20-01

Қастеевтің қасиетті шаңырағы

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің биыл 110 жылдық мерейтойы. Сол мерекенің бастамасы ретінде Алматыда суретшінің музей-үйі ашылды.

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің бастамасымен өткен  салтанатты шараға қала әкімдігі өкілдері, шебердің көзін көрген достары мен туған-туыстары түгел қатысты. «Бұл мәселе көптен айтылып жүр еді. Енді міне, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев мұражай-үйі жұмысын бастап, халыққа есігін айқара ашып жатыр. Сондықтан да, бұл күн барлық қазақ жұртшылығы үшін маңызды күн» деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәденимұра басқармасының бастығыБазарбай Алтаев.

Ол, сонымен қатар музей-үйдің саяхатшылар ат басын тірейтін қаламыздың маңызды мәдени ошағына айналуы үшін арнайы күзет қойып, көшені кеңейту мәселесі күн тәртібінде тұрғанын, бұл орайда билік тарапынан қолдау көрсетілетінін де атап өтті. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сабыр Мәмбеев: «Бүкіл өмірін қазақтың бейнелеу өнеріне арнаған майталманның қара шаңырағы құнды жәдігерлер сақталатын музейге айналып жатыр. Бұл – қазақ халқы үшін үлкен қуаныш. Әбілхан Қастеев жай суретші емес, үлкен талант. Тамаша туындыларымен талай елді таңғалдырып үлгерген Қастеевпен қазақ халқы мақтана алады. Екеуміз 20-30 жыл бірге жұмыс істеппіз. Осы жылдары оны жақсы танып, жақын араластым. Әбекең  өмірі тұрмыстың майда-шүйде ісіне араласып көрмепті. Өйткені оның есіл-дерті тек сурет еді. Еңбекқорлығы, бейнелеу өнерге деген сүйіспеншілігі керемет болатын. Жалпы, көңілі таза, жақсы адам еді» деп ескі жылдардан естелік айтты.

Мұражайға айналған бұл шаңырақта халық суретшісі 1958 жылдан 1973 жылға дейін тұрған. Шебер жұмыс істеген шағын шеберхана, онда қойылған танымал кескіндемелік және графикалық туындылар, оның сиқырлы суреттерді салуда пайдаланған бояулары, көрмеге қойылған фотосуреттер мен тұрмыста пайдаланған заттары өткен күннен сыр шертеді. «Музейдің ашылуына барынша күш салып, жәдігерлерді жинақтауға суретшінің қызы Гүлдария Қастеева көп көмектесті. Сондықтан да ол кісіге алғысымыз шексіз» дейді ұйымдастырушылар.

Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің бөлімшесі ретінде ашылып отырған бұл үйдің шебер мұрасын сақтап қалатын, оны насихаттайтын қасиетті қарашаңыраққа айналары сөзсіз.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің биыл 110 жылдық мерейтойы. Сол мерекенің бастамасы ретінде Алматыда суретшінің музей-үйі ашылды.

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің бастамасымен өткен  салтанатты шараға қала әкімдігі өкілдері, шебердің көзін көрген достары мен туған-туыстары түгел қатысты. «Бұл мәселе көптен айтылып жүр еді. Енді міне, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев мұражай-үйі жұмысын бастап, халыққа есігін айқара ашып жатыр. Сондықтан да, бұл күн барлық қазақ жұртшылығы үшін маңызды күн» деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәденимұра басқармасының бастығыБазарбай Алтаев. Ол, сонымен қатар музей-үйдің саяхатшылар ат басын тірейтін қаламыздың маңызды мәдени ошағына айналуы үшін арнайы күзет қойып, көшені кеңейту мәселесі күн тәртібінде тұрғанын, бұл орайда билік тарапынан қолдау көрсетілетінін де атап өтті. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сабыр Мәмбеев: «Бүкіл өмірін қазақтың бейнелеу өнеріне арнаған майталманның қара шаңырағы құнды жәдігерлер сақталатын музейге айналып жатыр. Бұл – қазақ халқы үшін үлкен қуаныш. Әбілхан Қастеев жай суретші емес, үлкен талант. Тамаша туындыларымен талай елді таңғалдырып үлгерген Қастеевпен қазақ халқы мақтана алады. Екеуміз 20-30 жыл бірге жұмыс істеппіз. Осы жылдары оны жақсы танып, жақын араластым. Әбекең  өмірі тұрмыстың майда-шүйде ісіне араласып көрмепті. Өйткені оның есіл-дерті тек сурет еді. Еңбекқорлығы, бейнелеу өнерге деген сүйіспеншілігі керемет болатын. Жалпы, көңілі таза, жақсы адам еді» деп ескі жылдардан естелік айтты.

Мұражайға айналған бұл шаңырақта халық суретшісі 1958 жылдан 1973 жылға дейін тұрған. Шебер жұмыс істеген шағын шеберхана, онда қойылған танымал кескіндемелік және графикалық туындылар, оның сиқырлы суреттерді салуда пайдаланған бояулары, көрмеге қойылған фотосуреттер мен тұрмыста пайдаланған заттары өткен күннен сыр шертеді. «Музейдің ашылуына барынша күш салып, жәдігерлерді жинақтауға суретшінің қызы Гүлдария Қастеева көп көмектесті. Сондықтан да ол кісіге алғысымыз шексіз» дейді ұйымдастырушылар.

Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің бөлімшесі ретінде ашылып отырған бұл үйдің шебер мұрасын сақтап қалатын, оны насихаттайтын қасиетті қарашаңыраққа айналары сөзсіз.

Материал http://www.aikyn.kz сайтынан алынған

Пікірлер  

# лаура 2016-01-28 14:34
Ә.Қастеевтің 110жылдық мерейтойына арналған сценарий бар болса жіберіңіздерші.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту