Мақалалар

Алаштың алдаспаны

Бердіқожа батыр туралы  біз не білеміз

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын.

“Батырлардың ішіндегі хас батыр ғана өлімнен қорықпаған, келер күн, ұрпақтың ертеңі деп найзасын көкке шаншып, шарқ ұрған солардың бірі ғана емес-ау, бірегейі Бердіқожа батыр еді ғой. Ол тек шанышқылының ғана  емес, алты Алаштың, тұтас қазақтың қайсар, ер мінезді ұлы болатын. Әттең ... Осы күнге дейін бабамыздың жерленген жерін біле алмай жүргеніміз өкінішті-ақ!” – дейтін қария. Содан кейін ол кісі бізге мейірлене көз тастап: “Ал, сендер, балаларым, алда-жалда батыр бабаларың туралы естіген-білгендерің болса – ұрпаққа естелік қалдырыңдар, зиратын тапсаңдар, басына барып дұға оқып, кіндік қаны тамған жердің бір уыс топырағын  біздің атымыздан салыңдар. Сонда бабаларыңның аруағы бір аунап түсері хақ!”, деп аталық аманатын айтушы еді. Бұл сөзді кейінірек Қаратай Тұрысов, Мекембай Омаров ағаларымыз да еске алып, қостап-қолдап, қуаттап жүретін.

Қазiргi күнi республикамыз дағдарысты кезеңдi бастан өткерiп, қоғам өркениеттi даму жолына түсiп келе жатқан жағдайда тарих ғылымы дел-сал күй-ден қайта жанданып, өрлеу үстiнде. Осындай ғылыми жаңғыру республикалық “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының жұмысынан да байқалады. Орталық “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” ғылыми-зерттеу жобасының негiзiнде айтарлықтай iзденiстер жүргiзiп, қомақты нәтижелерге қол жеткiзуде. Орталық ғалымдары мен қызметкерлерi Кiшi жүздiң Жетiру бiрлестiгiндегi тайпалардың тарихын толығымен зерттеп, бiрнеше том еңбектер даярлап шығарды.
Зерттеулер “Атамұра” баспасынан барлығы он бiр кiтап түрiнде жарық көрдi. Атап айтатын болсақ, олар: “Тама” — 3, “Табын” — 2, “Кердерi” — 1, “Керейт” — 1, “Жағалбайлы” — 2, “Рамадан” — 1, “Телеу” — 1. Аталған кiтаптардың алғы сөздерiнде жалпы Жетiру тайпалар одағының тарихы, таңбалары, ұрандары т.с.с. кең көлемде баяндалған, сондай-ақ әрбiр тайпаның тарихына байланысты ерекшелiктер көрсетiлген.

«Менің Хайролла Ғабжалилов жөнінде айтарым:

адал халқына шын берілген, парасатты, және иманды адам.

Елімізде осындай адамдар көбірек болса,

 біздің мемлекетіміз тарихтан тезірек орын алады»

 

Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ , академик.

Аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы Бағланованы өз еліміз ғана емес, өзге жұрт та таниды. Ол қазақша да, орысша да, қытайша да, Еуропа халықтарының тілдерінде де ән шырқайды. Репертуарында чех, моңғол, үнді, корей, швед, мажар композиторларының әндері бар. Кеңес Одағының халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызының өнерге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанға ең алдымен «Күлтегін» ескерткіші жеткізілді. Мәдени мұраның тұнық бастауында тұрған ең ұлы ескерткіш Жапонияның Осака қаласындағы қалыпқа келтіру орталығында дайындалды. Содан бері ата-бабаларымыздың ұлы жәдігерлерін түгендеу ісі тоқтаған емес. Біз Ұлы түрік қағанатындағы ескерткіштердің көшірмелерін Қазақстанға қайтару бағытында жоспарлы жұмыс жүргіздік. Соның жарқын көрінісі – бүгін орталарыңызға әкелініп отырған «Тоныкөк» пен «Теркін» ескерткіштері. Осыдан бір жыл бұрын Моңғолияға жасаған ресми сапарымыз кезінде сол елдің Мәдениет министрлігімен шарт жасасып, екі ескерткіштің көшірмесін жасауға рұқсат алдық. Сөйтіп, оны Астананың қақ төріне орналасқан «Күлтегін» ескерткіші жалғыз тұрмасын, екі жағында екі қанаты болсын деп, Еуразия ұлттық университетіне жеткіздік. Келесі жылы Қазақстанға төртінші ескерткіш келеді. Ол да Еуразия ұлттық университетіне орнатылады, – деді Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш жауынгер қыз жайында кезінде 1940-1950 жылдарда аз жазылған жоқ. Ол жөнінде кесек-кесек шығармалар жазған қаламгерлер болды. Даңқты жерлесіміздің 1960, 1963 жылдарда орыс тілінде «Под командаванием Расковой», қазақ тілінде «Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көргенін білеміз, талай оқығанбыз. Әкесі Қайыр Доспанов марқұм партия қызметіне ерте араласып, Орал қаласына қоныс аударуына орай Хиуаз туған ауылдан тым бүлдіршін кезінде кетті. Сондықтан оның оқыған мектебін, өскен ортасын бұл ауданнан таба алмайтынымыз рас. Соғыстан кейін Хиуаз апамыз туған жерге оқта-текте соғып кеткенін көрдік. Ол кезде 1950 жылдарда әкесі Қайыр ақсақал осындағы «Коминтерн» колхозында басқарма төрағасы болатын. Хиуаз Алматыда партия, комсомол жұмыстарында болды, оқта-текте орайы келгенде әкеге сәлем беріп кететінін ақсақалдардың айтқандарынан еститінбіз. Қалай десек те кіндік қаны тамған киелі Зормата топырағының рухы үстем болары қақ. Осы өңірде дүниеге келген Махамбет пен Құрманғазыға, Дина мен Хиуазға киелі қоныстың бір уыс топырағы бұйырмады. Бірақ олардың алдыңғыларының барлығының есімдері халқымен мәңгі бірге жасап келеді, ал Хиуаз апа қалай болар екен?

Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ, қазақ қыздарының ерлігі қайран қалдырады. Оларды майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрінен кездестіруге болатын. Қазақ қызынан ұшқыш та, танкист те, барлаушы да, партизан да шықты. Сонау етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен шатқалаң кезеңде азамат жүгін арқалап, мыңдаған қазақ қыз-келіншектері уақыт тезінен, тарих талқысынан сүрінбей өтті. Олар, аяғына солдаттың керзі етігін киіп Мәскеуден Берлинге дейін шеру тартты. Рейхстагта желбіреген Қызыл Туда да қазақ әйелінің өз үлесі, даңқты жолы бар. Қорыта айтсақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір жауынгер қазақ қызын нағыз батыр деп бағалауға әбден болады. Қазақ әйелі соғыстың зардабын да, салмағын өзгелермен қатар көтере білді. Арайлы таңы алда болса да, сұрапыл соғыс өз ортасынан жұлып әкеткен қаншама ер-азаматтың орнын жоқтатпады. Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр қыздарымыздың ерлігін әсірелеп, әспеттеудің де қажеті шамалы шығар.

Наурыздың 20-21-i күндерi Алматыда грек-рим күресiнен КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi, әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерi, елiмiздiң даңқты палуаны Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесiне арналған республикалық турнир өттi. Елiмiздiң жас палуандарының арасында өткен турнирге Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген 200-ге тарта жас жеткiншек екi күн бойы боз кiлемде өз өнерлерiн ортаға салды.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Дәулет Болатұлы бұл жарыс елiмiздегi жас палуандардың шебер­лiгiн арттырумен қатар тәжiрибелерiн шыңдай түсетiнiн алға тартты.

Қазақтың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі әйгілі қаһармандарының бірі, қолбасы – Қанжығалы Бөгенбай батыр.  Ел мен жер үшін өмір бойы ат үстінен түспей, бар ғұмырын шайқаспен өткізген баба ерлігін халқымыз ғасырлар бойы жырға қосып, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келеді. Батыр бейнесін құдіретті өлең тілімен де, қарасөзбен де, қылқаламмен де қанша сомдаса артықтық етпейді. Қайта бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының таяуда жазып бітірген “Сардар” поэмасы да міне осы Бөгенбай батыр ерлігін асқақтата жырлаған бірегей шығарма. Сондықтан да жүйрік тілімен, табиғи бояуымен, оқиғасының қоюлығымен ерекшеленетін дастанды оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдік.

Қазақ жұртының іргелі ел, қабырғалы халық бо­лып қа­луы­на, ұлан-бай­тақ далаға көзін алартқан жауды жа­пыра жеңіп, бү­гінгі ұр­пағына мұ­ра етіп қал­дыруда ұл­ты­мыздың батырлары мен бағланда­ры, ақылгөй даналары өлшеусіз үлес қосқанын арғы-бергі тарихтан оқып-біліп жатырмыз. Сондай ұл­тының ұлы батырла­рының бірі – қан­жығалы қарт Бөгенбай елінің бір­лігі мен болашақ тірлігін ойла­ған данагөй данышпан, ақылы асқан алаш арысы. Ол арқа төсінен Дон өзеніне дейін жорық жасап, Шығыс Түркістанда Қытай жасағы­мен ұрыс құрып жеңіске жеткен. Елдік істі бел шешіп атқару кезінде бұра тартқандарға «Жауыр болған жабыдай, Саяқсып жүрген халқым-ай. Руға, жүзге бөлініп, Шашырап кеттің тарыдай. Қамшының қысқа сабындай, Мерзімі шолақ ғұмыр-ай! Баладай аңқау халқыма, Жар бола гөр, уа құдай!» деп ұран да тастаған.

«Ашуы жауған қардай, шөккен нардай, Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп Мағжан Жұ­мабаев жырлаған батырға арналған ғылыми-теориялық конференция кеше елордадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының орган залында өтті.