Қабышұлы Ғаббас

ДерекнамаМақалаларСуреттер

Қабышұлы Ғаббас 1935-жылы көкек айының 9-ы күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1956-жылы орта мектепті тәмәмдап, облыстық «Алтай большевигі» гәзетінің редакциясына жұмысқа орналасты. Шәкірт кезінде гәзетке өлең, хабар жазып тұрған (ол гәзет бүгінде «Дидар» деп аталады). Редакцияның жауапты хатшылығынан 1966-жылы «Қазақ әдебиеті» гәзетінің редакциясына (Алматы) әдеби қызметкер болып ауысты. Сын бөлімінің меңгерушісі болып жүргенінде Жазушылар одағы басқармасының  шешімімен КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімінің директоры (1973 – 1983 ж.), ҚКП Орталық комитеті бюросының шешімімен «Ара-Шмель» жорналының Бас редакторы (1983 – 1987ж.) болды. Одан кейін:  Жазушылар одағы құзырында Көркем аударма алқасының төрағасы; Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы. Соңғы жұмысынан 1996-жылы зейнеткерлікке шықты («Қазақстанға еңбегі сіңген зейнеткер»).

1949 - 1963-жылдары комсомол, 1963 - 1991-жылдары компартия мүшесі. 1959-жылдан Жорналшылар одағында, 1974-жылдан Жазушылар одағында мүше.

Ең алғашқы әдеби еңбегі – «Ізғұтты Батыр» өлеңі 1953-жылы облыстық «Алтай большевигі» гәзетінде жарияланып, одан беріде очерк, өлең, әңгіме, хикаят жинақтарының 16-сы жарық көрді. Әдеби аудармасы – 5 кітап (украин әдебиетінің классигі Остап Вишняның фельетон-әңгімелер жинағы, - «Бал шіркін тәтті ғой»;  әлемге танымал түрік қаламгер Әзиз Несиннің әңгімелері («Әңгіме оқи отырыңыз») және «Футбол королі» романы; молдова  әзіл-сықақшысы Аурелиу Бусуйоктың хикаялары, - «Менің париждік нағашым»; серб әдебиетінің классигі Бранислав Нушичтің әзіл-сықақ әңгімелер жинағы, - «Министрдің торайы» деп аталған ).

Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Әди Шәріпов, Сағат Әшімбаев, Хакім Тілегенұлы (Михаил Иванович) Есенәлиев, Әнуар Әлімжанов жайында естелік кітаптар құрастырып шығарды.

«Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Қазақстан», «Дат», «Жас қазақ», «Ана тілі», «Жас қазақ үні», «Қазақ», «Үш қоңыр», «Жұмадағы жүздесу», «Діл», «Халық үні», «Айқын» гәзеттерінің, «Жұлдыз», «Жалын», «Таң-Шолпан» жорналдарының белсенді тілшісі.

Мақалары негізінен сын сипатты. Тақырыптары: тіл, дін, әдебиет, жастар тәрбиесі, саясат, қоғамның хал-ахуалы, т. б.  

Халықаралық әдеби «Алаш» силығының иегері. Қазақстанның Құрметті жорналшысы. «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» силығының иегері.

012-285x202
dsc01685-285x190
dsc01687-285x190
img_7691-285x387
moldagaliev-285x190

Пікір білдіру

Security code
Жаңарту