Мақалалар

Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес,- демеп пе еді?  Өлмейтін өмір іздеген Қорқыт баба есімі ұрпақтарымен мәңгі бірге жасауда.  Қазақ дүниетанымы „Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді“ дейді. Кеше ғана арамызда жайраңдап, жарқылдап жүрген, бүгін көңіл төрінде азаматтық келбеті сақталған, жүрегімізде жылы жүзі мен ісі, сөзі жатталған, жанына жақын тартып, ағалық ақылын айтып шапағатын тигізген  тұлғасы асқақ, мәдениеті биік ғалым, ұстаз, жайсан азамат, танымал фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатжан Шайзадаұлы

PS. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқарұлы Асқаров туралы, оның жиен немересі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің Журналистика факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Римма Серікәліқызы Жақсылықбаеваның ой толғауы.

Николай Никитич Головацкий – көзінің тірісінде аты аңызға айналған, есімі жарты әлемге жайылған сирек тұлғалардың бірі. Оның әйгілі атағы да, абыройы да, даңқы да тікелей тек қана дамылсыз, тынымсыз еңбекпен, толассыз ізденіспен байланысты. Ол жас кезінде Жаркент өңіріне әскери шекарашы қызметін атқаруға келіп, міндетін атқарып болғаннан кейін осы жермен өзінің болашақ тағдырын байланыстырып, шаруашылықта еңбек етуге түбегейлі қалып қойды. Николай Никитич өмірінің соңына дейін:

Мағынасы терең, ауқымы кең «Елдестірмек – елшіден» деген сөз бекерге айтылмаса керек, халық арасында елшілер ежелден ерекше тұлға ретінде қабылданған. Осындай жауапкершілігі аса зор мәртебелі қызметті атқару құрметіне ие болған алғаш­қы кеңес дипломаттарының бірі, КСРО-ның өкілетті өкілі Нәзір Төреқұлов еді. Өкінішке қарай, халқымыз мақтаныш етуге тұрарлық осы тарихи тұлғаның өмірі бертінге дейін қалың жұртшылыққа белгісіз болып келді. Бұған әртүрлі жағдайлар себеп болды. Ең бастысы, Нәзір Төреқұлов «халық жауы» ретінде (жазықсыз жаламен!) «37-ші» жылғы қуғын-сүргіннің құрбаны болғандықтан ол туралы ақталғанға дейін сөз қозғау мүмкін болмады.

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

1881 жылдың күзiнде Қоянды жәрмеңкесiнде жұртқа жаға ұстатқан жағдай болды. Патшалы Ресей отаршыларының қазақ жерiнде еркiндей бастаған кезi едi. Әсiресе, қазақ даласының солтүстiк аймағын отаршылар өздерiнiң меншiгiндей көре бастаған. Бұратана халықтарға үстемдiк құру о баста пешенесiне жазылғандай көрiп, еркiнсiген олардың арам пиғылдары күн сайынғы iс-әрекеттерiнен айқын аңғарылып жататын. Қазақтың үлкен мәдени-сауда орталығының бiрi – Қоянды жәрмеңкесiнде болған оқиға осының бiр көрiнiсi болатын.

Мұратбаев-110
Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі, өз Отанының патриоты, демократ-ағартушы, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың салып кеткен сара жолы жас қауымға әрқашан үлгі-өнеге. Жиырма үш жыл ғана өмір сүріп, жаһанға танылған тұлғаға айналған оның ісі мәңгілік жасайтыны сөзсіз.
Осы орайда Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығы құрметіне жыл басынан бері Қызылорда облысында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның туған жері – Қазалы ауданында үстіміздегі жыл “Ғани жылы” деп жарияланды. Облыс және аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастыру комиссиялары құрылып, 21-22 қыркүйекте мерейтойды кең көлемде атап өту ұйғарылды.

Алаштың аймақтық үкімет басшысы туралы толғаныс

Бұл жәдігерде: «Күнбатыс және Торғай Алаш Ордаларының басшылары. Солдан оңға қарай: 1) Мырзағазы Есболұлы; 2) Халел Досмұхамедұлы; 3) Жаһанша Досмұхамедұлы; 4) Міржақып Дулатұлы. Басқалары нөкерлері» деп жазылған.

1. Қазақтар 1934-1938 жылдары билікте отырған Левон Мирзоянды «мырза-жан» атап кетті. Бірақ білуімше, оның жұрт ойлағандай мырзалығы жоқ. Ол репрессия тұсында Сталинге хат жазып, жазаланатын адамдардың тізімін көбейтуге лимит сұраған екен. Ал оны қазақтар ерекше дәріптеп, Алматыдағы бір көшенің атын берген. Сонда талай адамның қанын арқалаған Мирзоян Алаш зиялыларымен тең дәрежеде құрметтелуі керек пе?
2. Байқасақ, талай зиялыларымыз дәл Мирзоянның тұсында қуғын көрген. Демек, оның Алаш арыстарының атылуына тікелей қатысы бар ғой...
3. Кейін оған «қазақ ұлтшылы» деген айып тағылып, ату жазасына кесілгенін қалай түсінуге болады?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазақ еліндегі киелі шаңырақ, талай марқасқалар дәріс беріп, талай таланттылар түлеп ұшқан ұлы орда. Оған ешкімнің дауы жоқ.
 Біз университет есігін 80-ші жылы аштық. Сондағы атынан ат үркетін Ұстаз – академик-жазушы Зейнолла Қабдолов болатын. Ол кісі «Әдебиет теориясы» пәнінен дәріс беретін. Бірақ дәл сол жылы журналистика факультетіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған елу жасқа, Зекең өзі ертіп келіп, қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиевті таныстырды. «Сендерге «Әдебиет теориясын» осы Қадыр ағаларың оқиды» деді.

Көшпенділер қоғамында әдейі соғысқа үйретілген аттар болған. Ұрыс қимылдарына, әдістеріне жаттыққан аттарды қазанат немесе ереуіл ат деп атайды.
 Ереуіл атқа ер салмай,
 Ерлердің ісі бітер ме, – деп Махамбет ақын жырлағандай, әскери аттарсыз батырлардың ісі бітпейтінін көрсетеді.