20-01

ЭКОНОМИКА: 10 томдық таңдамалы еңбектер

«Мұндай тұлғалар табиғатпен
  жаралмаған, өзі қандай болса, солай
  етіп, өзін  өзі  жасады;  кім  болғысы
  келді,    соған    жетті,  және   де   өз
  ұстанымына берік болды...»
                                               Гегель

Біз 18 жылда Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге және процестерге куәміз. Жас мемлекетіміздің дүние жүзі алдында қалыптасуында сан жылдар болды. Біздің есімізде қалай бірінші заңдар жасалды, мемлекеттік институттар құрылды, қалай бірінші Қазақстанның өз ақшасы теңге, қаржы жүйесі енгізілді, кәсіпкерлік дамыды т.б.
   Осы орайда еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуында О.Сабден көптеген жаңа идеялардың, тың ұсыныстардың авторы болды. Ол заң шығарушылық жүйеде, экономикада, әсіресе, ғылым мен техника, білім, әлеуметтік салада өзінің принципшіл көзқарасының арқасында үлкен үлес қосты. Оларға біз О.Сабденнің 10 томдық еңбегін оқып отырып көзіміз жетті.
   Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының, Жоғары мектебі Халықаралық академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері жөніндегі таңдаулы еңбектерінің ұсынылған он томдықтың авторы Оразалы Сабден тұлғасының және ғылыми мүдделерінің қалыптасуы – туған жерінде негізі салынып, академиялық ортада ашылды. Қазақ ССР-нің Ғылым академиясының Экономика институтының қабырғаларындағы дәл осы академиялық мектеп ғалым-экономист, саясаткер, тұңғыш төрт рет халық депутаты, алдымен Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты, содан соң, егеменді Қазақстанның Парламент депутаты, ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының белсенді қайраткері, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қоғамдық палатасының мүшесі ретіндегі қызметтері оның ғылыми және қоғамдық жетістіктерін анықтады.
   Таңдаулы еңбектердің авторы Оразалы Сәбден өткен жылдардың маңыздылығын іштен ұғынады және өзін әрбір қазақстандыққа жақын, тағдырларға ықпал етуші оқиғалардың қатысушысы ретінде шынайы сезінеді. Оның фундаментальды ғылыми зерттеулері түрлі салаларда және елдің халық шаруашылығында, мысалы Кентау эксковатор зауыты, Алматы ауыр машина құрылысының зауыты, Шымкент қорғасын зауыты, Ресейдің Уралмаш-зауыты сияқты және т.б. бірқатар жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарда кеңінен қолданысын тапты.
   Республика егеменді мемлекет мәртебесін алысымен О.Сәбден Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму мәселелерін терең зерттейді және де оңды нарықтық реформалардың бастаушысы болып табылады, оның негізгі идеялары 37 авторлық монографияларында және 425 ғылыми басылымдарында жарық көрді. «ҚР-да нарықтық экономика дамуының концептуалды негіздері» жұмыстарының циклі үшін Оразалы Сәбден экономист-ғалымдардың арасында алғаш рет ғылым, техника және білім беру саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Оның ғылыми еңбектерінде заман талаптарымен объективті негізделген, әлемдік дамуының бүкіл барысымен байланыстырылған сапалы өзгерістері бейнеленген.
   О. Сәбденнің ғылыми әрекеті ұлттық экономиканы басқару, экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігі, инновациялық және интеллектуалдық экономиканың, өнеркәсіп өндірісінің тиімділігі, Қазақстанның нарықтық экономиканың теориясы мен методологиясы, кіші және орта кәсіпкерліктің дамуының және нарықтық инфрақұрылымының қалыптастырылуы және т.б. мәселелерін зерттеуге арналған.
   Оқырмандардың сынына он томдық баспада жарық көрген оның таңдаулы еңбектерінің негізгі зерттеулері және бағдарламалары шығарылады:
1. Қр-да нарықтық экономика дамуының концептуалды негіздерін құрастыру.
2. Қазақстанда инновациялық экономиканы қалыптастыру және дамыту концепциясы.
3. Интелектуалды экономиканың негізгі бағыттары.
4. Жаңа экономикалық саясат концепциясы (ЖЭС).
5. Қазақстан Республикасының бірқатар заң жобаларын және ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының модельді заңдарын құрастыру.
6. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің концепцияларын, критерийлерін және көрсеткіштерін құрастыру.
7. Қазақстанның әлеуметтік-бағытталған экономикасының концепциясы (ӘБӘ).
8. ҚР ғылымды дамытудың доктринасы.
9. Экономикалық манифест.
10. Қазақстанның ұлттық идеясының концепциясы.
11. ҚР-да кіші кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын құрастыру.
12. Кадрларды шет елдерде дайындау бағдарламаларын құрастыру.
13. ҚР азаматтық қоғам құрудағы заң шығарушы билікті реформалау.
14. ҚР-да парлементаризм институтын құру концепциясы.
15.  Логистиканың экономикалық негізін жасау.
16. Кәсіпорынның логистикалық жүйесінің қызмет етуінің экономикалық негіздерін құрастыру.
17. Өнеркәсіптік және жөндеу өндірісінің тиімділігін экономикалық бағалау.
18. Желілік жоспарлау және жөндеу өндірісін басқару жүйесін құрастыру (ЖБС).
19. Негізгі және жөндеу өндірісінің экономикалық-статистикалық модельдеудің әдістемесін құрастыру (ЭСМ).
20. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының әрекетін қаржылық-несиелік реттеу.
   Жоғарыда келтірілген және басқа да нарықтық қатынастардың дамуы және ҚР-да әлеуметтік-экономикалық дамуының көкейтесті мәселелері бойынша О.Сәбденнің ҚР Президентіне және Үкіметке 20 астам концепциялар, бағдарламалар түрінде ғылыми негізделген баяндау хаттары ұсынылды.

Бірінші том
«Инновациялық экономика»

   2009 жылы Қазақстанда алғаш рет «Инновациялық экономика» атты монография жарық көрді. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторы ретіндегі инновациялардың маңыздылығы күмәнсіз. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің стратегиясын құрастыру және оның болашақ қызмет етуі инновацияларды кеңінен пайдалану және инвестицияларды адами капиталға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға бағыттау тұрғысынан қарастырылған.
   Экономика өсімінің ырғағы бойынша, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен, азаматтардың нақты табыстарын деңгейімен және т.б. бойынша ұлттық экономиканың рөлін сипаттайтын автордың макродеңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілігінің көзқарасын ғылыми және тәжірибелік ынтасын көрсетеді. Мұнда автормен дәстүрлі факторлар емес, жаңа технологияларға берілген инвестициялардың көлеміне, ғылымның және кәсіби білім берудің даму деңгейіне акцент қойылады.
   Бірінші томда Қазақстанда әлеуметтік-бағытталған экономиканы құру ойы  ерекше аталып көрсетіліп отыр. Автор елдегі шынайы жағдайды критикалық  тұрғыдан қайта ойланып, олигархтық капитализмнен, басынушылықтан және шенеуніктік аппаратының жемқорлығынан, индеференттіліктен және халықтың көпшілігінің әлеуметтік қамсыздандырылмауынан белсенді азаматтық қоғамға өту мәселелерін қойып және шешіп отыр. Осыған орай біздің қоғамымыздың стратегиялық мақсаты автормен анықталып отыр - әлеуметтік әділдік  негізінде  өмір деңгейін және сапасын жоғарылату.
   Экономикалық ғылымда батыл және жаңаша жолы болып, алғаш рет ұсынылып отырған «Экономикалық манифест» толық мәтіні болып табылады.  Мұнда Қазақстанның болашағы, әлеуметтік прогресс жолындағы оның тарихи миссиясы, біздің ұрпағымыз, олардың мәдени және өнегелілік дамуы, білімділігі және әлеуметтік талап етілуі, еліміз он, жиырма және отыз, елу жылдан кейін қандай болатыны туралы ғылыми көзқарастар.
   Бұл ойлар адами капиталға жаңаша қарау, жаңа экономикалық саясаттың алғашқы мәселелерін көрсету арқылы ашылған: жоғары білімді орта буынды қалыптастыру; лайықты еңбек ақыны; халықтың жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейін қамсыздандыру; саяси институттарды жетілдіру; мемлекеттік меншікті басқарудың жаңа жүйесіне өту; Үшбірлік формуласын шешу «жер – меншік – ауыл шаруашылығы»; реформалар және биліктің ара қатынасы; парламентаризмнің дамуындағы жаңа көрініс.


Екінші том
«Бәсекелестікке қабілетті экономика»

   Екінші томның материалдары экономикалық оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне және көпшілік оқырмандарға арналған. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін қамсыздандыру ойы оқу құралы ретінде қазақ тілінде алғаш рет ұсынылып отыр. Құрал төрт бөлімнен тұрады:
-    макроэкономика;
-    микроэкономика;
-    кәсіпорын экономикасы;
-    өндірістік логистика жүйесі.
   Оқу құралында ұлттық экономиканың   бәсекелесу  қабілеттілігінің кешенді талдауы  беріліп, ұлттық моделін қалыптастыру параметрлері  қарастырылған. Ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің концепцияларына, Қазақстанның макроэкономикалық сипаттамаларына және глобалды экономикаға үлкен назар аударылған. Бәсекеге қабілеттілігінің сандық өлшеу әдістері, осы күрделі құбылыстың әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалау критерийлері қарастырылмаған, олардың жетістіктері мен кемшіліктері анықталған.
   Автор қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық-техникалық құрама бөлігінің бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың аймақтық аспектісін нақты ерекшелейтіні танырлық. Автордың мұнда ғылыми тәсілі бәсекеге қабілеттілігі сияқты экономикалық құбылыстың көпжақтылығын сипаттайды.
   Аса қызығушылықты бәсекеге қабілетті өнімді жасау үшін кәсіпорында бар ресурстық, резервтік және басқа да мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану тұрғысынан қазіргі жағдайдағы кәсіпорынның дамуы концепциясы қарастырылған. Осыған орай жаңалық ретінде логистикалық жүйе бойынша материал ұсынылады. Атап айтқанда, мұнда материалдық., тауарлық және қаржылық ағымдардың қозғалысын жеделдетудің әдістемелік және тәжірибелік мәселелеріне үлкен назар аударылған, бұл қосымша қуаттарды, капиталды салымдарды және өндіріс ресурстарын тартпай нарықтық сұраныс шегінде өнімді шығаруын көбейтуге көмектеседі. Кітап математикалық формулалармен, есептермен, кәсіпорын әрекетінің тиімділігін бағалау критерийлерімен толыққан.

Үшінші том
«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері»

   Осы томның материалдарында автор оқырмандардың алдында ғалым ретінде ғана емес, кең аспектілерде елдің мәселелері толғандыратын өз Отанының азаматы ретінде танылады.
   Соңғы жылдары газеттерде, журналдарда, брошюра түрінде 65 баспалар саясатқа, экономикаға, тарихи тұлғаларға байланысты мәселелердің үлкен спектірін көрсетеді.
   Үшінші томда 2006-2008 жылдары газет, журналдарда қазақ және орыс тілінде шыққан баспаларды қамтиды. 2006 жылы автор стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру мәселелерін, экономиканы кластерлеу мүмкіндіктерін, тұрғын үй бағдарламасын іске асырудан нені күтуге болатынын, кадрларды дайындаудың мақсаттылығы, ғылымды қаржыландыру туралы, ӘСҰ енудің салдары және т.б. туралы мәселелерді көтерген. «Жоғары интеллекті бар экономика» рубрикамен  мақалалардың сериясы өте құнды. Оларда автор ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды ерекше басқару туралы айтып кеткен. Экономиканы диверсификациялаудың инвестициялық факторларға сыртқы нарықтардың әсерін талдау үлкен қызығушылықты тудыртады. Бұл жерде автор отандық капитал шетелдерге шығарылатыны жөнінде алаңдаушылығын білдіреді, бұл ең алдымен елдің экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етеді. Ең маңызды приоритет иновациялық даму жолына өту болғандықтан, автор үлкен статистикалық  материалдарды талдаудың негізінде, инновациялық әрекетті мемлекеттік қолдау және реттеу саласындағы заңдардың жүйесін қалыптастыру қажеттігін пайымдайды және негіздеп жатыр.
   Осы томда көтерілген мәселелердің өзектілігі өз уақыттылығымен, автор пікірлерінің ашықтығымен, публикациялардың объектісі болып табылатындарға автордың парасаттылығымен және этикет ережелерінің сақталуымен күшейтіледі.
   ІІІ томның материалдары мемлекеттік және орыс, яғни қай тілде жарық көрсе сол тілде ұсынылған.

Төртінші том
«Нарықтық экономика» (оқу құралы)

   Қазақстан Республикасының экономикалық даму мәселелеріне арналған оқу және ғылыми-экономикалық әдебиеттерінің қазіргі жетіспеушілік жағдайында Оразалы Сәбденнің «Нарықтық экономика» оқу құралының шығуы уақытқа сай болып келеді. Ұлттық экономиканың тиімді қызмет ету мәселелерінің түрлі аспектілерін талдайтын және де оларды шешудің оптималды жолдары негізделінетін осы оқу құралында қомақты анықтамалық және есептеу материалдарының бар болуы оның маңыздылығын арттырады. Бұл кітап оқу-әдістемелік басылымдардың жаңа буынына жатады және де экономикалық талдау мәселелерінің кешенді шешімдерімен ерекшеленеді.
   Оқу құралында Қазақстанда және бүкіл әлемде шаруашылықтың дамуының жаңа деңгейін көрсететін теориялық және тәжірибелік білімдер қарапайым түрде берілген, автормен жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың экономикалық жүйелерінің интеграциялық үдерістерінің тұрғысынан Қазақстанның ұлттық экономикасы қалыптасуының ерекшеліктері мен тенденциялары қарастырылған. Еліміздің ұлттық экономикасының қазіргі қалпы мен даму болашағына үлкен назар аударылған.
   Мұнда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және экономикалық қауіпсіздігінің экономикалық механизмдері және шаруашылық жүргізудің механизмдерін ескере отырып мемлекеттік қолдау мен реттеудің негізгі бағыттары көрінісін тапты.
Бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда ұлттық доктринаның және бәсекелестік артылықшылықтардың маңыздылығы анықталды, сегментациялаудың және позициялаудың стратегиялары қарастырылды, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыру үшін маркетингтік саймандарды (құралдарды) қолданудың ерекшеліктері талданды.
   Алғаш рет экономикалық әдебиеттерде автормен экономикалық қатынастардың даму базасында логистикалық жүйелердің және кәсіпорынның коммерциялық әрекетінің қызмет етуінің экономикалық негіздері анықталды. Макро және микроэкономика деңгейінде нарықтық қатынастардың даму негіздеріне, ұлттық шаруашылығының қызмет етуінің түрлі аспектілеріне қатысты материалдардың қамтылу кеңдігі оқулықтың құндылығын көрсетеді. Оқу құралы экономикалық оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне, сонымен қатар, «Экономика» бағытындағы бакалаврлар мен магистрларға арналған.

Бесінші том
«Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін не істеу қажет?»

   Парламентте онжылдық депутаттық жұмыстың тәжірибесі авторға елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің жағдайы туралы өзінің  көргендігін бөлісуге мүмкіндік берді. Мұнда автор үкіметпен қабылданып жатқан реформалардың тағдырына алаңдайтын ғалым, экономист, халық таңдаулысы ретінде, өз елінің азаматы ретінде өз ойын ортаға салады.
   Нарықтық экономикаға өту ел дамуының түрлі концепциялардың құрылуына, экономикалық, саяси реформалардың жүргізілуіне себепші болды. Әрине, реформаларды жүргізудің күрделі қарама-қайшы үдерісінде бұрын кездеспеген қиындықтардан өтуге тура келді, және бұл кезде қателіктерді болдыртпау мүмкін емес болатын.  Қателіктердің және бұдан туындалатын шығындардың бағасы қаншалықты? Бүгінгі күні автор біздің «бір тырманы қайта-қайта баса беруімізге» шаршамайтынымызға алаңдай отырып, бұл сауалға бірнеше рет оралып жатыр. Атап айтқанда, ХВҚ (МВФ) кепілдемелерінің макроэкономиканың көрсеткіштеріне ғана сүйене отырып, кәсіпорындардың, салалардың, аймақтардың экономикалық үдерістері мен құбылыстардың талдауына көңіл бөлмей, нарықтық жағдайда әсіресе стратегиялық жоспарлау қағидасын сақтау секілді шаруашылықты жүргізудің маңызды сәтін жіберіп алдық дейді.
   Бесінші томның «Не істеу керек?» деген басты сауалында қос мағына байқалып отыр: бұл жағдайға біз қалай тап болдық және республика экономикасын қалпына келтіру үшін не істеу керек? Қандай шаралар мен тетіктер арқылы өндірісті қалпына келтіру және дамыту жағдайын жылжытуға, іс жүзінде кіші және орта бизнесті ынталандыруға, көпшіліктің ынтасын оятуға, қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жеңілдетуге,  оларға өмірдің лайықты деңгейін қамтамасыз етуге болады? Қазақстандай кең байтақ елде ірі масштабты экономикалық реформалар сияқты, кез келген жаңа бастаманы іске асыру барысында қателіктерді болдыртпау қиын. Автор жүзеге асырылып жатқан реформалардың өзінің көрінуін, нарықтық қатынастарға өтудің әдістері, модельдері мен кезеңділігіне, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бойынша шаралары туралы, әлеуметтік мәселелердің шешуі туралы пікірі мен ұсыныстарын қарапайым түрде жеткізе білді. Сол кезеңнен көп уақыт өтті, алайда бұл маселелер әлі де көкейтесті, бұл қазіргі жағдайда осы экономикалық туындының қажеттігін куәландырады.

Алтыншы том
«Халық игілігі үшін»

   Алтыншы том танымал ғалымның, қоғам қайраткерінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Ресейлік Ломоносов атындағы Орденінің лауреаты, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор О.Сәбденнің шығармашылық жолының қалыптасуы мен өсуіне арналған.
   Кез келген шеберлік пен тәжірибелілік уақытымен келеді, ал табиғи дарынды Жаратушы әркімге бере бермейді. Мұндай сипаттарының талаптары онда бала кезінен анық байқалған. Мәселенің түбіне қарау, дәнді үйбидайықтан бөлу, жақын арадағы болашақ пен ұзақ мерзімге жоспарлауда приоритетті мәселелерді логикалық негізделген қатарға тұрғызу, бой бермес жігері, жанкештігі, қойылған мақсатқа жетуге талпынушылығы – мына осы Оразалыны көпшілік құрдастарынан өзгешелендіретін мінезінің ерекшеліктері, О.Сәбденнің адам және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен негізқалаушы факторлар.
   Тәрбиеленген, шындыққа, еңбек сүйгіштікке, мақсатқа талпынушылыққа, туған жеріне сүйіспеншілігіне үйретілген Оразалының туған үйі туралы достары жылы және шын жүректен лебіздерін білдірген. Кітап кейіпкерінің үлкен ғылымға кірудің, бірте-бірте осы жолдағы табиғи және жасанды тосқауылдардан асып, биік жетістіктерге жеткенінің қызықты көрінісі суреттелген, екі тілдегі кітап егеменді Қазақстанның қалыптасуына үлкен үлесін қосқан, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің және ҚР Парламентінің 4 шақырылымының депутаты ретіндегі оның қоғамдық әрекетін толығымен бейнелейді. Сонымен қатар оның Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Қазақстан ғалымдары одағының президенті қызметінде көпқырлы жігерлілігі көрсетілген.
Оразалы Сәбден туралы кітапта еліміздің қоғам қайраткерлерінің, ірі отандық ғалымдардың, С.Зиманов, А.Қошанов, А.Абдуллин сынды академиктердің, оның замандастарының және пікірлестерінің пікірлері келтірілген. Атап айтқанда, академик Зиманов Салық Зиманұлы О.Сәбденнің әрекетін сипаттай отырып, айта кеткені: «Оразалы Сәбденде қызметі мен міндеттеріне байсалды, жаукапкершілікпен қараудан бөлек, мобильді жұмысқа қабілеттілігі және жинақтылығы, оның негізінде мақсатқа жетудің мақсатқа талпынушылық жататын. Осыған менің бірнеше рет көзім жетті. Ол көбінесе жалпы, үйреншікті модельдерге сәйкеспейтін өзінің әрекеттері мен мінез-құлқымен мені елжірететін, және де таң қалдыратын. Оразалы Сәбден  туралы ірі ғалым-экономист және жоғары қабілетті, қуатты ұйымдастырушы ретіндегі менің мақтаулы елестеуім соңғы айлары және жылдары одан да күшейді. Ол Қазақстан егемендігінің құрылысындағы өте креативті және қажетті тұлға екенін есептей отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа өз пікірімді жеткізуді жөн көрдім».

Жетінші том
«Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын қаржы-несиелік реттеу: мәселелер мен болашағы»

   Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы өндіріске қаржылық шығындардың және максималды табысты алудың баланстану тұрғысынан өнеркәсіп кәсіпорындарды қаржы-несие ресурстарымен қамсыздандыру  мәселелерінің шешілуін көздейді, яғни қаржылық және өнеркәсіп капиталының мүдделері сәйкес келуі тиіс.
   Осы ғылыми еңбек екі жақтың, яғни өндірушілердің және қаржыгерлердің мүдделерін қанағаттандыратын компромистік шешімдерді ізденуге бағытталған. Кітапта қазбалармен айналыспайтын кәсіпорындардың қаржы-несиелік даму механизмі ұсынылып отыр,  оның жүзеге асырылуы экономиканың нақты секторына өзара тиімді шарттарда қаржы-несие ресурстарының ағымын жоғарылатуға көмектеседі. Осылайша қаржы-несие мекемелерінің мемлекеттік және жеке инвесторлар түріндегі инвестициялар реципиенттердің мүдделері ескерілді.
   Экономиканың нақты секторының кәсіпорын дамуының қаржы-несиелік механизмін құрастыруында өнеркәсіптік кәсіпорындар түріндегі инвестициялар реципиенттерінің ағымдағы жағдайын талдау, одан кейін олардың әрекеттерін реттеудің нақты қаржы-несиелік құралдарын қарастыруға өту көзделген. Экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдары ретінде авторлармен кәдімгі және қайтармалы гранттар, келісілген қарыздар қарастырылды, нақтырақ салықтық жеңілдіктер талданды. Коммерциялық банктердің несиелендіру мерзімдерін ұзартудың бастапқы шарттары ретінде депозитттік база және мемелекеттік кепілдіктер алынған.
   Кітапта автор несиелік тәуекелдерді сақтандыру мемелекеттік қорын құру қажеттігін құрастырмақшы және негіздемекші болған, қордың капиталын қалыптастыру және оны пайдаланудың бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілген. Экономиканың нақты секторын несиелендірудің түрі ретінде жобалық қаржыландыру қарастырылған, оның дамуы, трансұлттық деңгейінде өнеркәсіптік және қаржылық капиталдың қосылуына негіз болар еді. Қазақстан және Түркияның қаржылық-өнеркәсіптік топтары түріндегі экономикалық ынтымақтастығының мүмкін болатын бағыттары туралы қорытындылар құнды.
   Осыған орай кітап – мемлекеттік шенеуніктер, кәсіпкерлер, студенттер, ғылыми қызметкерлер үшін, кең ауқымды оқырмандарға қызықты болып табылады.


Сегізінші том
«Шағын кәсіпкерлік»

   Бұл кітапта автор кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздерін, кіші кәсіпкерлікті басқарудың жүйелі тәсілін, кіші кәсіпкерлікті басқарудың көпжақты тәсілдерін, кіші бизнесті құру және тіркеуді, кіші бизнесті стратегиялық басқару, кіші кәсіпкерлік нарықтық қатынастарды дамытудың тиімді түрі ретінде, кіші бизнестің дамуы көпкритерийлі бағалауын, кіші бизнестің жағымды экономика-құқықтық ортасын қалыптастырудың концепциясы қарастырылған.
   Ричард Контиллионның оқуынан бастап қазіргі заманғы авторлардың зерттеулеріне дейінгі кәсіпкерліктің даму эволюциясы көрсетілген. Жұмыста қазіргі заманғы сатыда Қазақстандық кәсіпкерлердің кездестіретін негізгі мәселелері танылады, кәсіпкерлікті тежейтін факторлардың жіктелуі жалған.
   S – корпорациясын  құру, мысалы Қазақстан үшін өте үлгі аларлық болады. Корпорацияның мұндай түрінің құрылуы кіші бизнеске шексіз салық салуды болдыртпауға мүмкіндік беретін және де кіші және орта бизнесті белсендірудің салықтық жеңілдік ретінде қолданылған болатын. Корпорацияның мұндай түрі туралы кітапта жақсы көрсетілген.
   Ұзақ бизнесті ынталандырудың салықтық шаралары бойынша көптеген жеке ұзақ салықтарды жоюды, салық салу заңдарында тікелей ықпал ету нормаларын орнатуды және салықтарды қаржылық жылдың ішінде алу тәртібі және т.б. ұсынылып отыр.
   Құрастырылған бірнеше модельдер беріледі: қызмет етіп отырған кәсіпорындардың моделі, ұсақ кәсіпкерлікте қамтылған құрылымдық модель, ұсақ кәсіпкерліктің қоғамдық өндіріске қосқан үлесін бағалау моделі, кіші кәсіпкерліктің приоритетті әрекетін бағалау моделі, кіші кәсіпкерлік әрекетінің қаржы-несиелік көрсеткіштерінің моделі.
   Бұл кітап шағын кәсіпкерлікті, ұсақ бизнесті және Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлікті зерттеу үшін оқу құралы болып табылады.

Тоғызыншы том
«ХХІ ғасырдың қарсаңындағы ауыспалы кезеңнің экономикалық саясаты»

   Егеменді Қазақстанның құрылуы, нарықтық қатынастарға өту, жаңа шарттарда жұмыс істеу тәжірибесінің және елді, аймақтарды, сондай-ақ жеке меншік өндірісті басқарудағы кәсіби кадрлардың жоқтығы халыққа түсінікті бола бермейтін болып келді, ақыр соңында біздің қазіргі қоғамымыздың ірге тасы болып шықты. Өмірдегі, ойлардағы, әрекеттердегі астан-кестен жағдайында Үкімет пен Парламент реформаларды жүргізе отырып экономиканы реттеуге, заңдарды қабылдауға тырысып бақты.
   Әрине, қателіктер мен кемшіліктер орын алды. Көбінесе бұның бәрі өз уақытысында экономикалық реформалардың, объективті мүмкіндіктерді әлеуметтік-экономикалық реформалаудағы бағыттардың мәнісін толығымен ұғынбаудың салдарынан болады.
   Экономикалық реформа қоғамдық келісімді, оңды жетістіктерді және өткен кезеңнің тенденцияларын сақтауды, мемлекеттік қауіпсіздікті және халықтың барлық топтарының құқығын және оның менталитетін қамсыздандырудың біртұтас жүйесін талап ететінін автор пайымдайды.
   Ресей және Қазақстан дамуының негізі, ең алдымен кедендік, төлемдік және валюталық одақтарда қызметтесу болып табылатыны, автордың 90-жылдардың басындағы айтқаны осы уақытқа дейін актуалды болып келеді.
   Мұнда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының меншікті моделін құру және іске асырудың уақытысы болғанына ден қойылып отыр, осыған орай автормен жаңа экономикалық саясаттың концептуалды негізі ұсынылды, оның басты мақсаты отандық тауар өндірушілерді, сонымен қатар ұсақ және орта бизнесті мемлекеттік қолдау болып табылады, бұл қазіргі уақытта да актуалды.
   Дамушы және дамыған нарықтың жағдайында экономиканың кадрлық қамсыздандырылуына ерекше мән беріліп отыр. Осыған орай нарықтық жағдайларда ғылымды және білім беруді дамытудың әдістері мен жолдары қарастырылған.
   Кітап «Қазақстан ХХІ ғасырда не істеу керек деген» бөлімімен аяқталады. Мұнда Қазақстан Республикасының дамуының  болжамы берілді және приоритеттері анықталды (саяси, экономикалық, әлеуметтік және заңнамалы), сонымен қатар елдің сыртқы нарыққа шығудың жолдары көрсетілген.

Оныншы том
«Ғылым. Білім беру. Нарықтық экономика»

   Осы том мазмұны бойынша өзара байланысқан және сонымен бірге өз бетінше үш кітаптан тұрады. (Олар тарау ретінде берілген).
   Бірінші тарауда автордың пайымдауынша: «Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың теңқұқылы мүшесі болуы үшін бірінші кезекте ғылымның және білім берудің дамуы үшін қамдану қажет». Бұл тезисті автор ғылымның және білім берудің беделі мен мәртебесін нақты қолдауын қорғай отырып (осыдан 16 жыл бұрын) 1994ж. құрастырған болатын. Дәл қазірдің өзінде, кризистен соң дамыған мемлекеттердің өзі осы тезисті мақұлдап отыр. Қазақстанда ғылыми техникалық прогресінің төмендеуінің салдарын талдай отырып, бұл көбінесе басқару әдістерінің кемшіліктерінен екенін дәлелдейді.
   Автор қоршаған ортаны сақтауды және Қазақстан экономикасында қазіргі заманғы техника мен технологияны қолдануды, құрастырылатын ғылыми-техникалық саясаттың экономикалық нарықтық құрылымына сәйкестігін және де инновацияларды ынталандырудың экономикалық тетіктері мен реттегіштерді дамуын жақтайды. Автор ғылыми зерттеулердің орталығын біртіндеп, асықпай университеттерге ауыстыруға, ал салалық ғылымды өндіріспен тығыз байланыстыра отырып дамытуды ұсынған. Автор ғалым мінезді бола отырып жеке шығармашылық бастамаларын қорғайды және де оларды бюрократиялық жүйенің жарлықтарымен және регламентациялармен басып тастауларға қарсы болады, ғылымның стагнациялануын және жаппай комерциялануын болдыртпауға тырысады. Ол үшін ғылымды басқарудың жаңа қағидалары, қаржыландырудың жаңа жолдарының концепциясы ұсынылды. Қазақстанда жағымды иновациялық жағдайды жасауға, консалтингтік және инжинирингтік қызметтердің нарығын құруға және де Республиканы экономикалық дағдарыстан шығаруға ықпал етуге қабілетті ғылымды басқарудың приоритетті бағыттары құрастырылды.
   Екінші тарау білім беру жүйесінің реформасына арналған. Автор Республиканың білім беру саласындағы негізгі мәселелерін анықтады, олардың ішінде ең маңыздысы білім беру беделінің төмендеуі және білім беру жүйесінің көлемді ғылымды, мысалы қайта өңдеу, машина жасау саласы сияқты т.б. қажет ететін бағыттары бойынша мамандарды дайындауға дайын еместігі аталған, бұның бәрі экономиканың шикізаттық бағытталуына әкелуде. Автордың бұл тезисін өз уақытында ескеру керек екендігін өмір дәлелдеді. Білім беру саласын және ғылымды реформалау бойынша барлық ұсыныстар әлемнің ең дамыған елдерінің шетелдік ғылыми жүйелерін және білім беру талдауына негізделген. Автордың идеялары, ұсынылған Ұлттық білім беру бағдарламасының негізіне енді, ол 15-20 жылға есептелді, яғни жаңа ойлау қабілетімен адамдарды дайындау, тең мүмкіндікті пайдалану қоғам моделіне өту.
   Үшінші тарау Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуына арналған. Экономиканың өткір дағдарысы сатысында автор одан шығу жолдарын іздеді, жекешелендіру нұсқалары туралы, кіші және орта бизнестің қалыптасуы, нарықтық экономиканың әлеуметтік аспектілері, қаржы секторының болашағы, экономиканы құрылымдық реформалау және ұлттық валютаны қолдау туралы ой жүгіртті. Алайда ол ұзақ және өтпелі кезеңін болжамдады.
   Қазіргі заман сатысында жөндеу өндірісін басқаруды жетілдіру және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерінің жаңа әдістерін қолдау, жоспарлау және жөндеу жұмыстарын нормалау әдістерін жетілдіру, оларды жүргізудің желілік графиктерін ендіру саласындағы авторлық зерттеулер көрсетілген. Барлық ұсыныстар мен пікірлер Қазақстанда ғылыми техникалық прогресті жылдамдатуға және өндірістік саланы модернизациялауға бағытталған. Осыдан 15-16 жыл бұрын айтылған бұл идея дәл қазір керек.
   Қорыта айтқанда 10-томдық «Экономика» атты таңдамалы еңбектері өз елінің  азаматының, қоғам қайраткерінің, ірі ғалым-экономист, ірі ғылым ұйымдастырушысының, бірқатар экономикалық мектептердің негізін қалаушысы Оразалы Сәбденнің Қазақстанда азаматтық қоғамның, әлеуметтік, инновациялық және интеллектуалды экономикасын қалыптасуына нақты позициясы болып табылады.
   Он томдық қазіргі таңда қажетті және егеменді Қазақстанның болашақ дамуында актуалды болып келетін, экономика бойынша теориялық, әдістемелік және тәжірибелік еңбектердің кешенді туындысы. Бұл автордың 40-жылдық еңбегінің нәтижесі, оның 37 авторлық ғылыми монографияларының және де 425 астам ғылыми басылымдарының жиынтығы деп білуге болады.

   А.Қ. Қошанов, ҚР ҰҒА аккдемигі
   Н.Ж. Бірімбетова, э.ғ.к., доцент

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту