Мақалалар

Былтыр тойланған ұлтымыздың ұлы перзенті Құрманғазының 190 жылдығы тарих қойнауына кетті. Ауыз тұшытқандай жақсы-жақсы шаралар, концерттер, күй сайыстары өтті. Әсіресе, Атырауда ұйымдастырылған 1000 домбырашылар оркестрінің ғажайып концерті таңдандырмай қоймады.

Тіпті әуесің келеді. Ұлы ұйытқыдай ұйысып отырған ұлтымыздың өткен өмірі мен жұлдызы жолдары қайта-қайта қайырылып, нұрлы қайнарға бас қойғызады. Бұлардың болашаққа үңілдіретіні болмаса, тарихымыздан түңілдіретін тұсы жоқ. Біздің көл-көсір сөз бен саз байлығымыз қазақ халқына ғана тән қайталанбайтын құбылыс. Олардың мұрты бұзылмаған күйі әлі тұр . Бірақ сол ұшан теңіз рухани құндылықтарымыз бен қыруар қазынамызды ұстарып, кәдеге жарата алмай жүрміз бе? Жатжұрттықтар неге оларға тамсана қарап, неге сонша сүйсініп қызыға береді? Солар саф алтындай самсап тұрғанда еңсеміз езіліп, жүзіміз неге төменшік тартады?

Ахмет      Байтұрсынов!

  Әлихан Бөкейханов!

  Темірбек    Жүргенов!

   Сәкен Сейфуллин!

         Бұлар халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын әр қилы замандар мен саяси жүйе жағдайында өрге сүйреген Қайраткерлер.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің биыл 110 жылдық мерейтойы. Сол мерекенің бастамасы ретінде Алматыда суретшінің музей-үйі ашылды.

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің бастамасымен өткен  салтанатты шараға қала әкімдігі өкілдері, шебердің көзін көрген достары мен туған-туыстары түгел қатысты. «Бұл мәселе көптен айтылып жүр еді. Енді міне, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев мұражай-үйі жұмысын бастап, халыққа есігін айқара ашып жатыр. Сондықтан да, бұл күн барлық қазақ жұртшылығы үшін маңызды күн» деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәденимұра басқармасының бастығыБазарбай Алтаев.

Ақтөбеде тағы бір игілікті іс-шара өтті.  Қалада қазақ әдебиетінің қос классигі Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевқа ескерткіш орнатылды. Бір ауылда туып, бірге өскен, өмір бойы бірге жүріп, бірге тұрған екі достың бас қосып, сырласқан сәті салыныпты тас мүсінге. Қуандық ақын өзінің досына жаңа жазған жырын оқып беріп, Тахауи ағамыз інісінің өлеңін елти тыңдап отырғандай әсер қалады. Мүсінші Жеңіс Жұбанқосов өз туындысында қос қаламгердің келбетін ғана емес, олардың достық сезімдерін де әдемі бейнелеген.

АБЫЛАЙ ХАН – ХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ БИЛЕУШІСІ

Аннотация

Мақалада XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әйгілі билеушісі Абылайдың өмір жолы мен мемлекеттік қызметі дәуірлері дәйектелген. Ханның қазақ жүздерін біріктірудегі, Қытай мен Ресей империялары саясатынан ұлттық мүддені қорғаудағы рөлін автор баса көрсеткен. Қазақстанда мемлекеттік билікті нығайтуға зардабын тигізген қиыншылықтар мен қайшылықтар анықталған.

Түйін сөздер: хан, хандық, саясат, би, батыр, бодандық, билік, экономика, мәдениет, дәстүр, тәуелсіздік, президент.

Бөкең – Болатжан марқұм өмірде ғалым ретінде қалыптасқан тұлға еді. Оның  өз еңбектеріне халқымыздың көне салт-дәстүрлерін арқау етіп алуы да тегін болмаған секілді. Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған көне салт-сана ұғымдарын жаңғырту ісіне бір кісідей еңбек етті.
Болатжанның менен 3-4 жас үлкендігі болатын. Біздің таныстығымыз сонау 80-жылдары басталды. Ол кезде мен баспа қызметкері едім. Горбачевтың «Қайта құру» заманы ғой. Басшымыз ауысып, жаңа келген  директор «сокращение» деген желеумен өз адамдарын жинай бастады. 

Болатжан ағайды жылдан-жылға таныған сайын әр кездесудің өзі қызықты оқиғаларға толы көркем шығарма туғызуға болатын ерекше тұлға болатын. Әрине, ағайдың наным-сенімдер ғұрыпының фольклорын зерттейтіні өзіндік іздерін білдіріп тұратыны жиі белгі беретін. Оның бірі боп еске түсетін бір оқиға, ағайдың үйінен кітаптарын алып тұратынмын. Бір күні іздеген екі-үш кітаптарды жұмысынан алып кетуімді айтты. Жұмысқа келсем, мені көріп назаланып ертең алып келетінін, одан өзі ыңғайсызданып үйден алып кетуін өтінді.

2009 жылдың 15 наурызында сұм ажал ортамыздан орны бөлек ерекше тұлғаны – жаны жайсаң, парасатты азамат, көрнекті фольклортанушы – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатжан Шайзадаұлы Абылқасымовты алпыстың асуына шығуына, қуаныш айдынында аққудай жарқырап шаттануға мұрсат бергізбей, мәңгі бақилыққа   алып кетті.

Биыл, яғни, 2012 жылы белгілі қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Дубек Шалғынбаевтің өмірден озғанына 65 жыл толды. Халқының ардақты ұлы тек 27 жас жасап өмірден озды. Осы за ғана ғұмырында қазақ руханияты үшін елеулі еңбектер атқарған Д.Шалғынбаев 1920 жылы қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Шынжаң иниституты қытай тілі факультетіне түскен тұңғыш қазақ студенті болған. Дубек Шалғынбаев өмірі Шығыс Түркістан сынды саяси-географиялық маңызы өте зор аумақтың аумалы-төкпелі кезеңіне тура келеді. Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына баруы тегін емес десек, ал, Шәуешек қаласы – Тарбағатай аймағының орталығы болып есептеледі.