Мақалалар

Осы заманда кітап қолымызға түрлі жолдармен келіп түседі. Әңгіме арқауына айналғалы отырған еңбек қолыма жеке кітапханам арқылы Түркістанда жасақталған «Түркі тілдес халықтар кітапханасы» арқылы келіп түсті. Онда бір түркіден тараған 22 түркі ұлт-ұлыстары тілінде 20000-нан аса алуан тілді кітаптар жинақталған. Кітап «Халық даналығы» («Қарақалпақстан» 1988) аталады.

Асыл текті, ақ жүректі ғалым-ұстаз

         Мен белгілі ғалым Болатжан Абылқасымовпен алғаш рет «Қабанбай батыр туралы жырлар» атты еңбегі арқылы танысып едім. 

Ол кезде тарихи жырлар кеңестік идеологияның қыспағына түсіп, көлеңкеде қалған «қиын» тақырыптардың бірі болатын. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессор  Рахманқұл Бердібаев басқарған фольклор бөлімінің осы тақырыпты зерттеу нысанасына айналдырып, «Тарихи жырлар мәселелері» атты зерттеу еңбекті жарыққа шығаруы - ол кезде байыпты бастама, батыл қадам болып саналатын.

                                                                                                                     БОЛАТЖАННЫҢ  СТОЛЫ  БОС  ТҰР…                                                                                                                               

                Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында менің оң жағымдағы, 2006 жылғы 1 қырқүйектен өмірінің соңына дейін Болатжан отырған стол әлі бос тұр. Стол тартпасындағы күнделікті оқу процесіне қатысты журнал, т.б. қағаздар да сол күйінде. Стол үстіндегі күнтізбе, қалам, қарындаш, өзге де түрлі құжаттар тұратын кеңселік бұйым да сол қалпында орнында... Күнделікті жұмысымызға сәйкес кафедраға келіп орнымызға жайғасқан сайын қатарымыздағы бос тұрған стол мен орындыққа қарап, онда отыратын Болатжан еске түседі.

Аталып отырған кітап жинағына енген, парасатты азамат, отандай отағасы, ағамыз Болатжан Абылқасымовпен үзеңгілес болған әріптестері мен жақындарының ой толғаулары жарияланып отыр

Бұл кітап қазақ әдебиеттану ғылымының іргелі саласының бірі фольклорды зерттеуші бірегей тұлға - Болатжан Абылқасымов туралы естеліктер жинағы. Ғылым мен мәдениет саласындағы белгілі ғалымдардан бастап шәкірттері мен ауылдастары, қарындасы мен бауырлары, жары мен жегжаттары, немерелері сағына еске алған естеліктер, мақала, өлеңдер топтастырылған.
Еңбек әйгілі әдебиет танушы ғалымның адамгершілік парасат-пайымын білгісі келетін, оның өмірі мен шығармашылық қырын тани түскісі келетін оқырманға арналады.

Өзінің бар саналы ғұмырын жастарға терең де сапалы білім, саналы тәрбие беру, ғылым саласына үлес қосу ісіне жұмсаған Балтабай Нұрлыбеков сынды жан өзінің терең білімділігімен, ұстамдылығымен, парасаттылығымен талайлардың есінде қалған.

Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кем-шілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Менің ойымша, нағыз патриоттық осыдан басталуы керек сияқты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой-пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі. Отаншылдық пен ана тілімізге деген зор құрметті біріктіре білген әр азаматтың елсүйермендік сезімі жоғары болады деп ойлаймын. Бұған қосып тағы айтарым, әр азаматтың отансүйгіштігі – адамдарға деген адамгершілігі, өз ісіне деген адалдығы, өз бойындағы кемшілігін мойындап қана қоймай, соны жою үшін әрекет етуі. Сонымен қатар, патриоттық дегеніміз – қазақтың өз-өзіне деген құрметі!

Әкем жөнінде көп жазуға болады. Бір жазушы айтқандай, бір адамның өмірі – тұтас бір роман. Бұл дұрыс та шығар, бірақ, менің ойымша, адамның бүкіл іс-қимылын,  ішкі дүниесін, ой-ниетің қалай бір кітапқа сыйғызуға болады?! Ол тек қана Алланың періштелеріңің құзырында болса керек.
Біздің мақсатымыз – әкемнің өнегелі өмірінің кішкентай үзінділері болса да болашақ ұрпағына естелік ретінде қалса, олар аталары туралы сұрақтың жауабын осы естеліктерден тапса деген ниет.

PS. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының қасиетті Төрткүл ауылында туылып, саналы ғұмырының барлығын киелі Түркістан шаһарында өткізіп, осы киелі шаһардың өркендеуі мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан Еңбек ардагері Омарұлы Мәдіхан, зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып отырмай, бүгінгі күнде өз өңірінің ардақтыларын түгендеп, өскелең ұрпақ үшін өнеге етіп қалдыру жолында ізденіп, тер төгіп жүрген қаламгер. Омарұлы Мәдіханның ұсынып отырған бұл мақаласы да сондай біртуар азаматтардың бірі, Әл-Фарабидің салған  сара жолын жалғастырушы, Қазақстандағы тарих ғылымдарының шырағданы, көрнекті ғалым, қоғам, мемлекет және партия қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Бәйдібек Ахметұлы Төлепбаев туралы.

Халық санағының астарлы сыры үн қатса...
Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының  бастапқы екеуі (1897, 1911 ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді.