Қалихан Ысқақ

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының, Жамбыл  атындағы  халықаралық  әдеби  сыйлығының, Ғ. Мүсірепов  атындағы  әдеби  сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері, С. Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан университетінің  құрметті  профессоры, Аякөз, Қатонқарағай  аудандарының  құрметті  азаматы.

1935 жылы  14 наурызда  Шығыс  Қазақстан  облысы, Қатонқарағай  ауданының  Топқайың  ауылында  туған. Жеті  жылдық  мектепті  осы  ауылда, орта  мектепті  Үлкен  Нарын  ауданының  Жұлдыз  ауылында  бітірген. 1952 жылы  Қазақтың  С.М.Киров  атындағы  Мемлекеттік  университетінің  филология  факултетінің  журналистика  бөліміне  түсіп, 1957 жылы  аяқтап  шықты. «Лениншіл  жас», «Қазақ  әдебиеті», «Халық  конгресі» газеттерінде, «Мәдениет  және тұрмыс», «Парасат» журналдарында  он  бес  жыл  қызмет  істеді. Мәскеудегі  екі  жылдық  ценаристер  мен  режиссерлердің  жоғарғы  курсын  бітірген  соң  сегіз  жыл  Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм» киностудиясында  үшінші  творчестволық  бірлестікті  басқарды. 1972 – 1995 жылдары  Қазақстан  Жазушылар Одағында  әдеби  кеңесшінің  қызметін  атқарды. 1998 жылдан  Қазақстан  М. Әуезов атындағы  Мемлекеттік  академиялық  драма  театрында әдебиет  бөлімін  басқарып, «Жұлдыз» журналында  проза  бөлімін  басқарып  жүр.

Проза  жанрында  жазушының  коптеген  әңгіме, повестер  жинақтары, жеке  романдары  жарық  корді: «Дос  хикаясы», «Менің  ағаларым», «Бұқтырма  сарыны», «Қоңыр  күз  еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая  роща», «Кедры  высокие», «Жарық  дүние», «Ақсу -  Жер жаннаты», таңдамалы  шығармаларының  бес  томдығы. Жазушының  жекелеген  повесть, әңгімелер  жинақтары, романдары  орыс  тіліне  аударылып, «Советский  писатель», «Художественная  литература»  баспаларында  басылып  шықты. Кейбір  таңдамалы  шығармалары  тәжік, өзбек, қырғыз, татар, башқорт, украйн, шешен, болғар, чех, словен  тілдерінде  аударылды.

«Ақсу – Жер жаннаты» романы 1992 жылы  егеменді  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Мемлекеттік   сыйлығын алды.

Ысқақ  Қалихан  драматургия  жанрында  да  жиырмадан  астам  еңбек  берді. Солардың  барлығы  да  Республикалық , облыстық  театрлардың  сахнасына  шықты. Басты – бастылары : «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының  тұқымдары», «Қараша  қаздар  қайтқанда», «Таңғы  жаңғырық», «Ерліктің  екі  сағаты», «Приказ  остается  в  силе», «Двое  в  степи», «Революция  сарбазы», «Кемпір  іздеп  жүр  едік», «Мазар», «Мен  әлі  көрсетемін», «Опора с  подпоркой», «Көктемнің  салқын  кезі  еді», «Құрымбай, Желдібай  Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер  қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау  сынды  алыбым» . Автор «Есеней –Ұлпан» пьесасы  үшін  Ғ. Мүсірепов  атындағы, «Алатау  сынды  алыбым» пьесасы  үшін  Жамбыл  атындағы  халықаралық  әдеби  сыйлықтың  лауреаты  атанды.

Ысқақ  Қалихан  кинодраматургия  саласында  да  біраз  туындылар  берді.Оның  сценариі  бойынша  жасалған  толық  метражды  көркем  фильмдер: «Сарша  тамыз», «Ұшы – қиырсыз  жол», «Күзет  бастығы», «Қараша  қаздар  қайтқанда» бүкілодақтық  экранға  шықты.

Ысқақ  Қалихан  аудармашы  ретінде  де  көпке  танымал. Орыс  әдебиетінің  классиктері  Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, А. Чеховтің, А. Куприннің, И.Буниннің әңгіме, повестері  қазақ  тілінде  Қ. Ысқақтың  аудармасында  жарық  көрген.

Әдеби  сын, театр  сыны, эссе  жанрында, публицистика, саяси - әлеуметтік  тақырыпта  да  Қ.Ысқақаов   жүзден  астам  мақала  очерктер  жариялады.

Қ.Ысқақ  қазақ  әдебиетін  дамытудағы  еңбегі  үшін  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумның  Құрмет  Грамотасымен, «Парасат» орденімен, медальдармен  марапатталған. Шығыс  Қазақстан  Қатонқарағай, Аякөз  аудандарының  құрметті  азаматы. Шығыс  Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің  құрметті  профессоры.

Отбасы: жұбайы - Сқақова Дәметкен Акбарқызы, ұлдары - Абылай, Әлихан, қызы - Самал және алты немересі бар.

iskak1-285x193
iskak2-285x197
iskak3-285x201
iskak4-285x411
iskak5-285x188
iskak6-285x207
iskak7-285x383

Пікірлер  

# Райгуль 2016-01-27 10:45
Мен тұлғаларды санатқа бөлу тәртібін түсінбедім. Қалихан Ысқақты неліктен әдебиет емес, мәдениет санатына қостыңыздар?
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# aisana 2016-01-27 10:43
почему так мало?*(
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ЖуМаБеК 2016-01-27 10:42
Достар Қалихан Ысқақ туралы болса тағы да қосыңдаршы!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# саяжан 2016-01-27 10:41
рррраааааххххмеееееетттт
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Жаналиева Ақерке 2016-01-27 10:41
Мен Қалихан Ысқақтың “Қоңыр күз еді...” атты шығармасын оқыдым.Шығармада маған күз бейнесін суреттеген сөздер ұнады. Содан соң ішінде Алтынның бейнесі ұнады.Рахмет сізге Қалихан ата.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Тельман Казакбаев 2016-01-27 10:40
РахМЕт!!!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# dako 2016-01-27 10:40
kiskalau birak raxmet
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Aidano4ka 2016-01-27 10:39
Спасибо очень ясно и коротко как и хотелось конечно по казахкому языку нужно было и нашлось большое сппасибо всем за эту ссылку очень полезная ссылка
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Мырзахан Жақсыгали 2016-01-27 10:37
неге соншама аз****Қалихан ысқақтың абайлардан қай жери кем
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# макпал 2016-01-27 10:33
рахмет! коныр куз еди деген шыгарма оте кызыкты 7 сынып адебиетинде окуга кенес беремин!
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Назарханов Мейірімхан 2016-01-27 10:32
tamasha zhazyshy
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Базарбай Оксана 2016-01-27 10:31
НЕГЕ АЗ Қалихан Ысқақ жайлы қоссаңыздаршы
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Әлімхан Нұраханов 2016-01-27 10:30
өй сендер уикипедияха кырып корсендерш будан 10 есе коп!!)))
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Бек 2016-01-27 10:30
Қалихан бағаның қазақ драматургиясына, театр өнеріне қосқан үлесі орасан.Бұл ретте ол кісі заңғар классиктер қатарында.Сол себепті де Өскеменде ашылатын жаңа драма театрына Қалихан ағаның атын берсе,ол кісіге қойылған үлкен ескерткіш болар еді.Бұл пікірді қолдайтындар көп деп ойлаймын.
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Айнура 2016-01-27 10:29
рахмет, материал көп көмегін тигізді
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Ако 2016-01-27 10:29
Басқада шығармалары бар ма?Мысалға:”Дос хикаясы”,”Ақсу-Жер-Жаннаты” осылар
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# Eldar Alpisbai 2016-01-27 10:28
Рахмет брак кыска да нуска
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз
# ezeqaleqe 2016-01-27 10:28
Diflucan For Sale Online Canadian Pharmacy Online Drugstore http://lasixwithoutprescriptionfurosemide.net/
Жауап беру | Дәйкесөзмен жауап беру | Дәйексөз

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту