сап етіп түсе қалатыны анық. Сонда біз «шаң басқан архивтерге» қарай жүгіріп, тарих беттерінен «тар жол тайғақ кешкен» замандағы халімізді, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шыққан» алтын күндей азаматтарымыздың есімдерін тағы бір еске түсіреміз. Айтылу керек жерде айтып алған соң, сол құндылықты жылы жауып қоя саламыз…

Бүкіл өркениетті қоғамда болашаққа жол салу үшін өткенді еске алып отырудың қалыптасқан үрдісі бар. Осындай мәңгі есте сақтап, тағзым ететін, қиын-қыстау күндерді ұмытпай жүруге тиіс дәстүрлердің бірі – Елбасы Жарлығымен елімізде жарияланған 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.