Мақалалар

Арғын руының Танбыссопыдан (Тәнбiсұлы) тараған ұрпақтарынан, талай батырлар мен билер көп шыққан. Олар өз iштерiнде таңбасына қарай "Жоғары шектi", "Төменгi шектi" болып бөлiнген.Солардың бiрi – Көшейұлы Шақшақ батыр, Шақшақұлы Қошқар, Қошқарұлы Жәнiбектен Дәуiтбай, одан Мұса батыр – одан Шеген туады. Бұл – қазақтың ауызша деректерiн жинаушы Мәшһүр Жүсiп Көпейұлының шежiресi.

Бопай ханым. Қазақтың соңғы және заңды ханы Кенесарының туған қарындасы. Кей деректерде оны "Бопай ханша" деп те атаған. Кезiнде жар сүйiп, ана болған Бопайдың қазақ әйелдерiнiң қалыпты тұрмысына мойынсұнып, "отбасы, ошақ қасында" қалуы мүмкiн-дi. Алайда жаратылысынан қайсар жан басқа тағдырды таңдады...

"Елдiң атын ер шығарады". Әбдiсалан Нұрмаханов – сондай ердiң бiрi әрi бiрегейi едi. Бокстан республиканың бiрнеше дүркiн чемпионын Одақтық спорт комитетiнiң басшылары iштарлық жасап, халықаралық аренаға шығармауға тырысса да, ол қарсыластарын айқын басымдықпен жеңiп, өзiн баршаға мойындатқан. Қазақ ұлтының даңқын аспандатты. Әлемдегi ең таңдаулы ауыр салмақты боксшылардың қатарынан орын алды. Оның туылғанына 75 жылдығына орай өмiр белестерiнен сөз қозғап, еске алуды жөн көрдiк.

Естеліктер. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы және  Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, КСРО Қарулы күштерінің ардагері, отставкідегі полковник, бүгінгі күні 85 жастағы  Бишімбаев Қозыке Бишімбайұлы туралы замандастары былай дейді:

...«Арычная» көшесі  Абай  даңғылы атанады деп кім ойлапты! Тас мүсіні болса да Алматыға  Абай  келеді  деп  кім  ойлапты! Кешегі  шошқа  қораның  орнында  Президент Сарайы  тұрады  деп кім  ойлапты!.. Абай  жүрген  жерде  оның  ұрпақтары  неге  жүрмесін. Бүгінгі  бүкіл  қазақ Абайдың  ұрпағы  емес  пе! Аллаға  шүкір, Тобықтының, Абайды туып бергені қандай жақсы болған, әйтпесе, бүкіл  қазақ  Абайсыз  қалғандай  екен-ау...

Алматының кітәп дүкендерін айына бірер аралап шығатын әдетіммен жүріп, біреуінен көрген көзді қызықтыратын сұлу кітәпті алып қарасам: «Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен» деп тұр! Бәрекелді! Үлкен қалыппен шығарылған, қалыңдығы төрт елі, ақынның суреті мұқабасының екі сыртқы бетіне ғана емес, қаптау түбіне де берілген! Сыртқы да, ішкі де көркемделуі келіскен екен!

Ол қазақ аспанында жарқ етіп шықты. Бар-жоғы жиырма жасында ұлт жастарының көшбасшысы, 25 жасында білім мен мәдениетті үйлестірген Ағарту министрі болды. Қиын-қыстау уақытта жарқырап көрініп, білімі мен білігінің арқасында қазақ көшін алға сүйреу де оңай шаруа емес еді. Жасындай жарқылдап туған Смағұл Сәдуақасовтың есімі елдің аузына бірден ілікті.

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы

Асанбай Асқаров туралы құжаттар не дейді?

«Мұндай тұлғалар табиғатпен
  жаралмаған, өзі қандай болса, солай
  етіп, өзін  өзі  жасады;  кім  болғысы
  келді,    соған    жетті,  және   де   өз
  ұстанымына берік болды...»
                                               Гегель

Әр ұлттың, мемлекеттің өз дамуында айрықша қарқынмен дамыған, бел белес жетістіктерге қарымдап емес, қарыштап ұмтылған кезеңдері болатыны анық. Өткен ғасырдың төртінші ширегінің соңғы онжылдығында қазақ даласы да сондай қарқынды дамуға бет ала бастады. Ұлттың ренессансындай болған бұл жылдары еліміз Тәуелсіздік алып, ақ түйенің қарны жарылғандай ұлан-асыр жақсылыққа кенелді.