Мақалалар

«…Сүйінбай ақын – өмірі ат жалында өткен ереуілді заманның хас батырларын көзімен көріп қана қоймай, өзі де сол батыр туған бағлан ұлдардың бірі ретінде Қоқан шапқыншыларына … »
Көшім Есмағамбетов,
тарих ғылымының докторы, профессор
11-Қыркүйек, 2014   Білім, дін, Біртүйер, Тіл   1,426 рет оқылды
Алдымен сөзді Би-ағаңның қиын тағдырынан бастайық. Қолда бар құжаттарға сүйенсек, ол былайша өрбиді. 1937 жылы қазан айында Бейімбет Майлинді НКВД органдары «ұлтшыл контрреволюционер» деген жаламен тұтқынға алады. Қазақстан КП (б) Алматы қалалық комитетінің бюросы Майлин Бейімбет Жармағанбетұлын «халық жауы» деп айыптап, партиядан шығарады. Оның №1559793 партия билетінің күші жойылады.

алел Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл

Кездейсоқтықты қойсайшы?! Кейде оның үлкен істің бас­талуына түрткі болатыны бар. Бұдан дәл қырық үш жыл бұрын Миялы селосындағы Сарман Ғапуриннің үйінің төрінде жеке-дара ілулі тұрған кескіндеме сурет менің назарымды өзіне ерекше аударды. Қарттың өзінен сұрауға реті келмеді де, балаларынан сыр тартып көріп едім, олар:

1919 жылдың қоңыр күзінде Колчактың қуғынынан бой тасалауға мәжбүр болған Сәкен тез арада Ақмоладан кетіп, Кеңес өкіметі орныққан Түркістанға жетуге асықты. Елсіз, сусыз безерген Бетпақдаланы кезу машақаты көп әрі қауіпті болатын. Міне, осындай қиын-қыстау шақта оған жаны ашитын, сыр шашпайтын адал адамдар қажет болды. Олар Сәкеннің Түркістанға қандай мақсатпен бара жатқанына түсіністікпен қарай алатын, көзі ашық азаматтар болуы тиіс еді.

«…Жидебай Қожаназарұлы (1713-1815) – қазақ халқының даңқты әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, асқақ Абылайдың сенімді серігі, жауқарақ басы, пікірлес досы әрі биі.

Кеңес өкіметі қазақтарға дербестік беріп, ұлттық мемлекет құруы қазақтың оқыған терең білімді зиялыларының тегеурінді іс-қимыл әрекетінің әсерінен болды. Ондай білімді жүздеген қазақ жастары патшалық Ресейдің оқу орындарынан алды, ол бұратана халықтарға білім беруге мүдделі болып оқытқанының көрінісі. Қажеттілігіне қарай білім алуы үшін әдейі стипендия төледі. Онысы құзыретті қызметкерлердің қарауымен шешілді.
Осы орайда деректі құжаттарға сүйеніп екі мысалды келтіремін.

Жыр тұйғыны Таңжарықтың (1903-1947) тұлғасы сан қырлы. Ол – композитор, сахнагер, араб-парсы, қытай өркениетін терең меңгерген білімдар ақын, ұлттық поэзияның жауһарларын ғажайып әсем дауысымен құлпырта жырлаған майталман жыршы, орындаушы, халық санасын оятқан саяси оқу-ағарту, мәдениет, әдебиет саласын жандандырған жалын жүректі күрескер.

…Міржақып Дулатұлы қаламынан туған сондай бір сөз-шақпақ азаматтың намыс отын тұтатып, қайраттандырғанын сөзіміздің тиісті тарауында айтқан едік. Қазақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегенді бекер айтпаған ғой. Шын ақын сөзі ұрпақтармен бірге жасасып, олардың қайғы-мұңын қозғап, жалпы көңіл күйін шертетінін үлкенді-кішілі жиындарда айтылған сөздерден, олардың тыңдаушыға әсерінен көріп, куәгер болып жүрміз…

Көп ізденіс жасап, зерттеу жүргізіп, Қажымұқанның күрес жайындағы өмірін тың деректермен толықтырған марқұм Әлімқұл Бүркітбаев еді. Қажекеңнің үш медалін, белдігін, қол сандығын, тағы басқа құнды заттарын іздеп тауып Қазақстанға алып келді. Ресейдегі шаң астында қалған мұрағаттарды қопарып, оны орын-орнына келтіріп, хроникалық ережесін сақтап, Қажекеңді білетін тірі жүрген азаматтармен кездесіп, сол кездегі күрестері қайда, қай жылы болды, неше рет әлем батыры (чемпионы) аталғанын жазған да Әлекең еді.