20-01

Санаулы ғалымның бірі еді

Бөкең – Болатжан марқұм өмірде ғалым ретінде қалыптасқан тұлға еді. Оның  өз еңбектеріне халқымыздың көне салт-дәстүрлерін арқау етіп алуы да тегін болмаған секілді. Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған көне салт-сана ұғымдарын жаңғырту ісіне бір кісідей еңбек етті.
Болатжанның менен 3-4 жас үлкендігі болатын. Біздің таныстығымыз сонау 80-жылдары басталды. Ол кезде мен баспа қызметкері едім. Горбачевтың «Қайта құру» заманы ғой. Басшымыз ауысып, жаңа келген  директор «сокращение» деген желеумен өз адамдарын жинай бастады. 

Болатжан Абылқасымов - С.Қасқабасов, Е. Турсынов сынды ғалымдардан кейін келген  М.Әуезов атындағы  Әдебиет және өнер институты қабырғасындағы қазақ фольклортану ғылымына  буын өкілі, ғалым, ұстаз еді. Бұл буын өкілдері Шәкір Ыбырай, Бақытжан Әзібаева, Ақселеу Сейдімбек сынды санаулы жандардан тұрады.

 Болатжан Абылқасымов- теориялық дайындығы  байыпты, тек фольклордың  белгілі  тақырыптармен ғана айналысқан, нақтылыққа құрылған зерттеу әдістерін меңгерген  сирек мамандардың бірі болатын. Мәселен оның толғау жанры жайлы еңбегі мамандардың арасында  бұрыннан таныс нысананы тосын  ұстаным тұрғыдан зерделегендіктен жақсы бағаланды. Жыраулар, ақындар , Шалгез, Қазтуған, Бұқар, Махамбет тәрізді тұлғалардың шығармашылығы хақында да, толғау жанры турасын да тікелей де жанама түрін де   бұрын аз айтылмаған. Ғылыми еңбектер де сөз зергерлерінің қолынан шыққан   төгілген , көркем стильдік бояулардан кенде болмайтын. Ал оның толғау туралы  қорғаған кандидаттық, кейін монография болып шыққан  жұмысы  қызыл сөз жоқ, нақты мысалдармен, теориялық қисындарға иек артып ауызша авторлық поэзияның  өзіне тән сипат заңдылықтарын  белгілі бір жанр арқылы көрсете алуымен ерекшеленетін. Бөкең өз саласындағы алдыңғы да, қатарластары да, кейінгі толқын арасында сыйлы еді. Бұндай құрметке ие болуы  бір жағынан   ғылыми   жұмыстарының салмақтылығын   мойындау болса, екінші жағынан оның жеке басының  тұрақты қасиеттеріне   байланысты . Себебі ол сол кездегі әдебиеттанушылар арасындағы  ешқандай топтың  сойылын соқпауында, айтыс-таласқа  қосылмауын да.  Респуликамыздағы әдебиет  мәселелерімен шұғылданатын бірегей ғылыми зерттеу инситутының  сол уақыттағы штабы сықылды жауапты, беделді   ғалым хатшы қызметінде ондаған жылдар  табан аудармай әртүрлі мінезді бірнеше басшымен  ортақ тіл тауып  жұмыс жасауы да Бөкеңнің  жеке басының қасиеті біртоға, өсек-әңгімеден бойын аулақ ұстайтын, аузына беріктігі болса керек.  Кейінірек  қан қысымы көтеріліп ауруханада жатқанда  көңілін сұрай барғанымда оның айтып қалған: «Мен денсаулығымды ғалым хатшы  болып жүрген уақытымда нашарлатып алыппын. Бір директорымыздың үстінен үш жүзден астам арыз түсіпті. Соларға жауап беру- менің жұмысым. Әр күні аудандық партия комитетіне шақырады. Әрине , мен бұл жағдайлардың бәрін жаймауым қажет.Ішіңе жиналғанды бүкпелеп, шығармай , бойыңда ұстасаң-өз жүрегіңе  ауыр жүк болатынын  кесел жабысқанда кеш түсіндік» деген сөзі ойымда қалыпты. Сонда Бөкеңнің қызмет атқарған  мекеменің құпиясын  қатаң  сақтап,  әкімшілік  міндетін  ұқыптылықпен   адал атқарған азамат екенін аңғарғандай болдым. Оның бойында  сырды аманаттай  көп шашпайтын  қасиет болатын, жалпы бұл -  мұсылманға тән жақсы ахлақтың қасиеттің  белгісі.

 Бөкеңмен жақынырақ араласқан кезім   1998 - 2001 жылдар аралығында  Түркістан қаласында  Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс жасап жүрген мезгіл. Сол  уақытта оқу орнында қазақ әдебиеті мен фолькортану мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациялық кеңес ашылды. Кеңес төрағасы- Рахманқұл Бердібай,  орынбасары - Мекемтас Мырзахметов. Кеңес құрамында университеттің  өз мамандары жетпейтін болғандықтан сырттан  мүшелер тартылды,  олар  ғылым докторлары-Алматыдан Шәкір Ыбырай,  Алматыдан Болатжан Абылқасымов, Астанадан Дандай Ысқақов, Қызылжардан  Темірғали  Есембеков , Ақтөбеден Әдебиет Молдаханов, Қызылордадан Бағдад Кәрбозов , Шымкенттен/марқұм/ Керімбек Сыздықов . Ғалым хатшы ретінде ұйымдастырушылық, құжат істерімен айналысам, оның ішінде  басқа қалалардан келетін мүшелерді шақырту, күтіп алу, қонақ үйге орналастыру, шығырып салу сынды  жұмыстар да менің  мойнымда болды. Осы кез Бөкеңнің кадр дайындауға үлкен төр төккені уақыт еді. Ол Түркістандағы кеңес мүшесі болумен   қатар Республикадағы Жоғары аттестациялық кеңестің сарапшысы болып , сол мерзімдегі әдебиеттану және фольклортану мамандықтары саласындағы  ғылыми атақтар мен дәрежелер алуға ұсынылған еңбектер мен  құжаттарды қолынан өткізді.Сонымен  Қырғызстандағы осы бағыттағы   диссертациялық кеңеске мүше ретінде  бауырлас елге  де көмегін тигізді. Ал негізгі қызметі Қазақ мемлекеттік қыздар педогикалық институтында декан бола жүріп , осындай қат қабат  жұмыстардың арасында Алматыдағы, Шымкенттегі, Талдықорғандағы, Өскемендегі жоғары оқу орындарында фолькортану пәні ,арнаулы курстардан дәрістер оқыды. Міне сол уақытта диссертациялық кеңестерге де, жоғары оқу орындары да профессор, ғылым докторларына деген сұраныс болды.

  1996 жылы доценттік атақ алу мақсатымен Жоғары аттестациялық кеңеске  құжаттарымды жібердім. Кейін мұнда  сараптауда Бөкеңнің  «оң батасынан» соң  доценттік атақ алу туралы шешім қабылданғанын білдім. 2000 жылы «Қазақ фольклорындығы жұмбақ жанры деген тақырыпта докторлық диссертация қорғанымда  ол бірінші ресми оппонентім  болып тағайындалды.  Марқұм  осы пікірін ауруханада жатып әзірлеген еді.2006  жылы күзде Бөкең  үйге телефон соқты. Өзінің Астанаға,  Гумилев атындағы  Еуроазия университетіне қызметке ауысып бара жатқанын, ертең таң ата  «Мерседесімен»жолға шығатынын айтты. Мен «ақжол» тіледім. Өзінің  докторлық диссертация қорғайтын  шәкірті жайлы сөз қозғады, себебі мен оған ресми оппонент едім. Бұның бәрін - Бөкеңнің  елімізде жоғары оқу орындарында және одан биік сатыдағы ғылыми-педогикалық маман  дайындау сынды жауапкершілігі мол істердің бел ортасында жүргендігін көрсетеді.

  Шамшәдин Керім Нұр – Мүбарак университетінің проректоры, профессор.

Нағыз ғалым

Бөкең – Болатжан марқұм өмірде ғалым ретінде қалыптасқан тұлға еді. Оның  өз еңбектеріне халқымыздың көне салт-дәстүрлерін арқау етіп алуы да тегін болмаған секілді. Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған көне салт-сана ұғымдарын жаңғырту ісіне бір кісідей еңбек етті.

Болатжанның менен 3-4 жас үлкендігі болатын. Біздің таныстығымыз сонау 80-жылдары басталды. Ол кезде мен баспа қызметкері едім. Горбачевтың «Қайта құру» заманы ғой. Басшымыз ауысып, жаңа келген  директор «сокращение» деген желеумен өз адамдарын жинай бастады.     

 Осы кезде Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер  институты бос орынға конкурс жариялады. Сол жайында мен институттың ғалым-хатшысына жолықтым. Ұзын бойлы, ақ бура шашты жігіт Болатжан болатын. Сол мекемеге ауысып, ғылымның ауылына жақындамақ ниетпен  құжаттарымды конкурсқа дайындап, Болатжанға өткізген едім.  

Кейін қоғам өзгеріп, ғылым өгейлене бастады. Сол кезде Болатжан тілші С.Исаев басқаратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына қызметке ауысып, филология факультетіне декан болды. С.Исаев институтты елімізде болып жатқан қиын кезеңде басқарса да, білім сапасын биік ұстады.   Кейін Болатжан кафедра басқарды. Осы кездері С.Негимов екеумізді жұмысқа тартып, 5-6 жыл қатар дәріс бердік, аспиранттарға жетекшілік жасадық. Менің өнертану саласы бойынша профессор деген атағым  болатын. Болатжанның тұсында филология  профессоры деген екінші ЖАК құжатына да ие болдым. Әр кезеңнің өз «қайта құрулары» болады емес пе. Кейін ол институтта тұрақтап қала алмай, Астанаға жұмыс ауыстырған-ды.   

Болатжанның жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктері көп болатын. Соның бірі – шахмат ойыны. Ол шахматты бір кісідей ойнайтын. Институт көлемінде болып тұратын шахмат жарыстарына да қатысып жүрді. Бір жылы екеуміз алдыңғы орындарға қатар шығып, жеке сайыс үстінде кездестік. Ол менен басым түсіп, ұтып кетті. Мінезге де, логикалық ойға да бай жігіт болатын.

Менбас редакторы болған жылдары Болатжанды «Қазақ және әлем әдебиеті» журналына редколлегия мүшесі етіп сайладық. Өмірінің соңғы жылдары отбасында қайғылы жағдайлар жиі болды. Алатаудай әкесі, артынан сүйікті қызы кетті өмірден. Осы екі жағдайға байланысты редакция атынан көңіл айтулар бастық. Ол да ризашылығын айтып жүрді.

Болатжан екеуміз М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы докторлық кеңестің мүшесі ретінде де жиі кездесіп, талай банкеттерде бірге болып жүрдік. Банкет сайын сөз сөйлеу шаршатты деп, кейде бас жағында болып, аяғына қарамай кетіп қалатын. Біз екеуміз Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті мен Ғылым академиясы жанындағы  филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беретін докторлық кеңестке де мүше едік. Оппонент ретінде барып та тұратынбыз.   

Болатжан Астанаға ауыспағанда әлі де ортамызда жүре берер ме еді, кім білген? Орта жастан асқан соң жер ауыстыруға болмайды деп жатушы еді, соның да әсері болды ма дейміз. Екінші жағынан,  талай жыл қызмет істеген, бір мекемеге еңбегі сіңген кісіні шетқақпайлата берген соң да адам жылы орнынан қозғалуға мәжбүр болады емес пе.

Болатжан Абылқасымов - қазақ фольклористерінің кейінгі толқын өкілдерінің бірі. Оның өзі арамыздан ерте кетсе де, жарқын бейнесі, еңбектері мен ғылыми ой-толғамдары бізбен бірге. 

Тынысбек Қоңыратбай,

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту