Мақалалар

Алты Алаштың бас сардары, хас батыры “Алатаудай Ақшадан асып туған” қанжығалы қарт Бөгенбайдың ата қонысы – Ереймен өңірі ерекше қарбалас құшағында. Ерейменде бүгін “қазақтың қамал қорғаны” даңқты Бөгенбайға ескерткіш ашылмақ. Ел газеті – “Егемен Қазақстан” осы оқиғаға орай 31 шілдедегі санында “Аты аңызға айналған баһадүр” атты көлемді танымдық мақала беріп, ел бірлігінің туын асқақтатқан тарихи тұлғаның ата қонысында  ескерткіш ашылатындығын барша қазақстандықтарға паш еткен еді. Міне, осы бір айтулы оқиғаның басы-қасында болу үшін атбасын шежірелі Ерейменге бұрып, осыдан он сегіз жыл бұрын батырдың 300 жылдық торқалы тойы аталып өткен кезеңде қалаға кіреберіс төбе басына орнатылған ескерткіш белгінің жанына келіп тәу еттік.

Неше күннен қабағы ашылмай түнеріп тұрған Арқаның аспаны бүгін шайдай ашық. Жайма-шуақ жаздың мамыражай күні әсем өлкенің жанға шипа, дертке дауа тамаша табиғатын құлпыртып тұр. Жусан иісі аңқыған төбе басынан салқын самал есіп, жаныңды жадыратып, көңіліңді тербетеді. Осындай әсер құшағында тұрып, осыдан он жыл бұрын, яғни “Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығы жылы” деп жарияланған 1999 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың батыр бабамыздың еліне арнайы келіп, осы төбе басында тұрып тебірене сөйлеген сәтін санамызда жаңғырттық.

Сол бір әннен

Мен ғажап күйді ұғындым,

Ұмыттым да күйбеңін қилы күннің.

Қайталанбас әрлі әуен, асыл әуен –

“Бұлбұлы” Бибігүлдің!

Бибігүл – ән!

Оятқанда ол бұралып тымық таңды,

Кеуделерде көз ілген үміт жанды.

Нұр дидары – жүректе,

Құлақтарда

Сазды әуен тұрып қалды.

Біз бәріміз Бибігүл Төлегенованы қазақ халқының мақтанышы, ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы, бұлбұл үнді әншіміз, өмірде де, өнерде де өрелі өнеге, үйренерлік үздік үлгі көрсетіп келе жатқан асыл адамымыз деп ардақтаймыз. Айтса айтқандай. Қазақ радиосының әншісі болып жұмысқа орналасқан сонау 1950 жылдан бері Бибігүл Ахметқызы бізді әсем әнімен де, сұлу сәнімен де қашанда қуантумен келеді, алпыс жылға жуықтаған осы уақыт аралығында табиғи талантын саф таза  күйде ұстап, кісілігіне кіршік жұқтырып көрмеген мұндай тұлғалар өнер әлемінде некен-саяқ.
Біз жақында Алматыға арнайы барып, әншімен егжей-тегжейлі сұхбат құрып қайттық. Енді сол әңгімеге назар салыңыз, ардақты ағайын.

Ұлттық поэзиямыздың екі саласында да еркін көсілген сирек таланттарымыздың бірі - Әселхан Қалыбекова қарындасымыз. Айтыс өнерінің қазақ жерінде қайта жандануында Көпбай Омаров ағамыздың, Әселхан мен Тәушеніміздің, Әбдікәрім Манапов пен Мұхтар Құраловымыздың сіңірген қызметтері көп. Тіпті қыруар!

Жазбаша жастай жаттығып, ауызша жылдам игеріп әкеткен Әселхан шығармашылығынан бір кісідей хабардармын. Тағдырымның арқауы Шәуідірмен жалғасқанықтан ба, қайда жүрсем де аудан газетімен қол үзсем де, көз үзген емеспін. Әселханды әуелгі өлеңдерінен бастап білетінім рас. Облыс, Республика басылымдары арқылы таныстығым өз алдына. Өзімен 1982 жылғы облыстық ақындар айтысында бетпе-бет жүздестім. Бір ауданның нанын жеп, суын ішіп дегендей, намысын жыртып жүргенімізге де міне алтыншы жыл.

Өмірде өз соқпағынды адаспай табу да оңай емес екен ғой. Сондай-сондай адасуларды Әселханмен оның жолдасы Баянбай да бастан бір кісідей өткерді. Әсіресе, Әселхан. Армандай болған бір өнер ақындық жалынан да сипатпай, әлсін-әлсін көз жаздырып кете берді. Екі жас жаңа қосылып, дүниеге бірінен соң бірі жас сәбилер келе бастаған алғашқы жылдары келіншек өзін өнердің жұртында қалғандай сезініп көп торықты. Семья, жұмыс, үйдің бітпес тірлігі... Өлең жазу жайында қалды десе де болар. Бірақ бір тәуірі – көңілдің тереңіне түскен бір от бірте-бірте шоққа айналса да, біржола сөніп, өшіп жоғалған жоқ. Көктемде, Қызылқұмның қызғалдақтары өрттей алаулар,сонау биікте тізіліп тырнплпр өткенде бір лап етіп, алаулап қалатын-ды. Сонда жас келіншек, балалы ана қазан-ошақ, қора-қопсы арасында жүгіріп жүріп, қой күзетінде тұрып, үркектеген өлең-құспен аз болса да тілдесіп, дәптеріне азын-аулақ жыр балапандарын қонақтататын. Шопан келіншектің бұл жақсы талабы туралы сол кезде журналист, әрі жазушы Сейітқазы Досымов очерк жазды.

Кем еді атақ – даңқың қай дарыннан,
Жел есіп тұрған жоқ па айдарыңнан?
Алыптың кім қаймықпас айбарынан,
Халықтың кім қанықпас қайнарынан?

“Әрбір көктем сайын менде майдан даласында солдаттардың рухын көтеруге көмектескен, елімізге қанды қырғында жауға қасқайып қарсы тұруға септескен әндерді айтуға деген құштар тілек пайда болады”. Әлібек Дінішев.
Сәуірден себезгілеген күн шуағы мамырға ауысар тұста КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ең әйгілі әскери әндерден, майдан даласында шырқалған шығармалардан құралған концертін берді. Концертке келген тыңдарманда есеп болмады.

Жыр -  арнау

Қайраткер
(Асылы Османға)

Күн кешсе тоңмойындар тоқ секілді,
Ой-хой, дүние-ай, уайым-мұң жоқ секілді...
Қыран көзді бір Апа
«Қазағым!» деп,
Жарқылдар түнді тілген от сияқты!

Қазақ қоғамы, әдебиеті мен тарихы ХХ ғасырды Әйтеке бидің туған жылы да, өлген жылы да, жатқан жері де белгісіз деген ұғыммен өткізгені мәлім. Мұны Әз Тәуке хан заманында дүниеге келген «Жеті Жарғы» авторларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Әйтеке би Бәйбекұлының бақилық ғұмырнамасының трагедиясы болды деп түсіндірсек, сөкеттігі жоқ шығар.   Шардара қаласында осы ғасырдың алғашқы жылдарында құрылған «Әйтеке би» қоғамдық қоры өзінің Бағдарламаларында Ұлы бидің өмірдеректеріне қатысты олқылықтардың орнын толтыру, мәңгілік есте қалдыру шараларын ұйымдастыру сияқты іргелі міндеттерді бірінші кезекке қойған болатын. Шардара өңірінде Әйтеке би әруағына арналып алты жыл қатарынан ас берілуі, өсиеттері мен ғұмырнамаларының насихатталуы, «Нұр Атадан Астанаға дейін», «Әйтеке бидің ақ жолы» атты деректі фильмдердің түсірілуіне, «Әйтеке бидің ақ жолы» кітабының шығарылуына ұйытқы болуды қоғамдық қор атқарған іргелі жұмыстар санатына жатқызамыз.