Мақалалар

«Қазақстандық «Атакент» іскер ынтымақтастық орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Қалық Абдуллаев:
Мен өзімді Президент командасында сезінемін!

Қазақ қоғамы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Кейбіреулер атақ пен мансап үшін жүгірсе, ал кейбіреулер артында айтулы із қалдыруға ұмтылады. Атақ пен абыройдың міне дәл осындай азаматтарды өзі іздеп келіп тауып жататыны болады. Қай қызметте жүрсе де ұлт мүддесін жоғары қою, халқына қалтқысыз қызмет ету олардың діттеген негізгі нысанасы. «Қазақстандық «Атакент» іскер ынтымақтастық орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрғасы Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев осындай елі мен жеріне жанашыр азаматтардың бірі. Төменде оқырман назарына ұсынылып отырған материал айтулы азаматтың мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық істерінен сыр шертеді.

– Нұрғали аға, сіздің даусыңызды даланың табиғи реңі, боямасыз, қоспасыз таза әуездің бар екенін өнер сыншылары жарыса жазып келеді. Комсомол жастар бригадасының құрамында қой бағып жүрген жерініңізден Нұр-ағаның көріп, тануы өміріңізге үлкен өзгеріс әкелгенде, біздің рухани келбетімізді сақтап қалудағы қадамдарға көңіліңіз тола ма?

Кино демекші, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы фильм бар еді. Киноны көр де, батыр қыздың кеңестік саясатқа сай жазылған өмірбаянын көр. Ал, шынайы тарих басқаша көсіледі. Әлияның әкесі кім еді, ол не үшін қаза тапты? Қазақ қызының жастай жетім қалуына кім кінәлі? Сұрмерген соғысқа қалай тап болды? Қандай ерлік көрсетті? Қалай мерт болды? Қайда, қалай жерленді? дегенге келсек, «менмұндалап» жатқан айғақ жетерлік. Бірақ, соны зерттеп-зерделеп жатқан ғалым бар ма? Алматы мен Астанағы ғалымдар үшін Әлияның, тіпті, 2-ші дүниежүзілік соғыс тарихының кей тұстары әлі күнге дейін жан баспаған арал күйінде қалып отыр. Бұл міндет тек аймақтардағы өлкетанушылардың мойнына жүктелген сыңайлы. Осыдан кейін, қазақ қана емес тұтас жарты құрлық «шығыстың қос шынары» деп атаған Әлия мен Мәншүк тарихының парақтары жұтаң тартпай қайтсын?

Тараз қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатының ауласынан дәулескер күйші, дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды. Туынды авторлары Болат Құсайынов пен Елдар Исақов күйші бейнесін асқан шеберлікпен сомдап шыққан.

Қазақтың қара домбырасы сияқты қазақтың қара домалақ баласы туралы ойласақ, ұлттық мәдениет, ұлттық тәрбие, отбасы-ошақ қасындағы үлгi-өнеге жайлы толғанбау мүмкiн емес. Ал ол ойдың желiсi, түп тамыры, әрине, баланы өмiрге әкелуi қандай парыз болса, бұл да аналардың мойнындағы тағы бiр ауыр мiндет. Жалпы, ұлт, мемлекет, қоғам болашағы жайлы кез келген мәселе тәлiм-тәрбиеге байланысты дер болсақ, сол қоғамның ойлы да саналы ұрпағын тәрбиелеудегi бүгiнгi аналар бейнесi қандай? Кешегi, бүгiнгi алмағайып заманда аты аңызға айналған алып та, ақылман аналар керуенi көштi қалай сүйреп келедi?
«Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» демекшi, бүгiнде айтары да, жазары да мол Мұзағаң — Мұзафар Әлiмбаев осы тақырыпта өз пiкiрi, көрген-бiлгендерi жөнiнде былай дейдi:

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ірі сурет­кер ақын екені, оның қазақ фольклорын жинау­дағы, тарих, педагогика т.с.с. ғылым салалары бойынша жазғандары біршама зерттелді деуге болады. Мәшһүр-Жүсіптің сонымен бірге дін тарихы, оның ішінде ислам діні тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы жазғандары бір төбе. Біз осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің дін туралы жазғандарын қазіргі ғылым табыстарымен салыстыра отырып, өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

Күні кеше отаршыл коммунистер: “Алла жоқ, әлем өзінен-өзі белгілі бір заңдылықтар бойынша жаратылды” дегенді жай айтып қоймай, қуғындау ісін жүргізіп келгені мәлім. Қазір “Алла бар!” деушілерге тыйым жойыл­ды, бірақ “демократия” дегенді желеу етіп, ислам дінінен аулақтатып, исламды мансұқ­тай­тын білгіштердің көбейіп, түрлі кітаптар­ды қарапайым жұртқа тегін таратып, дінді бұрма­лау етек алып бара жатқанын көрмеу мүмкін бе?! Міне, осы орайда дінге, оның ішін­­де ислам дініне ғылым көзімен қарай алмау­шылар бар екенін ескеріп, осы еңбегі­міз­ге Алланың бар екені ғылым әлемінде әлдеқашан дәлелден­геніне назар аудартқымыз келеді.

Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлаған, өзіне тән өзгеше дүниетанымын қалыптастырған алаш жұртының әдеби мұрасы оның өткенінен хабар беретін сыр сандық десек артық айтқандық емес. Өйткені, көзін тырнап ашқалы аттың жалында, түйенің қомында көшпенді өмір салтын кешіп келе жатқан ұлыстың қалам алып, тарихын хат бетіне түсіріп отыруға мүмкіндігі болмаған. Оны қажет деп те таппаған. Себебі, ә дегеннен тазалықпен дүние есігін ашқан ұлттың құймақұлақтығы – естіген көргенін хатына емес, жадына жазып алатындығы оған мұқтаждық туғызбаған. Сондықтан да, оның рухани мұрасы – тарихы мен дүниетанымынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, діні мен ділінен хабар беретін деректің қайнар көзі болып келген.
Алайда, Ресей империясының күшіне мініп, айналасындағыларға билігін жүргізе бастаған тұстан-ақ, европацентристік көзқарасқа сәйкес, қазақ халқының осынау мол мұрасын көзге ілмей, сендерде тарих, мәдениет, білім-ғылым деген өркениеттік ұғымдар болмаған деген «ғылым» қалыптасты. Сол «ғылымның» кесірінен, көшпенді түріктің ұрпағы надан, сауатсыз, мәдениеттен тысқары деп танылып келді. Орта ғасырлардан бері әлемге өркениет ұрығын сепкен дінің мен мәдениетің – ескілікке, шаманизге телініп, жарымжан ұлт болып таныстырылдық.

Қолымызға ғұлама ғалым, Қазақ академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы түсті. Бұл кітапты оқымысты сонау 1924 жылы 25 жасында ана тілімізде араб графикасымен жазып шыққан екен. Енді, міне, араға тура 85 жыл салып, кириллицаға көшіріліп басылған оқулық көзімізге оттай басылып отыр. Кітап ғалымның 110 жылдық мерейтойына тұспа-тұс шықты.
Кезінде Алаш зиялылары қазақ халқының тез арада өркениет легіне қосылуы үшін бар білімін аямай, тер төге сан салада оқулық жазып шығарған. Мәселен, Әлихан Бөкейханов астрономия мен жағрафияны, Мағжан Жұмабаев педагогиканы, Халел Досмұхамедов анатомия мен зоологияны, Жүсіпбек Аймауытов психологияны, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов тіл білімін, Мұхтар Әуезов әдебиетті жазса, ал Міржақып Дулатов, Сұлтанбек Қожанов, Әлімхан Ермеков математикаға ден қойған. Математиканың ішіндегі күрделі пән «Алгебраны» Қаныш Имантайұлы қолға алып, алдымен араб қарпінде 1924 жылы жазып шығып (592 беттік қолжазба), соңынан латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшіреді.

Жақында "Қазақтың Қажымұқаны" атты жинақ жарық көрдi. Жинаққа әйгiлi балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының көзiн көрiп, ерлiгiне куә болған замандастарының естелiктерi мен зерттеушiлердiң еңбектерi кiрiстiрiлген.
Жинақ 1984 және 1990 жылдар "Қазақстан" және "Күш атасы" деген атпен басылып шыққан кiтаптарда келтiрiлген мәлiметтердi кiргiзе отырып, жан-жақты зерттеудiң нәтижесiнде толықтырылды. Жинаққа кiрген еңбектердi құрастырған – Ғазизбек Тәшiмбай. Құрастырушы балуан атамыз жайлы естелiктердi 1966 жылдан бастап жинаған. Бұл жылдарға дейiн палуанның өмiрi аз зерттелген болатын. Қажымұқан ұлт тарихында ғана емес, дүниежүзiлiк спорт аренасына шыққан тұңғыш қазақ. Бiрақ атақты палуанның ел арасындағы өмiрi мен ерлiктерi, спорттағы жетiстiктерi туралы әңгiмелер осы жинаққа бiрiктiрiлген.

Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы өзінің туған жері – Ақмола өңірінде неліктен елеп-ескерусіз келеді?

Қазақстанның бас қаласы Астананың батыс беткейінде 20 шақырымдай жерде орна­лас­қан Қажымұқан ауылының аты дардай болғанымен әлеу­меттік жағдайы сын көтермей тұрғаны ащы болса да ақиқат. Қайран, Қаж­екең­нің кіндік қаны тамған ауылда көз тоқ­тататын, ауыз толтырып айтар мәдени мүйіс, тарихи орны жоқтың қасы. Сонау өткен ғасырдың басында-ақ,  қа­зақ­ты төрткүл дүниеге танытқан тұлға туған жерінде құрмет тұғырына бір көтерілмей-ақ қойды.

Күпірлік болар, жоқ деп кесіп айтпайық. Ауылда шағын мектеп бар. Онда Қа­жы­мұқанның күрес әлемін­дегі жасындай жарқыл­даған сәт­тері туралы әр жылдарда газет-журналдарда, кітаптарда жарияланған мақалалар, бірді-екілі болмашы бұйым­дар жинастырылған. Сондай-ақ, мектептің ауласында атақ­ты спортшының осы жерде ту­ғанын білдіретін белгітас тұр. Басқа ештеңе жоқ.