Құдышев Омарғали

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қазақ баспасөзінің тарланы еді...

Өмірдерек:

Туған жылы - 1912 жылғы желтоқсан.

Қызмет істеген баспасөз орындары: «Жұмысшы» (Лениногор қаласы), «Қызыл сақшы» (Алматы), «Екпінді» (Семей), «Қызыл семсер», «Боевой путь» (майдандық газеттер), «Үгітші блокноты» - «Блокнот агитатора», «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан мұғалімі» - «Учитель Казахстана», «Жаңа өмір» (Алматы), «Қызыл ту» (Павлодар), «Қазақ КСР Жогарғы Кеңесі мен Үкіметінің ведомстволары», «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» - «Сельское хозяйство Казахстана», «Жаңа фильм» - «Новый фильм», «Біздің Отан» - «Наша Родина» (Алматы), Қазақстан журналистер Одағының жауапты хатшысы. Жоғарыда аталған «Үгітші блокноты» - «Блокнот агитатора» журналының «Қазақстан мұғалімі» - «Учитель Казахстана», «Жаңа өмір», «Қызыл ту» газеттерінің «Қазақ КСР жоғарғы кеңесі мен Үкіметі ведомстволарының» бас редакторы болған.

Отанға сіңірген еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз», I және II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, грамоталармен марапатталған. Қазақстанға ерекше еңбегі сіңген зейнеткер болды.

1     1991  жылы тамыз айында дүние салды.

Өткен ғасырдың 30-90 жылдарындағы қазақ баспасөзі тарландарының бірі - Омарғали Құдышұлы. Ол кісі 1956 жылы Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетіне редактор болып келгенде мен сол редакцияда әдеби қызметкер едім. Бұрынғы редакторымыз, кейіннен Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармашылыққа кобірек мүмкіндік алу үшін «Социалистік Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі қызметіне ауысқан-ды.

Омекең келісімен әрбір қызметкермен жеке-жеке сойлесті, жазған материалын тікелей өзі қарап, әркімнің шығармашылық мүмкіндігін айқындады. Редакңияның кейбір қызметкерлерінің материал жазуда, қорытуда қарадүрсінділігі жиі кездесетін. Редактор содан шығудың жолын іздестірді. Редакция хатшылығына (секретариатына) бөлімдерден түскен материалдарды әдеби жағынан өңдеумен шүғылданатын әдеби хатшы лауазымын енгізіп, бұл міндетті атқаратын қызметкер редколлегия (алқа) мүшесі болып бекітілді.

50-жылдардың орта шенінде Ертістің Павлодарға қарайтын өңірінде машина жасау, алюминий, мүнай айдау, ферроқорытпа зауыттарының, аймақтық әлектр станциясының қүрылыстары, Екібастүзда көмір ондіру, тың және тыңайған жерлерді игеру кеңінен өрістеген қауырт кезең еді. Облыс әкономикасын жан-жақты корсету, оның келелі проблемаларын котеру, еңбек адамдарының озық тәжірибелерін, үтымды жүмыс тәсілдерін тарату - газеттің басты тақырыптарына айналды. Осының бәріне газет редакторы ұйытқы болатын. О.Қүдышев облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық Кеңестің депутаты ретінде түрлі мәжілістер мен жиындарға жиі қатысатын. Оралысымен редакция қызметкерлерінің басын косып, соған байланысты газеттің бағытын, ізін суытпай жазатын материалдардың тақырыптарын белгілейтін.

Сол жылдары «Қызыл ту» газетінің беттерінен «Берекелі гектар үшін» деген айдар жиі кездесетін. Осыны Омекең ойлап тапқан-ды. Алғашқыда бір материалдың бас такырыбы болды да, кейіннен түрақты айдарға айналған. Осы айдар бойынша қатардағы диқандар, агрономдар, ауыл шаруашылығының басқа да мамандары мен шаруашылық басшылары сөз алып, әр гектардың берекелі болуын қамтамасыз етер ойларын, пікірлерін ортаға салып отырды. Осы айдар газет бетінде алпысыншы жылдардың орта шеніне дейін сақталып келді.

Көптеген баспасөз орындарында істеп, әбден ысылған, мол тәжірибе жинақтаган О.Қүдытгтев қандай материалды болсын жыға танитын, жанрлардың табигатын жете білетін. Кейбір басшылар қатарындагы қызметкерлер көбінесе басмақала жазумен шектелсе, Омекең жанр атаулының бәріне қалам тартатын. Бір гажабы, материалды әпсетте-ақ жазып тастайтын. Жазганы әрдайым тартымды да сапалы болып шыгушы еді.

О.Құдышев жайында «Қызыл ту» газетінде бөлім меңгерушісі болган  Әбдеш Баймұрзин «Жақсыдан ғибрат» деген естелігінде былай деп жазған: «Ардақты аға, ауқымды журналист әрі ұстаз Омарғали Құдышевпен оның қол астында, бір шатырдың астында дегендей, алты жылға жуьқ қызмет істедім. Ол кісі бізге өте қадірлі болды. Әменде жатық сөйлейтін. Бір нәрсені орындай алмасаң, яки толымсыз тындырсаң өзіне шақырып алып, өреміз жетпегендіктен немесе апыл-ғұпыл жазып, бір қайнауы ішінде шалағай материал ұсынғанда кемшілігіңді дәл де әділ көрсетіп, ақыл айтып, кеңес беретін. Өмірі қабақ шытпайтын. Отырған орнынан тұрып кетіп, кабинетте әрлі-берлі жүріп, күліп-ап: «айтқаным дұрыс па, келістік пе, достым» деп жайлап шығарып салатын» («Қызыл Ту», 21.12.1982 ж.).

Сол бір жылдары О.Құдышевтың тікелей ықпалымен редакцияда газет материалдарының тілін ұстартуға, әдеби жағынан шұрайлануына, мазмұнының баюына, пәрменділігін арттыруға деген талпыныс күшейе түсті. Жергілікті органдармен, авторлармен, тілшілермен байланыс нығайды. Редакция жанынан «Әдеби Павлодар» атты әдебиет бірлестігі ұйымдастырылып, онда талапкерлердің жазғандары оқтың-оқтың талқыланатын. Бұған сол кезде редакцияда қызмет атқарган белгілі ақындар Әбдікәрім Ахметов, Төлеужан Ысмайылов, Мүбәрак Жаманбалинов, Күлән Шілдебаева, Илияс Оспанов, Қажымиден Айтжанов, Боранғали Ырзабаев, жас жазушылар Рамазан Тоқтаров, Көкеш Әміржанов және басқа да талапкерлер белсене қатысатын. «Әдеби Павлодар» атты қолжазба журнал шығып тұрды.

Редактордың кабинетінде кәрі де, жас та жазған әңгімелерін, шығарған өлеңдерін оқып, әншілер мен күйшілер, сазгерлер өнерлерін көрсететін. Халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов, атақты өнер саңлағы, әнші Байғабыл Жылқыбаев және басқалары редакцияға жиі-жиі соғып жүруші еді. Сонымен қатар редакция қызметкерлерінің Павлодардағы оқу орындарының педагогтарымен бірге көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, концерттер қойысуы, облыстық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, қазақ тіліне оқырмандар конференцияларын өткізуі дәстүрге айналған-ды.

Қазақ тілі демекші, тоталитарлық жүйе дәуірлеп түрған сол кезде, қазақтар саны мейлінше аз облыста қазақ тілінің мәртебесін көтеруге батылдықпен сөз айтқан сол Омарғали Құдышұлы болатын. Бірде газет бетінде Павлодар қалалық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы мен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасарын, өздері қазақ бола тұра, ана тілін менсінбейтіндігі үшін қатты сын тезіне алғаны есімізде. Кейін олар облыстағы беделді адам О.Құдышевқа телефон соғып, кешірім сұрапты.

О.Құдышев редактор ретінде ұйымдастырушы ғана емес, нағыз тәрбиеші де бола білді. Қаламы ұшқыр дарынды жастарды, кейбір қателіктеріне қарамастан қолдап, демеп, оларға қамқорлық жасап жүрді. Ақын Төлеужан Ысмайыловтың дарынын бағалаған, Рамазан Тоқтаровты шетел тілдері институтын бітіріп, шалғай аудандағы бір мектепке француз тілінен сабақ беруге кетіп бара жатқан жерінен редакцияға алып қалған, сөйтіп кейін оның белгілі жазушы болып қалыптасуына септігін тигізген осы Омекең еді. «Қызыл Ту» газетінің меншікті тілшісі болған ақын Мубарак Жаманбалиновтың, майталман журналистер Айтжан Бәжелхановтың, Хисамиден Сыздықовтың, Мүқаметжан Дәуренбековтың, Төлеубек Қоңыровтың, Боранғали Ырзабаевтың (ол бірнеше жыл бойы «Социалистік Қазақстанның» бір облыстағы меншікті тілшісі болған) және басқалардың О.Қүдышевтан алған тағылымы мол.

Өз басым «Қызыл туда» әдеби қызметкерліктен кейін әдеби хатшы, мәдениет және тұрмыс, насихат және үгіт болімдерінің меңгерушісі болдым. Тың өлкесі құрылып, онда ашылатын өлкелік қазақ газетіне қызметкер сұрағанда Омекең мені ұсыныпты. Онда әуелі бөлім меңгерушісі, кейіннен бас редактордың бірінші орынбасары міндеттерін атқардым. Содан Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясының журналистика секциясының аспирантурасында оқу мүмкіндігі туды. Диссертация қорғап, ғылыми дәреже алғаннан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің баспасөз секторында нұсқаушы, Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімшесінің деканы болдым. Менің журналистік жолымда тағдыр Омарғали Құдышұлы сынды майталманды ұстаз еткеніне ризамын. Жас жағынан жиырма жылдай айырмашылық болуына қарамастан, ұстаз бен шәкірттің қарым- қатынасы қалтқысыз сыйластыққа, айнымас достыққа айналды.

Қоғамдық ғылымдар академиясына түскеннен кейін ұстазыма хат жазғанмын. Не жазғаным есімде қалмапты. Көп ұзамай ұстазымнан жауап хат келіпті. Онда былай делінген:

«Зейнолла!  Мәскеуге барғаннан кейінгі жазған тұңғыш хатыңды алып оқып, өте қуанып қалдық. Сөз жоқ, өте жақсы, дәмді хат, достың досқа жазатын хаты. Целиноградтағы жолдастар жақсы шығарып салған екен. Шәкіртінің мақтаулы болғанын ұстазының да іші жек көрмейді ғой! Төбеміз көкке тигендей болып қалды. Әрине, оқу, оқу, оның бер жағында ғалым болу оңай емес. «Инемен құдық қазғандай» деп бекерге айтылмаған ғой...

Сәлеммен Омарғали 7.10.1965 ж. Алматы».

Міне, үстазының шәкіртіне деген ілтипаты. і Омекең жайында әңгіме болғанда сол кезде бір сапта болған, қазір / арамызда жоқ Жылқыайдар Қарпықов, Хасанат Ысқақов, К|рімүхан

Бекбергенов, Ғаббас Әміров, Ғалымжан Макашев, Төлеутай Құлмағамбетов, Әділбек Жұмаділденов сияқты ағалар, достар еске түседі.

Біз О.Құдышевтың туғанына 100 жыл толуына орай оның бір газеттегі қызметіне ғана қысқаша тоқталдық. Сонымен бірге ол саяси әдебиеттер мен көркем шығармаларды қазақ тіліне аударған майталман аудармашы да болды. Уақыт алыстаған сайын бірге қызметтес болғандар, жалпы оны бөлетіндер Омарғали Қүдытневты құрметпен еске алатыны шүбәсіз.

Зейнолла ӘЙТІМҰЛЫ, Қазақстан журналистер одағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы,

Алматы.

Content 2
Content 3

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту