Мақалалар

Байқоңыр - елдеріміздің ғарыш саласындағы  ынтымақтастығының негізі - Қазғарыш және Роскосмос басшыларының мәлімдемесі

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Лидия Кәденовамен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түскен еді.
– Сізді көбінесе жұрт «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы таниды. Дегенмен, әзіл-ысқақ отаулары арқылы көреремен көз айымына айналып, танымал болғаныңызбен өнер жолыңызды театрдан бастадыңыз ғой. «Тамашаға» қарағанда, театрдағы еңбек өтіліңіз де біршама көп сияқты…

Қыдырәлі Болманов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері: Қазақша сөйлейтін, билейтін, ән айтатын қуыршақтар жасағалы жатырмыз

Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән әлемінің бастау бұлағында тұрған «Сымбат» сән академиясының арт–директоры Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – «Wһіte and black», «Cһіcco’s» және «Vіctorіa secrets» сауда белгілерімен танымал американдық «Mast Іndustrіes» компаниясының ресми дизайнері болып қызмет істеді. «Cһіcco’s by Balnur Assanova» белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы әңгімеге тарттық.

Ұлы Абайдың «Даналық сөздер» жиынтығы – «45 қарасөзінде» тұнған құпиялар көп. Өйткені, олардың маңызы мен мағынасы Құранмен үндеседі. Әулие Қожа Ахмед Иасауидің өзінің «Диуани хикметінде» (Ақыл кітабы): «Менің хикметтерім, Оқып ұққанға бар мағынасы: құран» – дейтіні сол. Ендеше, бұл тақырыпта ақыл қосып, ой қозғаудың лайықты орны, қаланатын реті бар. Әлбетте, кез келген пікірдің, тұжырымның өзіне тән қайшылықтары болары заңдылық. Дегенмен, қозғау салып, Абай қарасөзінде қозғалатын ілімге бір табан болса да жақындай түсуге талаптанудан ұтарымыз анық.

Енді аз күнде кезінде Қазақстан Магниткасы аталып кеткен Қарағанды металлургия комбинатының кемелдене бастаған тынысына тың күш бітірген бірінші домна пешінің іске қосылғанына 50 жыл толады. Өмірде елдік өзгерістерге ықпал етер бір сәттер болады емес пе?! Оның ерекшелігі неде дегенде, сол 1960 жылдың 3 шілдесінде жаңа домна көмейінен шойын селі сарқырап аққан шақ арқылы ел экономикасы өрлеуіне бетбұрыс жасалғандығы белгілі.

Еліміз дербестігін сақтау үшін сан салалы өмірдің тиянақты өркендеуіне назар аударып келеді. Солардың бірі – спорт. Себебі, спорт өнері елімізді әлемге танытады, бейбітшілік қарым-қатынасты дамытады. Сонымен қоса дене саулығын құнттамайынша, үлкен жетістіктерге жету мүмкін емес. Соңғы жылдарда спорт әлемінде тиесілі орын алып келе жатқан таеквондо өнерінің орны алабөтен. Мұстафа Өзтүріктің алып келген осы спорты Қазақстан жерінде кеңінен дамып келеді. Өткен жылғы Бейжің олимпиада ойындарының қорытындысында еліміздің қоржынына түскен бір медальда осы таеквондоның еншісінде болғанын атап кеткен жөн.

Елордада Керей мен Жәнібек хандардың монументальді, мүсіндік, көркем композициясы салтанатты түрде ашылды. Рәсім қазақтың мемлекеттілігінің бастауында тұрған ұлы хандар ескерткішіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың гүл қойып, тағзым етуінен басталды. Осыдан кейін ұлттық әнұран асқақтады.

Сөз алып, жиылған қарақұрым халыққа қайырылған Мемлекет басшысы ажарлы Астанамыздың «ұлысымызды заманында ұйыстырған» Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткішімен - «тағылымы мол сәулет туындысымен толыға түскендігін» айтты. «Бұл - тұғырлы тарихымызға, қазақтың елдік дәстүріне, мызғымас мемлекетімізге арналған мәңгілік белгі! Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбас жерінде қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қақты. Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасында бой көтерген Қазақ Ордасы уақыт өте келе, ұлан-ғайыр далаға иелік етті».

Еуразия ұлттық университетінде ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Нұрғалидың 70 жылдық мерейтойына орайластырылып «Рымғали Нұрғали мұрасы және қазіргі әдебиет пен тіл ғылымының көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Алдағы желтоқсан айында Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады. Соған орай үстiмiздегi жылдың басынан берi мектептерде, жоғары оқу орындарында, елдi-мекендерде оны еске алу шаралары жүрiп жатыр. Жуырда сондай игi шара Қаскелең қаласында өттi. Бұл жиынды Алматы облысының әкiмi Серiк Үмбетов ашып, Баукең туралы ыстық iлтипатын бiлдiрдi. Содан кейiн сөз алған батырдың ұлы Бақытжан әкесi жайында үш кiтап жазғанын, оны оқырмандар жылы қабылдағанын айтты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов Баукеңнiң шығармашылығын қырық томға жинақтағанын, оның отыз томын Мәдениет министрлiгi, он томын Жамбыл облысының әкiмшiлiгi жарыққа шығарып жатқанынан хабардар еттi. Ал батырдың жанында жиырма жыл жүрiп, қызмет көрсеткен ғалым-жазушы Мамытбек Қалдыбайдың естелiктерi әсерлi шығып, жиналған көпшiлiктi бей-жай қалдырмады.