Мақалалар

Ұлы Шыңғыс ханның түркі жұр­ты­нан, соның ішінде қазіргі қазақ елін құраушы ру-тайпалардан шық­қандығы исі қазаққа белгілі болды-ау деп ойлаймыз. Моңғол деген жұрттың жоқ екендігі, бар болса олар заманның аумалы-төкпелі кезеңінде байқау­сыз­да Моңғол (Мыңқол) аталып кеткен Бурят халқының жартысы екен­дігін орыс зерттеушілері бүгінгі таңда жарыса айтып та, жазып та жатыр. Зерт­теп, дәлелдеп те қойды. Орыстар ше­ка­ра түсіргенде, кезінде ара­лас-құралас отыр­ған ел екіге бөлініп қал­ғандығы, орыс елінің шебінде қалған орман буряттары қазіргі кезде көбі­несе осы елдің аты жөнін қабылдаған­дығы, маң далада қал­ған­дары өз ата-тектерімен аталатындығы және ке­­зіндегі қыпшақтардың (Шыңғыс ханның заманындағы) жеріне біртін­деп біртіндеп жылжып, ауысқандығы тарихқа нақтылынып қайта жазы­луда. 
 

Жоңғарлар мен қарақытайлардың қан­құйлы шапқыншылық заманында елі мен жерін қорғаған батырларға қазақ халқы кенде болмаған. Солардың бірі – қазір тұтас бір рудың атасына айналған Қапал батыр. “Қапал батыр кім еді? Туған халқының алдында қандай еңбегімен даңқы шыққан? Және ол кісі қай ғасырда өмір сүрген?” деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен біраз деректі материалдармен танысып, батыр жөнінде ел аузындағы аңыз-әңгімелерге құлақ түруге Баба ұрпақтары – қарт шежіре қариялардың айтқандарына жүгінуге және бұған дейін жарық көрген дастандар мен жыр нұсқаларын сарапқа салуға тура келді.

КСРО Жазушылар одағы Әдеби қорының Қазақ бөлімшесіне директорлыққа тағайындалған кезім. 1975 жылдың аяқ шені. Бір күні бөлмемнің есігі айқара ашылып, алып денелі Мұқағали тісі ақсиып кіріп келді. Ұшып тұрып, сәлем беріп, қарсы қабырға іргесіндегі диванға жайғасуына ишара жасадым. Ол диванға емес, үстелімді жанай тұрған биік арқалықты орындыққа отырды. Үстінде —қоңырқай жылы күртешесі, басында —қауқиған сары малақайы. Өңі жүдеу. Әншейінде жымиысын жарасымды етіп түратын бет шұңқыры суалыңқы жағына сіңіп кеткендей.

Қазақ  қалай мәңгүрттендi?!

  Исi қазақ бұл қасiреттi мәселенi терең танып бiлуi арқылы ғана ұлттық сана деңгейiне көтерiлiп ұлтшылдық сезiмге бөлене алмақ. Ұлтшылдық сезiмге  қол жеткiзе алсақ, ол мақтануға тұрарлық рухан қазына көзiне айналмақ. Бiрақ ұлтшылдық деген сөзден зәремiздi зәр түбiне түсiрiп шошытқан күш – тоталитарлық идеологияның жемiсi екенiн ендi сезiнiп жүрмiз. Санамызда стереотиптiк қорқынышты сезiмге айналған жазалау шарасының хабаршысындай қаҺарлы күштiң елесi адамдардың бойында ұялап қалғаны бүгiнде жасырын сыр емес, шындықтың өзi.

"Халық жауының" жары Гүлжамал Майлинаның ерлiгi

Бейiмбет Майлин 1937 жылы 6 қазан күнi тұтқындалып, 1938 жылғы 26 ақпанда атылған. Бала кезден байдың қолында жұмыс iстеген, әкеден де, шешеден де ерте айрылып, жетiмдiктiң тауқыметiн тартқан, етi тiрiлiгiмен ер жетiп, әртүрлi қызметтер iстеп, жазуының арқасында беделi өсiп, ел құрметiне бөленген оның үш ұйықтаса ойына келмеген жағдай бұл. Барлық жағдайда 19 жыл адал жар, сенiмдi серiк бола бiлген Гүлжамалдың да көрген тауқыметi жетерлiк едi.

«Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі» деп, белгілі арысымыз Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, көзін көрген жан ретінде есімі әлемге әйгілі ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жөнінде де айтпай өту аманатқа қиянат жасағанмен бара бар болар еді. Өзімнің ұзақ ғұмырымда тәлім алып, үйреніп, үлгі тұтқан тұлғаның маған таныс қырлары жария болуы керек деген ойдамын. Қалай дегенмен бүкіл саналы тіршілігінде елім деп, жерім деп өткен азаматтың естелігіне соқпай өтуге сірә да болмас.

Кеудесіне Назарбаев орден таққан

«Екінші» деп айтылып жүрген Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 58 жыл толып отыр. Жеңіс салютін жақындатқан батырлардың да қатары сиреп келеді. Сол аз ғана майдангерлердің жасы да анау-мынау емес, сексеннің сеңгіріне шыққан. Солардың бірі – Жеңіс мерекесі қарсаңында 80 жасқа толған абзал азамат, Сарыағаш аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тұрдымұрат Әзімбаев ағамыз.

Балалық шаққа саяхат… Бердібек ағамызға дейінгілер осы саяхатқа сапар шекті ме, шекпеді ме, кім біліпті… Біз – осындай ұлы саяхаттың болатынын әу бастан-ақ біліп өскен ұрпақ, бақыттымыз. Сапардың да сәттісі, қуантатыны, жылататыны болады. Балалығын соғыс есейткен, өмірінің ерте, тым ерте ержеткен қиын сәтін есіне түсіріп, көп саяхатынан мұңайып қайтатын сол кездің ұрпағына деген аяушылық сезімі басым өзімде. Әдебиеттерден не оқысам да, ересектерден не тыңдасам да осыған саятын… сол кездегі көп естелік!
 Ал ақын Жұмекен Нәжімеденовтің балалық шағына мен бала күнгі досы, досы болғанда да қиын-қыстау күндерде қайран балалықтан қол үзбеуге себепші болған досы – Идаят Қонысов ағамен бірге саяхат шектім. Сексенге таяған ақсақал тың, қуатты. Күтімі де үлкен кісіге лайық келісті көрінді. Сөзі де, әсерге беріле айтқан әңгімесі де шып-ширақ. Сонау алыста қалған көмескілеу күндерден емес, күні кеше болған қызықты оқиғадан сыр шерткендей…

Ақмола өңiрi – қазақтың киелi жерлерiнiң бiрi. Қай заманда да өзен-көлдiң жағасында мекендер болатыны анық. Есiлдi жағалай ел қонған. Ұлан-ғайыр даламыздың бiр шетiнен екiншi жағына қатынаған керуендер Есiл өзенiнiң осы Ақмола тұсынан өтетiн болған. Оны ел-жұрт Қараөткел деп атаған екен. Тарихта «Қараөткел базары», «Қараөткел қымызы» деген сөз тiркестерi содан қалған. Базар деген тек сауда-саттық орны болмаған. Заманында Қараөткел базары жиын-тойдың, ойын-сауықтың да орталығы болған. Әйгiлi Балуан Шолақтар небiр мықтылармен белдескен екен. Өзiнiң сүйiктiсi Ғалияны осы базардан кездестiрген көрiнедi. Қиыла қымыз ұсынған Ғалияға Балуан Шолақ ғашық болып, атақты «Ғалия» әнiн шығарған. Қоғам және мемлекет қайраткерi, ақын Сәкен Сейфуллин де Ақмола қаласында тұрып, жұмыс iстеген. 1930 жылдары темiржол тартылып, поезд қатынасы iске қосылған қала Сарыарқа өңiрiнде ауыл шаруашылығы мен индустрияның дамуына айрықша үлес қосты. Ал 1960 жылдары Тың өлкесiнiң орталығы болған соң, облысқа да, қалаға да КСРО-ның әр аймағынан тың игерушiлер көшiп келдi.

Қасым Шәріпов… Осы бір қайраткердің туғанына жүз жыл толып отыр. Онымен қызметтес болған, көзі көргендер, ол туралы естелік айтатындар қатары да сиреп қалды. Бірақ Қасекең жайында әңгімелер аз емес, әркез естіліп жатады. Оның саяси ұстанымына байланысты жоғары қызметтен қалай алынғаны, ал кейін уақыттың оны қалай ақтағаны туралы айтады.

Кейбір негізсіз әңгімелердің де осынау бір кіршіксіз ғұмыр кешкен азаматтың жарқын бейнесіне азын-аулақ көлеңке түсіретіні бар. Біреулер Қасекең қазақ газеттерін орыс газеттерінің аудармасы болсын деген ұсыныс айтыпты, оған еліміздің бір ұлтжанды басшысы қатты ескерту жасапты деген сөзді де таратқаны белгілі. Ал шын мәнінде Шәріпов газеттердің аударма болуына барынша қарсылық көрсетіп, оны дәлелмен негіздеген азамат. Кейінірек қолымызға түскен құжаттық материалдан оған толық көзіміз жетіп те отыр.